Ермек концерт бермек

Ермек концерт бермек

Қазақ «бала жетіге толғанша жерден таяқ жейді» десе, бүгінде заманның өзгергендігі шығар, жеті жасына дейін жетістікке жетіп, жеке концерт беретін бала да бар. Елден ерек бұл баланың қазақ эстрадасында пайда болғанына екі жылдай болды. Бойы жерден сәл ғана биік бес жасар бала тұңғыш сахнаға жүгіре шығып, буын-буыны былқылдай билегенде, көрген жұрттың көзі сүйсінді. «Тіл-көзіміз тасқа, болайын деп тұрған бала екен, аты кім болды?» десті. Баланың тегі – Балжігіт, есімі Ермек болатын.

Міне, сол бестегі Ермек бүгінде жетіге толып, қыркүйектің 9-10-ы күндері Қазақ циркінде жеке концертін өткізбек. Осы хабардан құлақтана салысымен, біз оны продюсерімен бірге әңгімелесуге шақырдық. Ал продюсері кім десеңіз, ол да осал емес, «МузАрт», «Нұрмұқасан» секілді топтар әнін орындап жүрген қазаққа белгілі сазгер, ал, ең қызығы, өзінің әкесі – Қанат Ибрагимов.
– Кезінде мен ән жазсам, таңға дейін ұйықтамай, қасымда отыратын, – деп бастады әңгімесін сазгер. – Ертесі күні менен көргенін қайталайтын. Мектепке бармайтын кезінде үндемейтінмін, кейін «ертең сабағыңа ояна алмай қаласың» деп әрең ұйықтататын болдым. Үйіміз жоқ, пәтерде тұрсақ та, есігімізден кісі арылмайтын. Өңкей өнер адамдары. Солардың арасында өсті. Бәлкім, сол әсер еткен де болар. «Әке, Ерболат боп ән айтам, мені видеоға түсір», – дейді. Соны бір күні Ерболатқа көрсетіп едім, «Мәссаған, әннің дауыс әрең келетін қиын жерлерін қиналмай алып тұрған мынадай балаңды шығару керек», –  деді. Негізі, дәл осы кезде жұртшылыққа осындай концерт береміз деген ой менде мүлдем жоқ болатын. Алғаш ой тастаған да – сол өнерде араласып жүрген жігіттер. Әсіресе Ерболат.
Естеріңізде болса, Ермек әу баста сахнаға осы Ерболат ағасының бала кезінде айтқан «Салтанат» әнін алып шыққан болатын. Содан кейін «Мен – қазақпынды» да орындаған Ермекке ел-жұрт «кішкентай Ерболат» деп ат қойып алды. «Болмасаң да, ұқсап бақ» деп хакім Абай айтқандай, ең басында балаға осылай еліктеу керек екен, кейін келе болар бала өз жолын тауып кетеді. Бірінші сыныпты енді ғана бітірген баланың тіпті кейбір үлкендердің қолынан келмейтін іске бел бууы, бір жағынан, таңғаларлық әрі қауіпті де секілді... «Тіл-көз тиеді деп қорықпайсыз ба?» деген сұрағымызға әкесі:
– Бастаманы көтерген достарыма мен де дәл осылай «әлі ерте емес пе?» дегенімде, «қайта керісінше, өсіп кетсе, дәл осы кездегідей сүйкімді қалпын жоғалтып алмаймыз ба?» деді олар. Содан соң баланың өзінен сұрадық. Ол, әрине, «жасаймыз»  деді, – дейді.
Осы сәт екеуміз бірдей Ермекке бұрылып едік, бір орында байыз тауып отыра алмай, билеп, секіріп ойнап жүрген ол келді де, жанымыздағы жұмсақ орындыққа шалқайып отыра кетті. Сосын үлкен адамша салмақты рөлге еніп, «бастық болып отырған кезі деп жазасыз ғой» деп сықылықтай күлді. Бір-ақ сәтте арманның арғымағына мінгізетін бала қиялы қандай десеңші!.. Баланың бәрі қиялшыл десек те, басқа балалардан басты айырмашылығы – Балжігіттің Ермегі қиялын мақсатқа, ал мақсатын жүзеге асыра біледі. Айтқандай-ақ, концерт сценарийін Ермек өз идеясымен түзіпті. Ол бойынша ең басында Ермек концерт өтетін жерге лимузинмен келеді. Табаны жерге тимей, қызыл кілеммен жүріп отырып, сахнаға шығады. Осылай ерекше басталатын концерттің тізгіні де оңай адамдардың қолында емес: бүгінде жұртшылықты күлкіге қарық қылып жүрген «Өнер қырандары» КВН-командасында. Сондай-ақ кішкентай Ермектің үлкен сахнадағы тұңғыш концертіне Айқын Төлепберген, Мәдина Сәдуақасова, «Азия» тобы, Айбек, Нұрлан Албан, Саят Медеуов сынды аға-әпкелерімен қатар, жас әнші Мәдина Шоқанқызы қонақ болмақ. Осы уақытқа дейін репертуарына алты ән енгізіп үлгерген Ермек концертке арнап тағы төрт ән жаздырыпты. 10 әннің небары екеуі лирика болса, қалғаны түгел биге құрылған. Бір қызығы, биді Ермекке ешкім үйретпепті, тек кішкентайынан Майкл Джексонды тамашалайтыны болмаса. Әкесі айтпақшы, «мұғалімі – Майкл Джексон». Алайда Майклдің қимылын тұп-тура қайталамай, әр әннің ырғағына қарай биді өзі құрастыратын көрінеді. Және бір биін екінші рет тура солай қайталамай, әр кезде құбылтып отырады. Демек, баланың бойында ерекше есте сақтау қабілетімен қатар, импровизаторлық өнер де бар. Ал ол өнер Ермекке ата-бабасының қанымен келгенге ұқсайды. Балжігіт деген тегінің өзі тарихқа ие.
– Әкем соғыс ардагері болған. Мен ол кісінің кенжесімін. 1916 жылы туған әкем жастайынан жетім қалыпты. Себебі бай болған соң әкесін «халық жауы» деп қуғындаған екен. Сол себепті сенетін ешкімі жоқ әкеміз қолына домбыра алып, күн көрген ғой. Өзі ән-күй шығарып, елдің той-думанын атқарып жүрген әкем келе-келе ауылға атағы жайылған сал-серіге айналыпты. Шын аты Бекмұхамбет болса да, ешкім олай атамай, жеңгелері «Балжігіт» деп атап кетсе керек. Осы Ермек екінші рет сахнаға шыққалы жатқанда, досым «Қанатұлы Ермек Балжігіт» деп хабарлады. Құлағыма сондай ыстық естілді де, содан кейін сахнаға шығарда тегін Балжігіт деп жаздыратын болдым.
Десе дегендей, тілі мен қылығы балдай Ермектің өзіне тегі сондай жараса кеткен. Ендеше, Балжігіттің Ермегінің ән кешінде кездескенше! 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста