Елорда халқының талғамын тәрбиелейтін театрлар марапатталды

Театр – көрерменнің тіпті түсінде көрмеген не армандамаған ойларының орындалатын орны һәм халыққа үздіксіз қызмет ететін мәңгілік өнердің түрі. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында халықаралық театр күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шарада елордадағы театр ұжымдарының жетістіктері аталып, үздік әртістер марапатталды.
Астана қалалық Мәдениет басқарма­сының бастығы Болат Мажағұлов атаулы күнге байланысты жолданған қала әкімі Иманғали Тасмағанбетовтің құттықтау ха­тын оқып берді. «...Өнер саласының ішінде театрдың алар орны қашанда бөлек. Көрер­мен көңілін нұрға, жүрегін жырға бөлейтін де, қоғамның рухына дем, ішкі жан дүниесіне ем беретін де – театр өнері. Ендеше, елорда халқының талғамын тәрбие­леп, рухани байыта түсуге қызмет етіп келе жатқан Астана қаласының театр ұжымдарына «еңбектеріңіз жансын» демек­­пін!» делінген хатта. Мерекелік шара бары­сында Астана қаласында театр өнерінің дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан бірқатар актерлер мен ұжым жетек­шілеріне елорда әкімінің Алғысхаттары, сондай-ақ Астана қаласы әкімінің орын­басары Аида Балаева мен Мәдениет басқар­масының бастығы Болат Мажа­ғұловтың атынан құттықтау хаттар та­бысталды.
Қазіргі таңда Астанада жеті театр, 23 кітап­хана, бес мұражай, мемлекеттік филар­мония, үш балалар музыка мектебі, өнер мен көркемөнер мектептері жұмыс істейді. Алатаудан Сарыарқаның сайын даласына көш келгенде қалада бар-жоғы екі театр ғана бар еді. Оның бірі – ғасырдан астам тарихы қалыптасқан М.Горький атындағы Орыс драма театры. Осы уақыт аралығында театр үздік сахналық қойы­лымдарын кө­рер­мен назарына ұсынды. Бүгінгі репер­туары жергілікті авторлармен қатар, әлемдік және орыс классиктерінің туын­дыларымен өте бай. 1991 жылдың 15 қарашасында Астана қаласының Қ.Қуа­ныш­баев атын­да­ғы Мемлекеттік акаде­миялық қазақ музыкалық драма театры ашылды. Бұл мәдениет ошағының ұжымы шымылдығы ашылған күннен бері әр­дайым ізденіс үстінде. Олардың алға қойған мақсаты да – көзіқарақты көрер­менге сапалы қойылым қойып, салт-санамызға сай спектакль ұсыну. Бас қала­мыздың мәдени өмірінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан ұжымның тағы бірі – «Наз» би театры. 1999 жылы Мем­ле­кеттік филармония жанынан «Наз» ха­лық биінің кәсіби ансамблі ретінде құрылған еді. Бүгінде олар «Шабыт» халықаралық бай­қауының бас жүлдегері, Шара Жиен­құлова атындағы байқаудың тұңғыш жеңімпазы және Қазақстан жастар сый­лығының лауреаты атанып отыр. Сондай-ақ халық­аралық фестивальда «Алтын мүсінші» сыйлығын және Ресейдегі ІІ Хореографтар байқауының жүлдесін ие­ленді. Елордада 2006 жылы құрылған «Терра» би театры­ның шығармашылық ұжымы би өнерінің саналуан түрлі бағытын меңгерген. Өнер ошағы мың бұралған талантты қыз­дардан жасақталған. Олар­дың еншісін­де бүгінде 80-ге жуық би бар. 2007 жылы Астана театрларының қатарына тағы бір жас театр қосылды. Астана қалалық жастар театры елорданың өскелең ұрпағын этикалық және эстетикалық көзқарасқа тәрбиелеуді мақсат етеді және көрерменнің патриоттық рухта тәлім алуына ықпалын тигізетіндей қазіргі заманғы қойылымдармен қамта­масыз етуді басты ұстанымдары деп санайды. 2009 жылы сәуір-мамыр айла­рын­да шығармашылық топ Алматы об­лысындағы 12 аудан мен 36 елді мекенге 55 күндік гастрольдік сапармен барып, соңғы он жылдықтағы еліміздегі театрлар тарихында болмаған рекордты жаңарт­қанын мақтанышпен айтады. Бүлдіршіндер көңілін баурап алған ұжымдардың бірегейі – елорданың Қуыршақ театры. Бірнеше жыл бұрын құрылған театрдың балалар назарына ұсынылатын шығармалары жас бүлдіршіндердің психологиялық ерекше­ліктерін ескере отырып таңдалып алынған. Қуыршақ театрының жалпы қоғамдық мәні зор. Себебі ол баланы жастайынан сезімталдыққа, рухани тазалыққа баулиды, кең дүниетаным қалыптастыруға септігін тигізуде. Және ерекше атап өтетін ұжым­дардың бірі – Астана қалалық көңілді тапқырлар театры. Бұл ұжым, негізінен, қалың қазаққа «Базар жоқ» атымен жақсы таныс. Өздерінің әдемі әзілдерімен ел-жұрттың көңілін тапқан көңілді тапқырлар театрының жетекшісі – Тұрсынбек Қабатов.
Ғани ҚҰЛЖАНОВ, Астана қалалық жастар театрының директоры:
– Бүгінгі мерекемен барша әріп­тестерімді шын жүректен құттықтаймын. Атаулы күн қарсаңында біздің ұжым да марапаттан кенде қалған жоқ. Жас­тардан ғана құралған жас театрмыз. Ұжым ХХ Халықаралық театр фес­ти­валінде Гран-приді иеленіп, ҚР Пре­зиденті қорының жүлдесін алды. Репертуарымыз өте ауқымды. Жеңіл-желпі емес, ой салатын, достыққа, туыстыққа, әдемілікке шақы­ратын спектакльдер көп. Тек қиналған жеріміз – бұған дейін ғимаратымыз болмай, көшіп-қонып жүрдік. Қазір Астана қаласындағы Оқушылар сарайының сахнасындамыз. Ең қызығы — бес жыл­да біз бес Гран-при иелендік. Мұның барлығы – Жастар театры актерлерінің толассыз еңбегінің нәтижесі деуге болады. Театр – бұл сан түрлі өнердің басын қосқан ғажайып та сұлу әлем. Осы бір сұлу әлемді мекен еткен өнер иелері кәсіби мерекелері қарсаңында лайықты баға­ларын алды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста