Кенесары мен Ермұқан Бекмахановтың арманы қазаққа «Аманат» боп жетті

Кенесары мен Ермұқан Бекмахановтың арманы қазаққа «Аманат» боп жетті

Қазақ тарихының аманатын бүгінге жеткізген, аманатқа қиянат жасамай жеткізуге тырысқан тұлғалар аз емес бізде. Шыбын жаны, қасық қаны қалғанша күресіп, ақиқат пен ар жолында өздерін құрбан еткен тұлғалардың бірегейі, тарихшы, ғалым, қайраткер Ермұхан Бекмаханов. Азаттыққа қолымыз жеткелі, шүкір дейік, Бекмахановтай тұлғаның есімімен мақтанамыз. Иә, бір кездері әр қазақ өз зиялысының атын атауға қорқатын. Ал қазіргі кезде біз біртуар тұлғаларымыз туралы том-том кітап та жаза аламыз, фильм де түсіреміз. Күні кеше белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың Ермұхан Бекмахановтың өнегелі өмірін баяндайтын «Аманат» фильмі жарық көрді. «Амантты» «Алаш айнасының» тілшілері де көріп қайтқан еді.

Фильмнің желісі бірнеше тарихи кезеңдерді қамтыған: XIX ғасырдың орта тұсы – Кенесары ханның тәуелсіздік жолындағы күресі, XX ғасырдың ортасы және 60-жылдардың соңы. «Аманат» көркем туынды болса да тарихи шындыққа сүйеніп түсірілгендіктен көрерменге ерекше әсер қалдырды.

Фильмдегі Кенесарының бейнесі арқылы нағыз дала сұлтанына тән өрлікті, ерлікті көрдік. Кеңес билігі Кенесарыны баскесер дала қарақшысы ретінде сипаттап, оның есімін тарихтан өшіргісі келгенімен оның рухы өлген жоқ. Фильмдегегі Кенесары туралы сюжетте хан «Біздің көршілес жатқан елдердің әрқайсысының өз шындығы бар. Ал мен үшін шындық біреу. Бұл менің даламның азаттығы» деген рухты сөздер айтады. Кенесары ханның рөлін белгілі актер Санжар Мәдиев шебер ойнады.
Кенесары хан өмір сүрген дәуір қазақтың басына нәубет төнген кезең еді. Ата-бабасынан мирас болып қалған ұлы даланы азат етуге барын салған хан батыр жан-жақтан ентелеген жаудан еш тайсалмады.
Фильмде даланы қан сасытқан қырғынның арасында аман қалып, қарындасын арқалап жүрген жас баланың бейнесі бар. Бұл арқасына аманат арқалап жүрген қазақ халқының бейнесіндей.
Фильмнің кеңесшісі тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиевтің айтуынша, 1950-жылдардағы Бемахановтың қудалануы — жалпы ұлттың қасіреті болды. Фильмде Воронежде айдауда болған Алаш қайраткері Халел Досмұхамедовтің сол қалада оқып жүрген қазақ студенті Ермұқан Бекмахановпен кездесіп, әңгімелесу барысында оған Кенесары бастаған көтерілістің шындығын ашуды аманат ретінде тапсыруы және сол аманатты орындау жолындағы Е.Бекмахановтың 1946-1954 жж аралығындағы қуаныш пен қайғыға толы өмірі мен қызметі тарихи тұрғыдан суреттеледі. Фильмдегі басты рөлді сомдаған Берік Айтжановтың кәсібіи шеберлігі айқындала түсті.
Біз тарихи тұлғалардың қайраткерлігін, еңбегін түрлі зерттеушілерден естіп біліп жатамыз. Ал «Аманат» көркем фильмінде Ермұқан Бекмахановтың жарқын адами бейнесі ерекше ашылған.
Ұлы ғалымның сымбатты келбеті, махаббаты, рухани әлемі, отбасы, мінезі фильмде шынайы көрсетілуінің себебі Ермұхан ағаның жары Халима Бекмаханованың көркем туындыға қосқан үлесі деуге болады.
Режиссер Сатыбалды Нарымбетов осы бір фильмді түсіруге ұзақ дайындалғанын, соңғы бес жылда ғана толыққанды қолға алғанын айтады.
Сатыбалды Нарымбетов, режиссер: – Мен «Аманат» фильмін түсіруге ұзақ дайындалдым. 60 жылдардан бері Халима апаймен таныспын. Ол кісі маған анамдай болып кетті. Тарих – ұлттың айнасы. Мен Бекмахановтың еңбектерімен танысқаннан кейін қазақ тарихына деген көзқарасым өзгерді. Қазақ тарихының жанашыры, қайраткер тұлғаның еңбектерін ұзақ зерттедім. Ермұхан Бекмсаханов секілді тұлғалардың өмір жолы қазіргі ұрпаққа өнеге болуы тиіс. Осы мақсатта мен ол кісінің адами бейнесін көрсетуге тырыстым. Халима апай мен Ермұхан ағаның арасындағы мөлдір махаббатты, адалдықты әдемі сезімді көрсеткім келді. Біртуар тұлға Ермұхан Бекмахановқа адал жар болып, оның басына іс түскенде қолдау көрсете білген Халима апайдың ерлігі жайында айтып тауысу мүмкін емес. Отбасындағы береке мен тыныштық, кіршіксіз сезім Ермұхан ағаны рухтандырды, қанаттандырды, қандай жағдайда да өмірдің қатал сынында сынбауға арқау болды.
Халима Бекмаханова, Ермұхан Бекмахановтың жұбайы: – Фильмді көрген кезде менің көз алдымнан Ермұханмен бірге өткен 20 жыл өмірім сырғып өте шықты. Қарлығаш менің сол кездегі сезімімді, жан күйзелісімді де, қуаныш пен шаттығымда да жеткізе білді. Қазір менің жасым 90-ға келді. Аллаға шүкір, мен бақытты әйелмін. Мен өмірде қандай қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерсем де ешқашан өмірге деген құлшынысым өшкен емес, өмірге ғашықпын. Өйткені мен өзімнің жарым Ермұханды қатты сүйдім, сыйладым, оның әрбір айтқан сөзін құштарлықпен тыңдаушы едім. Екеуміздің жұбайлық өміріміз аса ұзаққа созылмаса да өте мазмұнды өмір сүрдік. «Аманат» фильмінде Ермұханның бейнесі өте шынай суреттелген. Өйткені ол расында да келбетті адам еді. Мына басты рөлдегі Берік балам расында Ермұханға ұқсайды екен. Алла тағала оған тек дарын, білім беріп қана қоймай, сымбатты келбет те сыйлаған. Ол әдемі қыздарды ерекше жақсы көретін. Бірақ біздің арамызда ешқашан бір-бірімізге деген жөнсіз қызғаныш болған емес. Оның жаны өте нәзік адам еді, музыканы, киноны жақсы көретін. Мен тіпті омыраудағы баламды құшақтап онымен бірге киноға баратынбыз, кеңес кезінде шаққан бір де бір киноны жібермеуші едік. Мен Сатыбалдыға ризамын, фильмге қатысқан актерлерге алғысым шексіз.

Фильмге арқау болған 60 жылдарда дарынды журналист Рамазан Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған зерттеулері үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тоталитарлық жүйенің құрбаны, алаш арысы Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен еңбегі туралы ізденіп, зерттеулер жасайды. Яғни, фильм тарих ақиқаты қашанда ашылатынына, тарихи ұлы тұлғалардың есімі мәңгі өшпейтініне көзімізді жеткізе түседі.

«Аманат» фильміне түскен актерлердің барлығы дерлік сәтті таңдалғандай көрінді бізге. Басты рөлдердегі Ермұхан Бекмаханов пен Халима Бакмахзанованың рөлдерін ойнаған Берік Айтжанов пен Қарлығаш Мұхаметжанованы айтпағанда КГБ қызметкері Бучиннің ролін ойнаған Әзиз Бейшеналиевтің актерлік шеберлігін атап өтпеске болмайды. Фильмді көріп отырғанда Бейшенәлиевтің кейіпкері Бучинге қарап, сол кездегі бүкіл кеңес билігіне, тоталитарлық жүйеге деген ашуың келіп, өне-бойыңды ыза кернейді. Жазықсыз жандардың наласына қалған сталиндік жүйенің жантүршігерлік саясатының сарқыншағы қанша жыл өтсе де талай жанға мехнат тартқызғаны шындық.
Алматыда өткен «Аманат» фильмінің көрсетілімінен кейін киносыншылар мен журналистер, қарапайым көрермендер өздерінің алғашқы әсерлерімен бөлісіп жатты. Фильм көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл туынды қазақтың аяулы перзенттерінің бірі Ермұхан Бекмахановқа қойылған ескерткіш.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста