Ерлер ұсақталып төсекші-өсекші болып бара жатқандай - Дана Тұрарбек

Ерлер ұсақталып төсекші-өсекші болып бара жатқандай - Дана Тұрарбек

"Өнер қырандары" театры директорының жұбайы ерлерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

 

"Өнер қырандары" театры директоры "Өнер қырандары" театры директоры Мадияр Серікбаевтың жұбайы Дана Тұрарбек өсек айтуда ерлер де ғаламтордың кері әсерінен әңгімеге құмарланып кеткен дейді.

 

"Неге адам ғайбатты әйбәт көреді?

 

Байқағаным бұрындары өсек деген сөз әйелдерге ғана қатысты боп көрінсе,қазір ғаламтордың кесірінен ерлерде ұсақталып төсекші-өсекші болып бара жатқандай.

 

Бірақ әңгіме мұнда емес.

 

Неге адам көпшілікте біреуді талқыға салғанды ұнатады?

 

Өйткені солай ол өзіне көңіл аудартқысы келеді екен. Біреуді төмендету арқылы өзін жоғарлату,өз-өзіне сенімсіз, махаббатқа зәру адамдарда болады. Отырған ортасында іштей өзін қабылдатқысы келетін, ұнағысы келіп тұрған адам, санасыз түрде өзгенің етін жеп, сүйегін мүжи бастайды.

 

Бірақ бұл әдістен еш ұтпайды, өкініштісі өсекші атанғаны емес,сорақысы өсекші жәннатқа кірмейді.

 

Сен де мен де пенде демекші кемшіліксіз ешкім жоқ және барлық адамға бірдей ұнау мүмкін емес.Бірақ өзіңнің арыңның алдында,АЛЛА Тағаланың алдында адал бола білу керек.Бізді анамыз кішкентайымыздан өсек айтпауға, жамандамауға, беталды сене бермеуге үйретті. Анау сондай екенғой десең, қай мұғалімің айтты, көрінгенге неге сене бересің,қайдан білесің қосып айтып отырған шығар деп, салқынқандылыққа үйретті. Осыдан сөз тасығаныңды естиін аузыңды күйдіріп, тіліңді кесіп аламын дейтін. Қорыққаннан аузымызды ашпайтын едік. Құрбы-құрдастарының сөзге жақындауы үйге келсе, құлағыңды түрмей бар ана жаққа деп қуып жіберетін. Баланы жастан демекші мұның бәрі тәрбие.Кішкенесінен тілін тия білген есейгенде ессіз жағын ашпайды.

 

Айтайын дегенім, өсек айту қасырет, не бұл өмірде, не ана өмірде пайда бермейді. Сол үшін де дінімізде сөйлесең жақсы сөз сөйле немесе үндеме деп әдемі қайырған", деп жазды желідегі парақшасында.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста