Ерке Есмахан ата-анасын көпшілікке алғаш рет көрсетті
Танымал әнші. соңғы кездері "Еркем-ай" әнімен "халықтың еркесіне" айналған Ерке Есмахан өзінің анасын туған күнімен құттықтады. Құттықтаудың басты ерекшелігі сол - әнші өзінің туған ата-анасын көпшілік қауымға алғаш рет таныстырып отырғанында.
“Анашым, сізді бүгінгі туған күніңізбен құттықтаймын! Мен жеткен жетістіктердің бәрі – сіздің арқаңыз! Ешқашан ауырмай, әкешім екеуіңіз бақытты ғұмыр кешіңіздер! Немере мен шөберелеріңіздің қызығын көріп жүре беріңіздер! Біздің үйдің берекесі мен ұйытқысы, звездасы мен красавицасы бір өзіңсің – Анашым!” – деп жазады Ерке Есмахан.
Бұл ізгі тілекке желі пайдаланушылары да ат салысып, әншінің анасына деген ақ тілектерін жолдап жатыр.
Сонымен қатар, халық арасында Еркенің анасына не әкесіне ұқсайтыны туралы пікірлер білдірушілер де жетерлік.