М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындаған «Ең жаңа шетел әдебиеті» атты ұжымдық монографиясы «Қоғамдық ғылымдар» аталымы бойынша «Ғылыми кітап 2012» конкурсының лауреаты атанды.
Бұл туралы Мәскеудегі Халықаралық ғылым академиясы қауымдастығының кітап баспасы кеңесінің алтыншы сессиясында мәлім болды. Аталмыш кітапты байқауға ұсынған – институт директоры, белгілі қаламгер Уәлихан Қалижан.
Жинақтың жауапты редакторы – академик Сейіт Қасқабасов, жауапты шығарушысы – Светлана Ананьева.
«Ғылыми кітап 2012» конкурсының лауреаты атанған «Ең жаңа шетел әдебиеті» ұжымдық монографиясының авторлары институттың білікті ғалымдары Ш.Елеукенов – «Қырғызстанның жаңа әдебиеті», С.Ананьева – «Украина әдебиеті», А.Машакова – «Испания әдебиеті», А.Бисенқұлов «Египет әдебиеті» тарауларын жазды. Сонымен қатар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Б.Мамраев пен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Л.Демченко «ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығындағы орыс әдебиеті», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ корейтану орталығының меңгерушісі Г.Ким «Корей әдебиеті», А.Түсіпова «Американ әдебиеті» тарауларын жазуға өз үлестерін қосты.
Кітапта ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы ұлттық әдебиеттер дамуының негізгі тенденциялары беріліп, әдеби қорытындының болжамы жасалған. Жаңа мыңжылдықта әдебиеттер мен әдебиеттану дамуының мұнан арғы жолына болжам айтылып, жинақталуына деген қызығушылықтың арта түскендігі заңды құбылыс.
«Ең жаңа шетел әдебиеті» жарық көрді
Последние статьи автора