Ерке Есмахан көптің көкейіндегі күдікті растады
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі қалың көпшілік алдында "Ninety One" экс-мүшесі Азамат Зенкаевпен кездесіп жүргенін растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
Ерке Есмахан ел көкейінде жүрген сұраққа Instagram парақшасында жауап берген. Ол жеке өміріне қатысты тарап жатқан қауесеттерге нүкте қойып, өз шындығымен бөлісті.
 
Әнші атышулы "Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен қарым-қатынасы жайлы айтып берді.
 
"Ерке Есмахан болу да оңай емес. AZ-мен жүру де оңай емес, бір қарағанда" , - деп қысқа да нұсқа да жауап берді шоу-бизнес жұлдызы.
 
Өнер иесінің бұл жазбасы бірден желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, сансыз пікірлерге ие болды.
 
Ерке Есмаханның өнердегі әріптестері де оның бұл мәлімдемесіне қатты таңғалған сыңайлы.
 
Ал әншінің жанкүйерлері болса, оның жеке өмірінде болып жатқан жайттарды мойындағаны үшін қуанған.
 
"Бәрі де дұрыс. Бастысы, бақытқа лайықсың, қазақтың Еркесі" , "Чатымыздағы суреттерді енді шығыра берсек болады ма?" , "Жаңа жылдағы фотоларды жариялай беруге рұқсат па?" , "Әрең мойындадыңыз ғой ", "Ресми түрде мойындағаныңыз дұрыс болды" , "Бұл күн де келіп жетті. Ерке Азаматпен жүретінін мойындады" , "Қуаныштымыз. Бақытты болыңыздар. Енді екеуіңнен күшті фото күтеміз" , "Ерке бәрін ашық айтқаның өте дұрыс қадам болды. Түрлі қауесеттерге жол бермей, өзің растағаныңа риза болып отырмын" , - деп жазуда көпшілік.