Еліміздегі екі танымал продюсер жанжалдасып қалды
Қазақстан шоу-бизнесінде кезекті дау-жанжал басталды. Бұл жолы елімізге танымал екі продюсер көпшіліктің алдында сөзге келіп қалды деп хабарлайды NUR.KZ.
"Кешью", "Лашын" топтары мен Жанар Дұғалованың продюсері Баян Есентаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында "Ринго" тобын қанатының астына алған Алуа Қонарованы сөз сайысқа шақырды.
Есентаеваның айтуынша, Алуа Қонарова әнші Жанар Дұғалованың "Түрквижн-2014" байқауындағы жеңісіне күмән келтірген.
"Құрметті әріптесім, Алуа Қонарова. Кеше сіздің Жанар Дұғалованың жеңісіне күмән келтірген сұхбатыңызды оқыдым. Менің сізге жауабым мынадай: Жанар бәрінен де мықты болған соң жеңіп шықты. Түркі әлемі өзіңіз айтқандай сізден кешірім сұрамақ болып, Жанарға жеңісті берген жоқ", - деген Баян Есентаева.
Естеріңізде болса, 2013 жылғы "Түрквижн" байқауына "Ринго" тобы қатысып, жартылай финалда ұйымдастырушылардың қателігінен жеңіліске ұшыраған болатын.
Алуа Қонарова сол кезде "Рингоның" жеңіске әбден лайық болса да, ұйымдастыру тарапынан қысым көргенін, сол себепті, ұйымдастыру комитеті бір жыл бұрынғы қателігін қайталамай, 2014 жылы жеңісті Жанарға бергенін айтқан.
Көп ұзамай Алуа Қонарова да Есентаеваға жауап қайтарды.
"Баян ханым біздің арамыздағы әңгімені көпшілікке жариялап жіберді. Ендеше мен де айтайын. Менің бұл жердегі негізгі айтпағым – ұйымдастырушылардың қателіктен сабақ шығаруы болатын. Бір жыл бұрынғы "Рингоның" жартылай финалдағы жеңісі секілді, Жанардың жеңісі де әділетті", - деді Алуа Қонарова.
Читать полностью: http://news.nur.kz/355179.html