«Келіннің» режиссері Бейбарыс сұлтан жайлы кітап шығарды

«Келіннің» режиссері Бейбарыс сұлтан жайлы кітап шығарды

Осыған дейін «Мұстафа Шоқай», «Құрақ көрпе», «Әбілқайыр хан» секілді біршама фильмдердің сценарийін жазған кинодраматург, ал «Келін» фильмін тіпті «Оскарға» ұсынған белгілі режиссер Ермек Тұрсынов енді роман жазып шықты.

Алғаш араб тілінде Арабия мен Сирияда басылып шыққан кітаптың араға екі жыл салып өз елімізде тұсауы кесілді. Киногерлер, жазушы, ақын, т.б. Алашқа әйгілі тұлғалар түгел қатысқан бұл жиын «Достық» қонақүйінің Алатау залында өрбіді.

Мұрат ӘУЕЗОВ, мәдениеттанушы-ғалым:
– Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» романы – әдебиетіміз, рухани өміріміздің үлкен олжасы. Кітап қыпшақтан шығып, көптеген дін өкілдерінің бас тоғыстырған жері Мысырда сұлтан болған ірі тұлға хақында. Ермек жолаушы ретінде сол дәуірге саяхат жасаған. Романда тек араб не түріктер емес, қытай философиясы, сондай-ақ христиандардың ғажайып дүниелері келтірілген. Мен өзім шығыстанушы ретінде тарихи жағынан кітапта ешбір мін жоқ деп табамын. Ал енді көркемдік жағынан, жалпы, әдебиетімізге өте қажет дүние. Ермек – өзі осы уақытқа дейін «Мұстафа Шоқай», «Құрақ көрпе» сынды көптеген киносценарийлер жазған режиссер. Киноның әдебиетке әсері жайлы біз осы уақытқа дейін армандап қана келсек, бүгін еш күмәнсіз киноның әдебиетке әсері өте нәтижелі деп айта аламыз.

Герольд БЕЛЬГЕР, жазушы:
– Кітап менің қолыма осыдан екі жыл бұрын түсті. Мұқабасынан бастап, қағазы да, суреттері, тіпті әріптеріне дейін ерекше, бұрын-соңды болмаған кітап. Ермек Тұрсыновтың өзі де Алматыда небәрі үш-ақ ай тұрған, қалған уақытының бәрін ел аралап, сонау Араб елдерінде, Египетте, Қытайда, әлемнің әр түкпірінде өткізген. Демек, ол осы кітапта суреттеп отырған халықтарды терең зерттеген, сол қоғамға терең сіңген. Туындының тағы бір ерекшелігі мұнда Алланың әмірімен көктен түскен қасиетті кітаптар Құран сөзі, Інжіл сөзі, неше түрлі пәлсапалық ойлар қабысып, үндестік тапқан. Авторды көпшілігіңіз «Келін» фильмінің режиссері деп танисыздар. Бүгін тұсауы кесіліп отырған «Мәмлүктің» сол «Келін» секілді қарсы дау туғызатынына сөз жоқ. Бірақ егер бұл роман киноға айналса, түбінде мақтаулы кино болатынына сенімім мол.

Қай істі болса да, өз маманы жасағаны, сондай-ақ өз маманының сынағаны орынды. «Мәмлүк» жайлы әдебиетімізде айтарлықтай орны бар жазушыларымыздың осындай жылы пікір білдіруі жайдан-жай емес шығар. Сондай-ақ осы жолы тұсаукесерге алыстан арнайы ат сабылтып келген бір сыйлы қонақ болды. Ол осыған дейін «Моңғол» сынды туынды түсіру арқылы Қазақстанға тұңғыш «Оскар» сыйлығының «Шет тіліндегі ең үздік кино» номинациясын алып берген ресейлік дарынды режиссер Сергей Бодров еді. Ресейлік режиссердің Мәскеуден ұшақпен арнайы келуінің ең басты себебі таяу болашақта осы туындыны киноға айналдыруды өз мойнына алғандығында болса керек.

Сергей БОДРОВ, кинорежиссер:
– О бастан-ақ бұл – киноға лайықтап жазылған роман. Кино – сөз жоқ, құдіретті құрал. Дегенмен ол – тез ұмытылатын өнер, ал кітап – мәңгіге қалатын ескерткіш. Қаншама фильмдер түсіріледі, бірақ соның ішінде санаулылары ғана классикаға айналып, өміршеңдікке ие болады, ал қалғаны... Кітап өз оқырманын бүгін таппаса, қашан оқырманын тапқанша күте алады. Ал Ермектің кітабы оқырманын көп күтпей, бүгіннің өзінен-ақ табады деп сенем. Бұған оның ішкі мазмұнымен қатар сыртқы бейнесі де ерекше әсер ете алады. Ал киноны, әрине, біз барынша жақсы етіп жасауға тырысамыз.

Елімізде деректі фильм жасауда ардагер болып үлгерген Игорь Гнопольскийдің жаңа бір туындысына кейіпкер болуға жарағанына қарағанда, Ермек Тұрсынов, шынында, қазақ өнері мен әдебиетіне белгілі бір дәрежеде еңбек сіңіргені ғой. Жиында жұрттың барлығын сөйлетіп барып соңында өзі сөз алған автор ойын былайша түйіндеді:

dsc_0476

Ермек ТҰРСЫНОВ, автор:
– Негізі, мен өмірімде үш тұлғаға арнап көркем дүние жасауды мақсат еткенмін. Оның бірі – Мұстафа Шоқай, екіншісі – сұлтан Бейбарыс болса, үшіншісі – әл-Фараби. Мұстафа Шоқай туралы режиссер Сатыбалды Нарымбетов аға екеуміздің туындымызды көрдіңіздер. Бүгін, міне, сұлтан Бейбарыс жайлы еңбек қолдарыңызда. Енді бұйырса, әл-Фарабиге де осындай бір дүние арнармын. Неге осы үш тұлға дегенге келсек, оларды ортақтастыратын бір нәрсе – үшеуіне де туған елден бір уыс топырақ бұйырмай, сүйектері жырақта жатқандығында. Бәлкім, осы үш тұлғаны түгендесем, қазаққа тиген пайдам сол болар дегенім шығар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста