Таяуда Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі, Кино ТД және операторлық өнер кафедрасы, кино және ТВ факультетін тәмамдаған Ернат Қордабаев есімді жігіт өзінің дипломдық жұмысы ретінде "Гиппократ анты" атты қысқаметражды фильм түсірді. Фильм белгілі жазушы Дархан Бейсенбекұлының "Гиппократ анты" әңгімесінің желісі бойынша түсірілген. Сценарий авторы да Дархан Бейсенбекұлы.
Қазіргі заманда көп адам "ақшаң жоқ болса, ауыруға да қақың" жоқ деген қағидамен өмір сүреді. Өйткені қалтаң жұқа боса, дәрігерлер де салғырт қарайды. Адам өмірін ажалдан арашалап қалудың орнына көздері тек ақшаны көретін дәрігерлердің көбейгені өтірік емес. Бұл – бүгінгі қоғамның дерті. Гиппокартқа берген анты былай тұрсын, Алладан қорықпайтын ақ халаттыларымыз қаншама? Кейде сондай дәрігерлердің өзін осы дерттен емдеу керек деген ойға қаласың. Ақ халатты жамылып алып, өздерін құдіретті сезінетін дәрігерлерге сот жоқтай көрінгенмен, Жаратқанның кімге қашан қандай сынақ беретіні белгісіз?....