"Енем болса, жинақы жүремін" - Жазира Байырбекова қандай келін екенін айтты

"Енем болса, жинақы жүремін" - Жазира Байырбекова қандай келін екенін айтты

Жазира Байырбекова келін мен ене, отбасы туралы айтты. Келін болғанына 26 жыл толған әнші әлі де ененің мысы басады дейді. Алайда өз келінін де енесінің тәрбиесіне бергісі келеді, деп хабарлайды Stan.kz. 

Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтылды. 

19 жасында келін атанған Жазира Байырбекова бүгінде ене атанудың аз-ақ алдында. Әнші келінді болуды армандап жүр. 

“Ұлыма 6 жылдан бері айтып келемін. Үйленетін уақытың болды, келін әкел деп айтып жүрмін. Ұлым 25 жаста. Өзім 19 жасымда келін болғанмын. 26 жыл болды. Ұлымыздың да ерте үйленгенін қаладық. Бірақ болмай жатыр. Келін алсақ, оны өз енем тәрбиелейді. Енеме “Немере келініңіз келгенше, өзіңізді күтіңіз. Мені тәрбиелегендей келінімді де тәрбиелеңіз. Маған үйреткеніңізді келініңізге үйретесіз. Оған дейін ауырмай, аман жүріңізші” деп айтамын. Себебі үйде ененің жүргенінің өзі бір тәрбие. Үйде үлкен кісінің болғаны жақсы. Кез келген келін солай деп ойлаймын. Мысалы, үйде енем болса, ол кісі маған ұрыспаса да, мен жинақы жүремін. Жауапкершілікті сезінемін. Тамағым дұрыс болмаса, алаңдап қаламын. Енем жоқ болса, олай уайымдамаймын дегендей”, – деді әнші. 
Жазира Байырбекова ата-енеге деген құрметін осылай білдірді. Жолдасымен жұбы жазылмай жүрген әнші бұдан кейін екі бөлек сұхбат беретінін айтты. 

“Мен өзімді кейде қартайып қалдым ба деп қорқып кетемін. Келін болғаныма 26 жыл болды. Бала күнімде Мәдина Ералиеваға, кейін Жанар Айжановаға еліктеп өстім. Еліктегеннен кейін өнерге келген адаммын. Жанар Айжанованы сырттай ұстазым сезінемін. Одан бері қанша уақыт өтті”, – деді Байырбекова. 

Stan.kz. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста