Елордалық мектептің «жұлдыздары» марапатталды

«Мектеп жұлдыздары...» Кеше Астана қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда осындай атаумен өткен фестивальдің жеңімпаздары марапатталды. Бұл фестивальға оқуда озат болып, халық­ара­лық олимпиадаларда топ жарып жүрген оқушылар қатысып отыр.
Бір ғасырлық тарихы бар бұл мектеп да­рынды оқушылардан кенде бо­лып көр­ген емес. Венгрия, Чехия, Греция, Франция, Оң­түстік Корея, Ресей се­кіл­ді мемлекеттерде өткен әртүрлі халықаралық сайыс­­тарда жүл­делі орын­­дар­дан көрініп жүр. Мек­те­бі­мізден биыл ау­дандық пәндік оли­м­пиадаға бар­лы­ғы 45 оқу­шы қатысып, 19-ы жүл­делі орын­нан кө­рінсе, 12-сі арнайы гра­мо­та алып келді. Көптеген оқу­шы­мыз ше­тел­дік уни­верситеттердің гран­тын ұтып ал­ды. Олар 30-60 пайыздық же­ңіл­діктерге ие бол­ды. Сондай-ақ алыс-жақын ше­тел­дерде­гі конкурстарға қатысып, гран-при алып кел­ген дарынды әншілеріміз де бар. Біз осындай дарынды оқушы­ла­ры­мыз­дың ең­бегін көрсете отырып, оларға «Мек­теп жұл­дызы» атағын береміз», – дейді мектеп ди­ректорының ғылыми-әдіс­те­ме жөніндегі орын­басары Жанар Жұ­ма­бе­кова. Бұл гра­мота түрінде үш номинация бойынша та­быс етіледі.
Алма БОЛАТҚЫЗЫ, «Мектеп жұлдызы» фес­тивалінің жеңім­пазы, 11-сынып оқу­шы­сы:
– Мен Кореядағы «Жас ғалымдар» фестиваліне қатысып, ғылыми жобам бірінші орын алып оралдым. Ғылыми жобамның тақырыбы «Қазақстандағы туризм жолдары және туризмді дамы­ту» деп аталды. Өз жобамды қазақ тілін­де қорғадым. Бірақ әртүрлі тілде сұ­рақтар болды. Мен олардың бар­лы­ғына ағыл­шынша, түрікше жауап бер­дім. «Туризмді дамыту жолдары» тура­лы жобамды 9-сыныптан бас­тап қолға алып келемін. Биыл оқу­ым­ды экстерна бітіріп жатыр­мын. Яғни 10 мен 11-ді – бір жыл­да. Болашақ­та қазақ даласына туристер тарта ала­тын­дай үлкен жобалар жасағым келеді.

Әдепхан ТОЛЫМ, «Мектеп жұлдызы» фес­­тивалінің жеңім­пазы, 11-сынып оқу­шы­сы:
– Мен осы сыныпта 1-сы­нып­тан бері оқып келе жатырмын. 9-сыныптан бастап халық­ара­лық жа­рыс­тарға қатыса бастадым. Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­ситетінің грантын ұтып ал­дым. «Мек­теп жұл­ды­зын» ала отырып, осы ең­бегімнің жемісін көр­дім деп ой­лай­мын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста