"Громовтар" сериалының сценариін жамбылдық жігіт жазған...

"Громовтар" сериалының сценариін жамбылдық жігіт жазған...

Сценарист Бақыт Қилыбаев бүгінде мәскеуліктерді мойындатып қана қоймай бүкіл ТМД аумағындағы елдерге де танымал тұлғаға айналды. Ең алғаш «Дамир + Дина» атты кинофильмнің сценарийін жазып біраз кәсіби мамандардың ыстық ықыласына бөленген ол бертін келе «Громовтар» атты телесериалы арқылы тіпті аты аспандап кетті. Оның жазған сценариі бойынша түсірілген фильмдер Ресейде бірден-ақ танымал киноға айналады. Тіпті Бақыттың сценариі бойынша түсірілген жобаларды ғана қызыға тамашалайтындар саны жыл жылжыған сайын арта түсуде. Расында атақты телесериалдың авторы кім? Бақыт Қилыбаевтың негізгі шыққан түбі Жамбыл облысы Жуалы ауданы. Әкесі осы ауданда туып өскен. 

Ұлы Отан соғысына қатысып, қайталанбас ерліктің үлгісін көрсетеді. Ауыр жараланып Калуга облысындағы госпитальда емделіп жатқанында еврей қызымен танысып шаңырақ көтереді. Соғыс бітіп, жаймашуақ шақ орнағанда Алматыға қоныстанып үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіреді. Бақыт осы бақытты шаңырақтың кенже ұлы. Жастайынан шығармашылыққа бейім болып өскен ол түрлі байқаулардың да жеңімпаз атанады. Білім ошағымен қош айтысқан ол Ленинград Университетінің шығыстану факультетіне оқуға түседі. Алайда жаны қаламаған оқуды орта жолдан тастап кетеді. Алматыға қайта оралып әртүрлі жұмыс істейді. Киностудия жанынан сценаристер даярлайтын курс ашылғанын естіп бірден сонда барады. Көзінде оты бар, қаламы ұшқыр қазақ жігіті бірден-ақ көзге ілігеді. Жазған әртүрлі сценарилері бесаспап майталман мамандардың назарынан тыс қалмайды. Ақыры бұл еңбегі ескеріліп 80-ші жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтына арнайы шақырту алады. Емтиханын сәтті тапсырған Бақыт осы инститтутты тәмәмдап майталман маман болып шығады. Алғашқы жазған сценарийі сынға ұшырамай бірден фильм түсіруге жолдама алғаны жас жігітті жігерлендіріп, шығармашылығына шабыт қосады. Бүгінде Алматыда тұрғанымен негізгі мекені Мәскеу. Жұмыстары бойынша Ресей астанасында жыл он екі ай бойы жұмыс істейді десе де болады. Жеке кинокомпаниясының жұмысы да өз жемісін беруде. Онда фильм, жарнамалық роликтер, клип түсіруде. Мәскеуде қазір ірі жобалар бойынша жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта арманындағыдай керемет кино түсіруді жоспарлап отыр. Оны әзірге құпия түрде қалдыруды жөн санайды. Мәскеуді мойындатқан оғландарын жамбылдықтар мақтан тұтады. «Жерлесіміз көне шаһарымыз туралы кино түсірсе» деп армандайды тараздықтар. Кім біледі, майталман маманға ол не тұрады? Білек сыбана кірісіп кетсе көптің көкейіндегі арманы орындалып қалуы да ғажап емес...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста