Алпысыншы жылдары қазақ эстрадасына үлкен құбылыс болып енген мемлекеттік «Гүлдер» ансамбліне биыл 40 жыл толыпты. Осыған орай қарашаның 25-інде Республика сарайында «Гүлдердің» құрылғанынан бүгінгі күнге дейінгі барлық көзі тірі әртістердің қатысуымен үлкен концерт өтпек.
Атап айтқанда, Роза Рымбаева, Қапаш Құлышева, Қайрат Байбосынов, Сара Тыныштығұловалар сынды өнер тарландарынан бастап, бүгінгі жас өнерпаздар Жұбаныш Жексенұлы, Бейбіт Қорған және «Азия» тобы түгел атсалысатын бұл концерт «Жыл мезгілдері» дап аталатын 4 бөлімнен құралмақ.Сондай-ақ бағдарламаға «Гүлдер» ансамблі балетінің орындауында «16 қыз», «Мирас», «Тамшылар» деп аталатын жаңа хореографиялық қойылымдар енгелі отыр. Сондай-ақ ансамбль солистері 60, 70 және 80-жылдардағы репертуарларындағы сағыныш әндерін орындайды.
«Гүлдер» жайлы толығырақ ақпарат берілетін материалды газетіміздің алдағы сандарынан оқисыздар.