Казактар да қазақша үйренуде

Казактар да қазақша үйренуде

Әртүрлі тілдің пайда болуына себеп болған Бабыл (Вавилон) мұнарасы туралы аңыздан өзгеше үлгі алуға болатын сияқты. Аңыз бойынша, әлемді топан су басқан соң Алла тағала жер жүзіне тек бір тілде ғана сөйлейтін қауым жаратады екен. Інжілде жазылғандай, әлгі қауым Тигр мен Ефрат өзендерінің төменгі ағысына жақын орналасқан Сенаар деген жерге жиналып, «аспанмен астасқан мұнара тұрғызып, атымызды тарихта мәңгі қалдырайық» деген ниетпен мұнара сала бастайды. Алайда олардың бұл ойлары Аллаға әсте ұнамайды. Себебі бұл жетістіктері түбінде тәкаппарлық секілді жиіркенішті қасиет тудыратынын білетін Алла олардың қолға алған істерін аяқсыз қалдыруды жөн санап, әлгі қауымның тілін бір-бірін түсінбейтін әртүрлі тілге ауыстырып тастайды. Содан әр тілде сөйлеп кеткен халық бір-бірін түсінбей, тіл табыса алмай, тірліктерінде бірлік болмай, қолға алған істері соңына жетпей қалады. Міне, тілдің «құдіреті» деген осы болса керек.
Ал біздің айтпағымыз, өздеріңіз аңыз­дан байқағандай, жұрттың бірлігі тілде екен. Бір тілде сөйлеген қауымның өрге тасы домалап, алмайтын қамалы бол­май­тынын осы аңыздан-ақ аңғару қиын емес. Ендеше, түсіністік те, келісім де, бейбітшілік те бір тілдің айналасында топтасады деуге болады. Олай болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халық Ассам­блея­сы съезінде «Мемлекеттік тіл – ол ха­лық бір­лігінің негізгі факторы» деуінде аса үлкен мән бар екені хақ. Осы үшін де «Мен мем­ле­кеттік тілде сөйлейтін және бәрі мені түсіне­тін кезді армандаймын!» деді емес пе?.. Олай болатын болса, бүгінде Елбасы­ның асқақ арманына жету үшін халық Ассамблеясы, еліміздегі ұлттардың этномә­дени орталықтары қандай шаралар атқару­да, нендей үлес қосуда? Осыны білгіміз ке­ліп, елордамызда тұрып жатқан бірнеше ұлттың қоғамдық бірлестігіне хабарласқан едік.
 Тарас ЧЕРНЕГА, Астанадағы «Ватра» украин қоғамының төрағасы:
– Біз министрліктің қаржыландыруымен «Украин жаңалықтары» деген газет шы­ғарып отырмыз. Негізі, елімізде мемлекет қаржыландыратын, әртүрлі тілде шығатын осындай алтыға жуық газет бар. Бұл ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімнің өркен жайғанын айғақтайды. Осындай жағдай жасап отырған Елбасыға алғысы­мыз шексіз. Әрине, бұл жақсылықтың да қайтарымы болуы тиіс. Біз сондықтан да қазақ тілінің дамуына, мемлекеттік тіл тұғырына көтеруге үлесімізді қосуымыз керек. Мәселен, Германияда жүріп неміс тілін білмеу деген ақылға сыймайтын дүние. Сондықтан да «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында» 2020 жылға дейін халықтың 95 пайызы мемлекеттік тілде сөйлеу керек» деген тапсырмасы толықтай негізді. Біз, яғни ұлттық мәдени орталықтар мен біздер шығарып отырған газеттер осыған атсалысуға әрекет етеміз. Мәселен, біздің газет бірнеше жыл болды аптасына бір рет арнайы айдар арнап, қазақ тілін үйрету сабақтарын жүргізіп тұрады. Көп газетте мұндай айдарлар жоқ. Тағы бір мақтанатын дүниемізді айтайын, осыдан бірнеше жыл бұрын біздің редакцияда тұңғыш рет украин-қазақ тілашары жасалып, басылып шықты. Бұл да мемлекеттік тілді дамытуға өзіндік үлес қосқанын жасырмаймыз. Сондай-ақ елі­міз­де мемлекеттік тілді үйрету орталықтары бар. Өткен жылы этномәдени орталық­тар­дың жетекшілері сол жерге барып тіл үйрен­дік. Көбіміз сертификат алдық. Сол кезде бізбен бірге «Алеф» еврейлік мәде­ни-ағарту қоғамдық-саяси қоғамының төр­ағасы, журналист Моисей Гольдберг те тіл үйреніп жүрді. Сертификат та алды. Айтпағым, сол Моисей Михайлович – 85 жаста. Бұл жастағылар көбіне қазақ тілін үйрену мәселесіне атүсті қарайтыны белгілі. Бірақ Моисей мырза өзгеге үлгі боларлық осы әрекетімен қазақ тілін дамытуға зор үлес қосатынына сенімдімін.
Геннадий ШИШКИН, «Дала өлкесі казактар одағы» қоғамдық бірлестігінің атаманы:
– Бірлестігімізде қазақ тілін оқыту са­бақтары өтіп тұрады. Мемлекеттік тілді үйренуге талпыныс бар. Әрине, бәріміз қазақ тілінде сөйлеп кеттік деп айта алмай­мын. Бірақ қандай жағдай болмасын, біз Қазақ мемлекетін, тілін сыйлауымыз керек. Қазақ тілін үйренуге екпін түсіру орыс тілді тұрғындар үшін қиынға соғуда. Десек те, үйренуін үйренеміз. Өзіміздің қоғамдық бірлестіктегі бір қызымыз қазақша үйреніп, енді өзі де қазақ тілінен сабақ беретіндей дәрежеге жетті. Нәтижені осыдан-ақ көруге болады. Біз Мемлекет басшысының тілге қатысты саясатын толықтай қолдаймыз. Кей­біреулер мемлекеттің қазақ тілге қатыс­ты саясатын мәжбүрлеу деп түсінеді. Мә­селен, Германияға барған адамдар лагерь­де жатып тіл үйренеді. Өйткені ол міндетті түр­де неміс тілін білуі тиіс. Ал неге біз Қа­зақстанда тұрып қазақ тілін білмеуіміз керек?
Александр КИМ, Қазақстан корейлері қауымдастығының Астаналық филиалының төрағасы:
– Бізде аптасына екі рет тегін қазақ тілін оқыту сабақтары өтеді. Қазақ тілін білудің артықшылығы жайында түсіндірме жұмыс­тары жүреді.
Елена РОГОВСКАЯ, «Поляки» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
– Астанадағы халықтар Ассамблея­сы­ның жанынан тегін қазақ тілін үйрету курс­та­ры ашылған. Барлық ұлттық этномәдени ор­талықтарының жетекшілері сол жерде қа­зақ тілін үйренеді. Аптасына екі рет өтеді. Қо­ғамдық бірлестіктегі адамдарымыз сол жер­ден үйреніп жатады. Негізінен, бізде көбі жастар болғандықтан, олар мектепте, уни­верситетте жүріп, қазақ тілінде сөйлеуді үй­ренеді. Сондықтан да анау айтқандай, тілге қатысты проблема аса туындай қой­майды. Бірақ қазақ тілін үйрету жұмыстары дұрыс жолға қойылған. Барлық жағдай жасалған, кел де үйрен дейміз. Себебі баршамызға қазақша білу – парыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста