Әнші әлеуметтік желіге ұятты суреттерін мүлде жүктемейтін болыпты.
Қазақстандық әнші Луинаның Артеммен отбасы құрғанына 4 ай болып қалды. Осы уақыт аралығында отбасылық өмір Луинаға қалай әсер етті? Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазады.
Әнші әлеуметтік желіге ұятты суреттерін мүлде жүктемейтін болыпты. Бұрын оның Instagram-парақшасының 80%-ы купальникте түскен суреттер болса, қазір келіншек болған соң, артық әңгімеге жол бермеуге тырысатыны байқалады.
Луинаның айтуынша, жаман әдеттерінен арылып, мағыналы кештерге жиі баратын болыпты.
"Тұрмысқа шыққаннан соң, өмірім өзгерді ме? Әриииинеее! Түске дейін ұйықтаймын! Не жегім келеді, соны жеймін! Қалағанымның бәрін ала аламын! Киетін киімімді ақылдасып отырамын! Ішуді қойдым! Құрбыларыммен көп кездесе бермеймін!
Керемет өзгеріс! Әр қызға осындай бақыт тілеймін!», - деп ағынан жарылды Луина.