27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай, Қазақстан Театр қайраткерлері одағы дәстүрлі «Еңлікгүл» сыйлығымен марапаттау рәсімін өткізеді. Салтанатты кеш 26 наурызда сағат 17:00-де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.
Биыл үшінші peт өткізілгелі жатқан «Еңлікгүл» байқауына еліміздің мемлекеттік және жеке театрларынан 128 үміткер қатысып отыр. Бәсеке тартысты болмақ. Театр өнерінің «Еңлікгүл-2012» атты кәсіби сыйлығы мына аталымдар бойынша ұсынылмақ.
* «Жыл актері»
* «Жыл актрисасы»
* «Жыл режиссері»
* «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін»
* «Жылдың опералық (оперетта), балеттік партиясы»
* «Қуыршақ театрының жыл өнерпазы»
* «Жыл театр суретшісі» және бес ынталандыру cыйлығы:
* «Жыл драматургі»
* «Жылдың озық театртанушылық мақаласы»,
* «Жылдың озық театр менеджері»,
* «Жылдың озық музыкалық көркемдеушісі»,
* «Жылдың озық жарық берушісі».
Үміткерлердің даралана көзге түсіп, суырылып шыққандары ғана бас бәйгелерді иеленбек. Театр өнеріндегі елеулі оқиғаға айналған «Еңлікгүлдің» бас демеушісі – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы. Жарнама-ақпараттық қолдаушы – Алматы қаласының әкімдігі. Кеште қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді.
Ең таңдаулыларға «Еңлікгүл» тапсырылады
Последние статьи автора