Кәсіби мерекені олжалы қарсы алып отырмыз

Кәсіби мерекені олжалы қарсы алып отырмыз

«Алаш айнасы» газетінің жарық көре бастағанына ертең, яғни журналистердің кәсіби мерекесі күні, артық-кемі жоқ бес ай толады. Қаңтардың 28-і газетіміздің оқырманымен тұңғыш қауышқан күні болатын. Сондықтан да бұл жолы кәсіби мерекенің жөні бөлек болып тұр.

Кеше Алматыда Қазақстанның Жур­налистер одағы қоғамның өткір мәселелерін талқылап, өзекті ой ай­тып жүрген бір топ БАҚ өкілдерін дип­ломмен және арнайы сыйлық­тар­мен марапаттады. Осы жолы көп жылдан бері ақпарат майданының қас-қағым сәттерін қалт жібермей, баспасөз бетін сапалы бейнелермен көркемдеп жүрген, ұлтжанды фототілші, «Алаш айнасы» газетінің қызметкері Нұрғиса Елеубеков «Қазақстан-ZAMAN» ха­лық­­ара­лық газетінің Рахымбай Ха­на­лы атындағы сыйлығын жеңіп алды. Бұдан біраз бұрын әріптесіміз Алмат Исәділ «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының арнайы дипломы мен сыйлығына ие болған­ды­ғын да атап өткеніміз жөн. Газетіміз­дің жартыжылдығына тұспа-тұс келіп отырған мерекеде астаналық тілшілер де олжалы болды. Астана бюросы журналистерінің барлығы дерлік түрлі марапатқа лайық деп танылды. Атап айтқанда, заң шығару қызметін жазып көрсетуде белсенді атсалысып келе жатқаны үшін газетіміздің Астана фи­лиа­лының жетекшісі Жандос Бәдел­ұлы, елдің қоғамдық-саяси өмірін ха­лыққа жеткізуде Бүркіт Нұрасыл, бас­пасөздегі жемісті еңбегі үшін Салтан Сәкен арнайы марапатқа ие болды. Ал Мұрат Алмасбекұлының қанжыға­сында екі бірдей олжа бар: біріншісі ана тіліміздің абыройын асқақтатып, қалың оқырманға кеңінен насихаттағаны үшін Мемлекеттік тілді дамыту прези­денттік қорының Алғыс хаты болса, екін­шісі – Қазақстан баспасөзінің да­муы­на қосқан үлесін ескере отырып, Жур­налистер ода­­ғы табыс еткен Құр­мет грамотасы.
Біз әріптестерімізді жеткен жетіс­тік­терімен құттықтап, шығармашылық та­быс, қияға самғар талмас қанат тілейміз!
Қаламын қару еткен журналистер әр­қашан қо­ғамдағы қордаланған мәселе­лерді көтерумен, аза­маттарға елде және әлемде болып жатқан түрлі оқиғаларды жеткізумен талмай еңбектеніп келеді. «Біз ақпарат майданында жебелі найзасымен арпалысып жүрген әріптестеріміздің ең­бегін баға­лап, оларға бүгінгі жүлделерді табыс еткелі отыр­мыз. Бұл сыйлықтарымыз олардың әрі қарай шың­далып, Қазақстан­ның ақпарат алаңын кеңейтуіне серпін береді деп ойлаймыз», – дейді Қазақстан Журналистер одағының президенті Сейіт­қазы Ма­таев. Биыл республика көлемінде өткен шығар­машылық байқауда топ жарған журналистер он аталым бойынша ма­рапатталды. Олардың қата­рында ай­мақ­тан бақ сынап, бәйге иеленген қалам иелері де бар. Соның ішінде қазақ тілі, қазақ мәде­ниеті тақырыбына қалам тар­тып жүрген, осы дода­да «ізденіс мате­риа­лы» аталымын жеңіп алған «Огни Алатау» газеті бас редакторының орын­ба­сары Атсалим Едиговтың есімін атап кетуге бола­ды. «Мен қазақ ортасында өскендіктен маған осы ұлттың тарихы, тілі аса қымбат. Кейбір өзге ұлттың өкілдері «Қазақстан – менің екінші отаным» дейді, бұл дұрыс емес. Адам қай жерде туып-өсті, сол жерді Отаны санауы қажет. Қазақстандағы бар­лық азаматтар ұлтына, дініне қарамастан қазақ тілін дамытуға үлес қосуы керек. Менің осы еңбегімді бағалап жатқан азаматтарға айтар алғысым шек­сіз», – дейді ол. Сондай-ақ осы байқау бойынша Қазақстан Журналистер одағының 50 жылдығына орай 16 тілшіге «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы берілсе, бірне­ше БАҚ ұжымына арнайы диплом табыс етілді.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 2009 жылғы иегерлері:
1. Насибжон Амонбоев – Қазақ­стан­дағы «Азаттық радиосының» тәжік қыз­метінің тілшісі;
2. Вадим Васильченко – «Интер­факс-Қазақстан» ақпарат агенттігінің аста­налық тілшілер қосынының меңгерушісі;
3. Қарлығаш Бисалиева – «Хабар-Жер» бағдарламасының продюсері;
4. Бейбітбек Бүркітбайұлы – «Қазақ­стан – ZAMAN» газетінің тілшісі;
5. Таңатар Дәрелов – «Серпер» Құр­манғазы аудандық газетінің редакторы;
6. Сапа Мекебаев – «Время» газетінің шолушысы;
7. Бекен Қайратұлы – «Астана ақ­ша­мы» газетінің бөлім меңгерушісі;
8. Дилярам Аркин – ҚазТаг халық­аралық ақпарат агенттігінің тілшісі;
9. Александра Мыскина – «Караван» газетінің жаңалықтар қызметінің меңге­рушісі;
10. Атсалим Едигов – «Огни Алатау» га­зеті бас редакторының бірінші орын­басары;
11. Әлипа Өтешева – «Бәйтерек» жур­­налындағы «Қазақ тілі сабақтары» мате­риалдар топтамасының авторы;
12. Данияр Әшімбаев, Виталий Хлю­­пин – «Қазақстан: билік тарихы. Қайта құ­растыру тәжірибесі» кітабының автор­лары;
13. Евгений Дробязко – «КТК» теле­арнасының Оңтүстік Қазақстан облысын­дағы тілшісі;
14. Күлімхан Хасенова, Қанат Есе­на­манов – «МИР» телеарнасының бас редак­торы және бас режиссеры;
15. Николай Постников, Бақыт Қайыр­­беков – «Ішкі көзқарас: Қазақстан фото­граф пен ақынның көзімен» атты фото­альбомды жасақтаушылар;
16. Бақтияр Тайжан – «Егемен Қазақ­стан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі;
17.  Юрий Лифинцев – «Казахстанская правда» газетінің спорт шолушысы;
18. Асқар Әукенов – «Панорама» га­зеті бас редакторының орынбасары;
19. Қонысбек Ботбай – «ҚазАқпарат» баспа корпорациясының президенті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста