Айгүл Иманбаева мен Нұрлан Абдуллин "ұсталып" қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жүктеп, Нұрлан Абдуллиннің бетін сүйіп жатқан сәтін көрсеткен. Иманбаеваның өзі ұсталдық деп мойындап, әбден қалжыңдаған.
"Мәссаған, ұсталып қалдым ғой. Қалыңыз қалай, Нұреке?" - дейді өнер иесі бейнежазбада.
Мұны көрген жұрт басында түсініңкіремей қалған. Желідегілер өнер жұлдыздарын қосып, күлкіге қарық болды. Олар жарыса пікір жазған. Ойын ортаға салғандардың ішінде Сәуіржан Құдайберген есімді азамат бар. Ол Нұрлан Абдуллин мен Айгүл Иманбаеваны ғашықтарға теңеп, жұлдыздарға өлең арнаған.
"Иіскеп сүйеді екен ғашығындай,
Аймалап алады екен асылындай
Ғашықтар ашық сүйген айып емес,
Тығылып қаранғыда жасырынбай", - дейді Сәуіржан Құдайберген.