ҒАРИФОЛЛА ҚҰРМАНҒАЛИЕВТIҢ МЕРЕЙТОЙЫ БАСТАЛДЫ

Батыс Қазақстан әншiлiк мектебiнiң белдi өкiлi, әншi, сазгер, актер Ғарифолла Құрманғалиевтiң туғанына биыл 100 жыл толады. Аспандағы аққуға әнiн қосқан әншiнiң мерейтойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық әнi кафедрасынан бастау алды.
Үстiмiздегi жылы Қазақстанның Халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi, жезтаңдай әншiнiң 100 жылдығын республика көлемiнде атап өтудi Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Бекболат Тiлеухан тiлге тиек еткен болатын. Осы мақсатпен жуықта халық әнi кафедрасында студенттер арасындағы Ғарифолла әнiн орындаушылардың фестивалi болып өттi. Кешке әншiнiң қызы, профессор Сәуле Құрманғалиева және ән дүлдүлiнiң бiрнеше шәкiртi қатысты.
Осыдан 40 жыл бұрын ақсақал әншiнiң алдынан сабақ алған Қапаш Құлышева: «Ғарифолла ағамыз маған алғаш сабақ бергенде 61 жаста болатын. Сонда үнемi айтатын: «Мен – шалмын. Әндi маған ұқсап, маған елiктеп айтпаңдар. Әр әншiнiң өзiнiң жас мөлшерiне, әндi түсiну-түйсiгiне сай әншiлiк мiнезi болуы керек. Әндi бұзбай айтсаңдар болды. Тек өз ерекшелiктерiңдi жоғалтып алмаңдар» – деген өсиет-өнегесi әлi күнге жадымызда дейдi.
Кезiнде Қайрат Байбосыновтың бойындағы дарынын байқап, Жүсiпбек Елебековтiң класына емтихансыз қабылдатып, жас әншiнiң бағын ашқан да Ғарифолла Құрманғалиев екен. Қайрат Байбосынов, Қапаш Құлышевалар Ғарекеңнiң алдынан тәлiм алған тұңғыш шәкiрттерi болса, соңғы шәкiртi – Сәуле Жанпейiсова.  Бүгiнде ұстаз жолын қуып, өзi де сол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәрiс беретiн белгiлi әншi Сәуле Жанпейiсова бұл фестивальдiң белгiлi әншi тойының бастамасы ғана екенiн, республикалық деңгейде тойланып өтуi әлi алда екендiгiн айтады. Осындай iзiн басқан шәкiрттерi мен «Сүйген жар», «Әншi дауысы», «Нұржамал» сынды әндерiн сүйiп тыңдайтын тыңдарманы барда, Ғарифолла есiмi өлмей, әндерi қазақ сахарасында шырқала берерi хақ. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста