Ғалымжан Молданазардың клипі Канн кинофестивалінде жүлде алды
14 қазан күні музыкант Молданазар мен режиссер Мәлік Зеңгердің «Көгершін» әніне түсірген жаңа шығармашылық жобасының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Ал жарты жылдан кейін бейнеролик көрермендер мен беделді Канн кинофестивалінің қазылар алқасын баурап алды. Бұл Ғалымжан Молданазардың соңғы екі жылдағы алғашқы әні.
«Мен Ғалымжанды Көгершін әніне түсірілген бейнебаянының жеңісімен құттықтағым келеді. Негізі бұл оның мұндай фестивальдар мен байқаулардағы алғашқы жүлдесі емес. Қазірдің өзінде осындай 30 марапаты бар! Бұл біздің жігіттердің талантын дүниежүзілік мойындау. Шын жүректен құттықтаймын!» деп жазды қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов.
Бейнебаянда музыкант балалар ойыны арқылы адамзаттың жаһандық трагедиясын көрсетіп, барша халықты бейбітшілік пен келісімге шақырады.
«Әнді жазғанда бейбітшілік символы ретіндегі көгершін бейнесі мені шабыттандырды. Бұл ән әкенің баласына берген өсиеті. Әр адамның бойында бар табиғи күш пен құдіретке қарамастан, адам өзгенің қолынан зардап шекпеуі керек, адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ екенін бәріміз есте ұстауымыз керек», – деді Ғалымжан Молданазар.