"Ел мен Ер" мүшайрасы жарияланды

"Ел мен Ер" мүшайрасы жарияланды

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА "ЕЛ мен ЕР" АТТЫ МҮШӘЙРА ЖАРИЯЛАЙДЫ!!!
Бүгінде әлемге танымал Тәуелсіз Қазақстан тарихы талай ғасырларға табан тірейтіні анық. Бастауын сонау мыңжылдықтар қойнауынан, Көк түріктер қағанаты мен Алтын Ордадан алатын Керей-Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттігіміз жылнамасындағы  маңызы зор мерей екені айқын.
Бұл айтулы аймаңдай датаны айрықша биік мемлекеттік деңгейде жалпыұлттық мерекеге айналдыруды алғаш қозғаған  Алаш партиясының ізбасары болып табылатын “Ақ жол” партиясы  Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, бүкіл қазаққа сауын айтып, Халықаралық мүшәйра жариялайды.
Мүшәйраның мақсаты – жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын  Елбасымыз ұсынған “Мәңгілік ел” ұлттық идеясынан туындайтын Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі келбеті мен мемлекеттігіміздің  негізі болып табылатын Қазақ хандығының қазығын қаққан кемеңгер  Керей мен әз Жәнібек хандардың образын бейнелеу; Қазақ хандығының бастауында тұрған Алтын Орда тарихын таразылау;  Қазақ тарихындағы қалдырған ізі зор қайраткер тұлғалардың, хан-сұлтандарымыз бен би-батырларымыздың ерен істерін  жырлау;  рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау.
Мүшәйраға бұрын жарияланбаған   кемінде 3 өлең немесе толғаулар мен дастандар, поэмалар қабылданады.
Бас жүлде біреу – 1000 000 теңге.
Бірінші орын біреу -700 000 теңге.
Екінші орын екеу – 500 000 теңгеден
Үшінші орын үшеу – 300 000 теңгеден.
Арнаулы  сыйлықтар бесеу– 200 000 теңгеден.

Шығармалар 2015 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.

Авторлар  А4 пішімді 1-ші  конвертке бүркеншік атымен жазылған шығармасының компьютерге басылған бес данасын  және электронды нұсқасын жолдайды. 2-ші кіші пішімді конвертке автордың шын аты-жөні, 6х9 фотосуреті,  мекенжайы, телефондары, эл.поштасы жазылып, аузы бекітіліп, ол 1-ші конвертке салынады.
Қабылдау орны: Астана қаласы, Сарайшық к-сі 11, 5-офис. “Ақ жол” партиясының орталық кеңсесі, 8-7172-602-682,  akzholpress@mail.ru
Алматы қаласы, Қалқаман ықшамауданы-3, К.Сейітов к-сі 11, “Қазақ үні” газеті редакциясы, тел 8-727-398-57-31,  qazaquni@mail.ru.
Алматы қаласы, Қастеев көшесі 10-А, «Ақжол» партиясының Алматы қалалық филиалы, тел 87017505034. skarman_64@mail.ru. немесе 87028328831. turymtaigulnara@mail.ru

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН ҚАУЫМ, КӨЗІ АШЫҚ, КӨКІРЕГІ ОЯУ АҒАЙЫН!
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР! УАҚЫТ АЗ ҚАЛДЫ!
Сіздерді ұлттық рух пен Алаш намысы байқауына шақырамыз!
Байқау жұмыстары ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін қабылданады.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының шарттарына толықтыру енгізілді: 
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Алаш және Қазақ хандығы» арнайы номинациясы бекітілді. Төменде 2015 жылға хабарланған Байқаудың жаңартылған шарттары келтіріледі.
Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату.
Байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы барлық, шет елдердегі отандастарымызды қоса алғанда, ізденушілер шақырылады.
Байқау жұмыстары қазақ, орыс және Қазақстанның басқа этностарының тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ шетелдік ізденушілерге өздерінің қалаған тілін таңдау мүмкіндігі беріледі. Байқауды ұйымдастырушылар байқау жұмыстарын мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етеді.
Байқау үш кезеңнен, төрт номинация бойынша өткізіледі.

Номинациялар:
1.«Алаш» қозғалысы идеяларының мемлекет құрылысындағы, демократиялық құндылықтардағы және қазіргі Қазақстан қоғамының еуропалық жолды таңдаудағы сабақтастығы;
2. «Алаш» қозғалысы көшбасшыларының еңбектеріндегі экономикалық көзқарастарының өзектілігі, қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың мәселелері және осы идеяларды қазіргі заманғы Қазақстанда дамыту;
3. Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер;
Қазақ хандығының 550 жылдығына арнайы номинация:
4.«Алаш және Қазақ хандығы». 
Кезеңдер:
1- кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай іріктеу. Байқау жұмыстары ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін қабылданады. Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен аспауы тиіс
Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, байқаудың арнайы қазылар алқасы екі аптаның ішінде әрбір номинация бойынша 10 үміткерден іріктеп алады, олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады.
2-кезең: 1-інші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары. 1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін 1 (бір) айдың ішінде өткізіледі. Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша өзінің байқау жұмысын қорғайды, одан кейін сұрақтарға жауап береді, басқа баяндамаларды талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді.
Пікірталастар қорытындылары бойынша әр номинациядан 2 үміткерден финалдық сатыға – байқаудың 3 кезеңіне қатысу үшін іріктеліп алынады.
3-кезең: Алаш Орданың («Алаш» үкіметінің) құрылуының жылдығы (13 желтоқсан) қарсаңында «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі. 2-ші кезеңнің жеңімпаздары баяндамалармен сөйлейді және сұрақтарға жауап береді. Талқылаудың қорытындылары бойынша байқаудың басты марапаттарының иегерлерін арнайы қазылар алқасы анықтайды.
Конкурс материалдары жеке басылыммен жарияланатын болады.
Байқаудың жүлделік қоры 3 млн. теңгені құрайды.
Жалпы ұлттық пікір сайыстардың жеңімпаздары мен лауреаттары үшін келесі сыйақылар белгіленеді:
- 1-ші кезеңнің лауреаттары (әр номинация бойынша 10 үздік жазбаша жұмыстар) – 25 мың теңгеден;
- 2-ші кезеңнің жеңімпаздары үшін (әр номинация бойынша 2 үздік үміткер) – 100 мың теңгеден;
- 3-ші кезеңнің әр номинация бойынша жеңімпаздары үшін – 250 мың теңгеден.
Байқаудың бетпе-бет пікірсайыстар кезеңдерінің (2; 3 кезеңдер) қатысушыларының іссапар шығындарын «Ақ жол» ҚДП төлейді.
Байқау жұмыстары ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін қабылданады.
1-ші кезеңге қатысу үшін байқау жұмыстары ««ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен 010000 Астана қаласы, Сарыайшық көшесі, 11-үй, №5 кеңсесіне «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына немесе alash_akzhol@mail.ru; yranym-alash@mail.ru электрондық поштамен жіберілсін.

Алматы қаласы, Қастеевкөшесі 10-А, «Ақжол» партиясының Алматы қалалық филиалы, тел 87017505034. skarman_64@mail.ru. немесе 87028328831. turymtaigulnara@mail.ru  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста