Э.К.Пекарскийдің «Якут тілі сөздігі» - қазақ тарихы мен этнографиясының көне қоймасы

  2- мақала. (Жалғасы)
Ырымдар мен балгерлік

Сақалар ырымдарға қатты назар аударады, балаларын бесікке салады, оны «бісік» [1, с.477] деп атайды, ал шүмекті «сүмэ» [2, с.2392] деп атайды. Бала тұрмаған жағдайда, қоныс аударады. Үйдің ішіне арша түтетіп, аластайды, ол ғұрыпты «алыаста»[1, с.85], немесе «арчы, арчыла» деп атайды, яғни аршаның аты содан қойылған болды. Кісі өлгенде, қатындар, немесе «шашты кісілер» бетін жыртып, дауыс қойып, «ый-быан-ай, ый-быан-ай» (қазақта: ойбай-ай, ойбай-ай, үйбай-ай) деп жылайды. Сірә, тура жылап жатқан кездерінде естіп, жазған кезде о мен ы, н, й дыбыстарын шатастырған болуы да мүмкін. Негізі тарихшы-этнограф Ж.Артықбаев бұл «Ой-бай-ана-ай!» деген сөз деп жазды. Ой, құдай-ай, ой, Алла-ай деген сияқты. М.Қашғари да Арғу елінің бас құдайы Байат деген еді. Сондықтан да, діндар қариялар бала кезімізде, «қой, ойбай деп айтпа, ол шайтанның екінші аты» деп тиятын. Сөйтсек, исламға дейінгі діни ұғымға қатысты екен ғой.
Ал, баласыз адамдардың әулиелерден бала сұрауы тура қазақтағы сияқты. Бір аңызда баласыз сақаның үйіне кешкілікте екі бақсы жолаушылап келе қалған екен. Ойуун емес, бақсы, яғни өте көне, оңтүстіктен апарған аңыз екені көрініп тұр. (Бақсы ролін кейін Сібірге барған соң ондағы тұңгыстардың шаманы – ойун алмастырған.) Үй иесі қонақтарын жаны қалмай күтеді, оған бақсылар қатты риза болады. Бақсылар аттануға даярланғанда сақа жағдайын айтып, жылап, бала сүюіне көмектесулерін сұрайды. Содан, екі бақсы шын көңілімен бата берген екен, әйелі көп ұзамай жүкті болып, екі ұлды бірінен соң бірін тапқан екен. Батаны сақада алғыс дейді. Жалпы мазмұны осындай аңыз қазақта да бар.
Мәшһүр Жүсіп «Орта жүз шежіресінде» «Арғынның бабасы Жанарысқа алты қожа бата берді» - дейді: Содан алты ұл, Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Смағұлқожа, Қосымқожа туған екен.
Бұл ислам діні кіргеннен кейін басты кейіпкері қожаға өзгертілген көне заманның әңгімесі екенін сақалардағы аңызда екі бақсы бата берді дегеннен көреміз. Бұл жерде олар өздерінің арғындар құрамында жүрген уағынан, яғни ислам діні әлі пайда болмаған өте көне заманнан қалған аңызды айтып тұр. Оның үстіне, сақалар да шежіренің Қарақожа Арғынның әкесі деген түрін таратып, әрі сонау Жанарыстың әңгімесінің мазмұнын есте сақтап тұр. Бұл бір жағынан сақалардың арғыннан ислам діні тарай бастаған VII ғасырдан бұрын бөлінгенін де көрсететін дәлелдің бірі болып табылады.
Ал, жору, бал ашу ғұрыптары да қазақпен тіпті бірдей, не құмалақ салады, не жауырын ашады. Оларды Н.Г.Ксенофонтов «Шаманизм» кітабында жақсы талдайды. Мысалы, құмалақ салуды сақалар «Биилке» немесе «Сыанған биилкеге» деп түсінікті қылып-ақ атап, домалақтап жасалған налим балығының 41сүйегімен адамның тағдыры мен ісінің нәтижесін жору үшін қолданылатын ерекше тәсіл деп бағалайды.
Ал, жалпы құмалақты салуы да жоруы да тура қазақтардыкімен толық дәл келеді. Негізі, құмалақ салуды қазақта екінің бірі білген, ал түсуін танып, сөйлетуін білсе, құмалақтың дәл айтатын ғажабы елге белгілі болған.

Жауырын ашу (Жауырынмен Жору) – Долуур, Доруу.
Жалпы, түркі тектес елдерде жауырыншылардың орны ерекше болған. Жауырынды екінің бірі салмаған. Бұл тегін адамға қонбайтын ерекше қасиет екенін ел білген. Қазақта атақты жауырыншылар бертінге дейін болған. Сақа елі де бұған өте үлкен мән береді және жауырынмен жору әдістері қазақтан айырмасы жоқ. Тек, қазақта қойдың жауырынын пайдаланады. Ал, Сақалар Байкал өңірінен қазіргі жағына көшерде өте қалың қарда жүре алмайды деп қойларын тастап кеткен екен. Сондықтан олар жоруда жабайы бұғының жауырынын қолданады. Жауырын да құмалақтағы (Биилке) сияқты, шартты түрде адам тағдырына, ісіне қатысты белгілі бір атауларға бөлініп, әр атаудың өз мәні, оңы, солы, өз жағы, жау жағы және т.б. болады.
Жауырыншылық туа бітеді, оны бірден білу мүмкін емес. Сондықтан қазақ жас нәрестелерді жауырынмен ауыздандырған. Бала жауырынның шеміршегін сорып, жауырыншылық қасиетін қабылдайды деп бабаларымыз сенген. Шынында да балалардың ішінен жаратылысы бөлектері жауырынға қарап сөйлейтін болған. Өсе келе мықты жауырыншылардан төжірибе алғандары әрі қарай дамытып алып кеткен. Сондай мықтылар жаңа сойылған бұғының жауырынын етінен тазартып, үстіне жанған шоқтың көмірін салып үрлейді. Жауырын сүйектің әр жеріне ыстық шоқтан жарықшақтар түседі. Жауырыншы жауырынды күлден тазартып ашқанда шоқтан күйгеннен түскен жарықшақтардың бағыттарының табиғатына қарап, ойға алған мәселенің жоруын айтады. Ең ғажабы, ол көбіне дәл келіп отырған.

Көне аңыз-ертегі, шежіре кейіпкерлері

Осы еңбекте сахалардың тегі «Хорохой [3, с.3511]– Аргын [1, с.145] - Өксүсу [2, с.1925] -- Мэйэрэм сұппұ [2, с.1543]-- Аjал [1, с.43] – Туөртугул [3, с.2907] -- Өрөс Күөл Дьул-Дьыгын [2, с.1962], немесе Өрөс Күөл Жулжигинъ [1, с.859] – Хайаран [3, с.3245] – Омогой [2, с.1832] – Эллей [1, с.249]» деп беріледі. Бұл, Қарақожа - Аргын - Мейрам сопы - Төртуыл – Оразкелді болып келетін қазіргі арғын шежіресімен өте дәл келеді және сопы сөзінің ислам суфизміне қатысы жоғын, әрі одан тым ерте заманнан келе жатқанын және қожа тіркесінің де кейін қосылғанын көрсетеді. Ислам діні кіргеннен кейін көп ру басы аттарына қожа сөздерінің қосақталғаны сияқты, қазақтың арғы атасы арабтан, сахабалардан тараған деп шежірелердің өзгертіліп жазылып жатқанын кезінде Шәкәрім қажы атамыз да сынап еді. Сондықтан, Оразкелді емес, Өріскелді болуы мүмкін. Ал, Дьыгын, Жыгын, Жігін [1, с.807-878] – левшакъ деп аударылады. Олай болса, Бегендіктің Оразкелді атасы кезінде «Өрүскелді Солақай» деп аталуы ғажап емес. Мәшхүр Жүсіп әулиенің қазақ шежіресінде Бегендік ерте өліп, Оразкелдіні Сүйіндік асырап алды деп жазғанын, ал бұның Г.Ксенофонтовтың сахалар Сюннуге (Хунну деп айтпайды) жатады деген шешімге келгенімен дәл келетінін мен бұрын жазған едім. [4]. Ал, Аjал есімін Аджал деп оқып, Ақжолға ұқсатуға болар еді, бірақ сөздікте негізінен « j» дыбысын көбінесе «и» деп оқылыпты, сондықтан Айал түрінде қалдыруға мәжбүр болдық.
«Өксүсү [2, с.1925] – имя самого дальнего из предков, о которых якуты сохранили хоть какое-либо воспоминание, за то время, когда якуты жили вместе с киргизами и бурятами; у него был сын Мэйэрэм Сұппұ». Бұл жерде тіпті, қазақтармен (киргиз) бірге тұрғанын және сол бір заманнан әйтеуір есте қалған бабаларымыздың ең арғы түбі, тегіміз Өксүсу, Мейрам сопы оның баласы деп анықтап айтып тұр. Бұл жерде сақалар Мейрам сопының әр жағындағы ептеп болса да есімізде қалған түп атамыздың бірі Өгіз деп отыр. Арғын Мейрам сопы ғана емес, олардың арғы түбі Оғыз екенін айтып, түпкі тегіне дейін жаздырып қойған деп ойлауға да болады. Сақалар өгізді оғус деп атайды. Бір қызығы, сөздікте «Ағам Оғус [1, с.17] – мужское сказочное имя» деген сөз тіркесі де бар. Аға, ағам [1, с.12, 17] деп әкесін, атасын, бабасын, қария кісіні айтады. Ал, аға, ағам сөзі адам атына қосыла айтылса, сол бір адамнан ру тарағанын көрсетеді. Сонда бұл Өгіз бабам деген сөзге келеді, бірақ бұл сөздің мағынасын олар ұмытқан, тек ертегіде кездесетін ер кісінің аты ретінде сақталып қалған.
Ең қызығы, сол кездерде ептеген даму сатылары болған шет елдердің бәрінде де, келісіп алғандай өгіздің бірдей дерлік атауы қалыптасқан. Мысалы, ағылшын тілінде өгіз – «ох» (окс), гректе -- «охоs» (оксос), латынша -- «оxus» (оксус), немісше – Ochse, нидерланд – os, норвег – okse, исланд - uxinn, швед, дат, грузин, армян – ox болса, окс деп қытай – жалпы сиырды, панджаб пен хинди – бұқаны айтады. Ал, оларға бұл атты «жез»-бен бірге кім апарды деп ойланғанда, гректердің денесі төрт, не жүз көзден тұратын, бірақ екі көзі ұйықтағанда қалған бәрі ояу тұратын сақ, бәрін көретін, көреген, (оғыздар көрегенді гөзлі дейді) «Аргос», «Аргус» құдайы апарған жоқ па деген де бір қызық сұрақ туады екен. Өйткені, грек аңыздарында алып Аргос ел бір шара қыл деп сұраған соң, оқыстан пайда болып, Аркадияны қыран жапқандай қылып, жапырып жеп жатқан алып өгіздің мойнын бұрап жеңеді. Одан кейін, қызғаныштан сиқырмен ақ сиырға айналдырылған Инахтың қызы Ио-ны Микен деген жерге бұтаға байлап күзетеді. Ио – Айым деген сөз, өзі қыздың атына да келеді. Мысалы, сақа тілінде: Ый [3, с.3760-3761] – луна, месяц, месяц – время года, ай, ал, ыйа – айы, айым. Саңа ый – новый месяц, 14-інде толған ай. Бас ыйа – первый месяц. От ыйа – июль.
Сол гректердің аңыздарындағы Инах дегені – топан судан кейін Аргивяндарды таудан жазыққа алып келген құдырет иесі, алғашқы патшасы. Оның қызын гректер сиырға айналдырылды деп тұр. Өзі сиыр болса, қызының да одан алыс кетпейтіні белгілі. Жапырып жеп жатқан өгіз дегенінен жайылым азы белгілі болды, әрі грек жерінде бұрын болмаған, бөтен жақтан келген «құбыжық» екені көрініп тұр. Ал, Аргос болса, гректер үшін қорқынышты «құбыжықты» жеңетін, байлап алатын, яғни, Оxos-ты (өгізді) бағындыруды білетін құдыретті алып, не өзі әкелген болар.

Гректер бір қызығы, скифтердің сөздерін, олардың тарихына байланысты мол деректерді сақтаған. Олар көп нәрсені скифтерден үйренгенін жасырмайды. Геродот сол скифтердің Каспий теңізінен төмен жағында тұратындарын парсылардың Сака деп атайтынын жазады. Парсылардың, әрине, көрші тұрған, өздерінен салық алып тұрған елдің атын басқаларға қарағанда жақсырақ біліп, бұзбай дұрыс айтатыны түсінікті. Сонымен бірге, олардың, қазіргі қалыптасып кеткендей, сақ демей, сақа деп атағанын шетел ғалымдары да біледі, тек қазақтар ойланбастан сақ дегенге жабысып қалды. Өйткені орыс тілді тарихшылар Совет заманының алғашқы жылдарында-ақ, неге екені белгісіз, оларды cак, саки деп, ал кәдімгі Россия құрамындағы сақаларды якут деп бұрып атап алды. Ол біздің орысшадан басқаны оқымайтын, тек орыс деректерін ғана дұрыс деп ойлайтындар үшін заң есебінде қабылданады.
Кейін, КСРО тарап, әрт ұлт тәуелсіздік алып жатқан дүрмекте якуттер де Саха атын қайтарып алды. Олар өздерін бұрыннан да сахамыз, біз асылтекті әулеттенбіз дейтін. Сонау патшалық Россия уақытынан «Саха - сара, урянгхай – бура», «Саха сарайдан, Өтүкен үрейден» деген мақалдарын айтып, өздерін патша текті тұқым ретінде басқа сібір түркілерінен артық санап тұратын. Ал, сол Сақалар өздерінің арғы тегін Арғын дейді. Ол деректі Э.Пекарский 1881 жылы жазып алыпты.

Ал енді, сол Сақа тілінде Ынах [3, с.3798] деп расында да сиырды айтады. Он мыңдаған жылдар бұрын топан су қайтқаннан соң бабаларымыздың сол Ынахтардың соңынан таудан жазыққа түскені де де рас. Негізі, ынах, ыйнах, хайнаг деп қодас пен сиырдан туған буданды айтады. Ол будандастыру арқылы алынғандықтан, жәй сиырға қарағанда өнімділігі жоғары, сүтті, сүті қою, салмағы ауыр, ыстық-суыққа төзімді, мыңдаған шақырымдық керуен жолдарына шыдамды күй талғамайтын тұқым, қырғыздар оны Арғын десе, моңғолдар оны әлі күнге дейін хайнаг деп атайды. Бұл да Сақаның ынах дегеніне қатты ұқсайды.
Тәрізі, Аргос б.з.б. II-I мыңжылдықтарда грек, парсы жерлеріне де жәй сиыр емес, керуен тартып, ұзақ жолға жарап, шыдап баратын тек асыл тұқымды ынахтарды ғана апарған. Басқа сиыр тұқымы ондай жолға шыдамас еді. Сақалар парсы мен грекке барар жолда тұрғандықтан, олардың қолданысында да осы төзімді ынах тұқымы болды. Кейін сонау Мұзды Мұхиттан бергі Қиырды жайлағанда сақалар үскірік суық ауа райына төзімді осы инахтардың қызығын көрді, олар будан болғандықтан суыққа шыдады, күй талғамады, бөріге алдырмады, суық түсе жүндері қодастай қалыңдап өсіп, қалың қарды тебіндеп қыс бойы жайылып шығып отырды. Бұл жалпы, Ғұндардың мал тұқымын асылдандыруға көп көңіл бөлгенін көрсетеді.

Осы туралы Н.Я.Бичурин былай деп жазды: «Предок хуннов был потомок Дома Хя-хэу-шы, по имени Шунь-вэй. Еще до времен государей Тхан и Юй, находились поколения Шань-жун, Хяньюнь и Хуньюй. Обитая за северными пределами Китая, переходят со своим скотом с одних пастбищ на другие. Из домашнего скота более содержат лошадей, крупный и мелкий рогатый скот; частью разводят верблюдов, ослов, лошаков и лошадей лучших пород[16,т.1.с.139]. Бұл жерде Якинф хуннулар малдың жақсы тұқымдарын шығарумен айналысады деп жазып отыр. Мұндай дерек М.Қашқарида да бар: «Арқұн –жабайы айғыр мен қолдағы қысырақтан туған будан. Бәйгеде көбіне осындай аттар озып келген». [15,1т. с.138].
Ә.Марғұлан да өзінің Орталық қазақстанның ежелгі мәдениетін зерттеген қазба жұмыстарының нәтижесінде, Атасу-Нұра мәдениеті кезінде малдың тұқымын қолдан асылдандырумен айналысқандарын дәлелдейді. Табылған сүйектерден, Римнің легионерлерінің аттарынан сүйемдей биік аттар, арқармен будандастырылған ірі қойлар, әлемде бірінші болып үйретілген түйелер болғанын дәлелдейді: [18,c.414] «Из изложенного следует, что на территории Центрального Казахстана начиная с эпохи бронзы существовала многовековая традиция искусственного выведения из рядовой массы степных лошадей верховых коней улучшенного качества.
...Таким образом, курдючные овцы в раннесакское время обнаруживают значительное сходство с дикими формами , в частности, с архаром».

Шынында да, әлемдік топан су қайтқаннан кейін пайда болған қазақ жеріндегі Шудан Сібірге дейінгі (арасы Бетпақ дала) кең жайылымды жазықтарға тауды паналаған жабайы мал бірінші түсті, ал, оның соңынан адамдар да түсуге мәжбүр болды. Төрт түлік мал қанша жабайы болса да, тауда, орманда, теңізде өмір сүре алмайтын болып жаратылған еді. Оларға азыққа тек шөбі шүйгін, суы мол кең жайылымдар ғана керек еді. Гректердің жері сияқты шамалы төңіректі шынында да жапырып жеп қояр еді. Тәрізі, аргивияндардың қалың сиырлары жапырып жеп жатқан соң, мына сұмдықтарыңды әкете гөр дегенде Аргос қуып, қайырып алып кеткен шығар.
Топан су қайтқан соң қазіргі қазақ жерінде пайда болған шексіз даладағы жайылымдар олардың қаптап өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Олар су іздеп, жайылым қуалап, жыл мезгілдеріне байланысты кең даланы кезіп шұбырды. Бұл жерде, әрине, елдің көз алдына теледидардан көретін Африкадағы Сафари, су іздеп шұбырған пілдер, гну антилопалар, зебра табындары, буйволдар, олардың соңдарындағы арыстандар мен қорқау қасқырлар келеді. Бұл, сөз жоқ, біздің айтқанымызға өте жақын суреттер.
Тек, бір ғана айырмасы бар, ол төрт түлік малдың санының өте көптігі болатын. Топан судан аман қалған тас ғасыры адамдарының саны аз, әрі қарулары қарапайым, малды көптеп аулауға мүмкіншіліктері кем болды. Сол себепті б.з.б. 10-12 мың жылдықтарда жабайы мал басы қатты өсті. Сафаридағыдай жүздеген піл, екі-үш жүз гну, қырық-елу жираф, бір-екі мың буйвол, жиырма-отыз бегемот емес, соңдарынан ерген жыртқыш аңдары мен адамдар қауымдары бар миллиондаған бас жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе, оған қоса басқа да қолға үйренуге қолайсыз шөпқоректі тағы жануарларға жыл он екі ай тоқтамай күндіз-түні жейтін миллиондаған гектар шүйгін шалғынды жайылымдар керек еді. Ол үшін мал көктем басталысымен кетіп бара жатқан қарды қуалап, солтүстік мұзды мұхит жағалауына дейін баратын. Қар, еріген қардан қалған ойдым қара сулар, жолдағы өзен-көлдер судан таршылық сездірмейтін. Ал, Евразия даласының кеңістігі оларды шалғынды жайылымдармен толық қамтамасыз етті. Қара күзде мал біткен қуа жауып, соңынан суық әкеле жатқан қардан ығыса оңтүстікке қарай шұбырып, қоңыр салқынмен, қар аралас көк соқта көдені сыпыра шалып, қоң жинай отырып қысы жоқ жылы жаққа жететін.

Әлемдегі ыстық жақ пен суық жақты байланыстырып жатқан шөл атаулының ішінде тек Бетпақ далада ғана шөбі мол жайылым бар. Осы жағдай малдың меридиан бойлап, солтүстік пен оңтүстік арасында Бетпақ арқылы шұбырып, жыл он екі ай бойы еркін жайылуына қолайлы болды. Олардың соңдарынан таудан түсіп, адамдар ерді. Аулады, ұстады, үйретті. Сол себепті, тек малды қолға үйретіп, материалдық игілік көбейген, адам қауымы матриархаттан патриархатқа ауысып, көп әйелділік басталған заманнан бастап адамдар саны жақсы өсе бастады. Сөйтіп малды бағып, артынан еріп жүріп, жолындағы Арқада ашық жатқан жезді, мысты көріп, қорытуды үйренді, оны игеріп, темір соқамен жер жыртып егін салды. Осыдан 5-6 мың жылдар бұрынғы, егін суару және металл жуу үшін сайларды бөгеп салған тоғандар, егістіктер орындары, кен карьерлері, мыс қорыту пештері, қоныстар, қазақ жеріндегі бүкіл қорған, оба атаулының жартысы Атасу өлкесінде, Ақтау, Қызылтау, Ортау жерінде екендігін Ә.Марғұлан бастаған ғалымдар зерттеп жазғанын білеміз [18].

Бұл төңіректі М. Қашғари Талас бойындағы екі таудың ортасы тегіс Арғу қалалары деп жазады. Бұл Осы Евразия жазығын жайлаған Құн елінің Парсы мен Қытай арасындағы сауда жолын ұстаған отырықшылары жайлайтын қалалық бөлігі еді. Олар мыңғырған малды, Арқада өндірілген жезді, алынған астықты саудалап, дүниенің түкпір-түкпіріне жөнелтіп отырды. Неолит төңкерісі кезінде сиыр малы қолға үйретіліп, оған мінген, оны арбаға жеккен, жез құралды, қола қарулы елдің орталық Қазақстаннан бүкіл дүниеге тарап, оларды әлемнің мойындағаны анық еді ғой. Ал, Окс, Джес, Жез, Йез деген ұғымдардың содан тарап, күні кешеге дейін дүние жүзі елдерінің қолданысында болғаны да мәлім [17].
Жалпы, X-XI ғасырларда Махмуд Қашғари көп көңіл бөліп жазатын Арғу-Талас, Арғу, Арғын сөздерінің өзі де арғы ел, көне, көне ел дегенді білдіріп тұр. Мүмкін, керісінше, Арғу, немесе Арғынның өте ерте заманғы ел екендігінен арғы сөзі көне, ертедегі дегенді білдіретін сөз, ұғым болып қалыптасып кеткен болар. Бұл тереңірек зерттелуге жататын мәселенің бірі.

Ал енді, сақа шежіресіне келетін болсақ, бәрі түсінікті болып келеді де, Арғынның әкесі Өксүсү дегені арғын тарихында кездеспеген сөз екенін көреміз. Сол себепті, бұл арғынның әкесін емес, қай жерден келгенін көрсетіп тұруы мүмкін-ау деген ойға жетелейді. Яғни, бұл сақалардың эфталит империясы құрамында болған кезде тұрған жері Жиделібайсын арқылы ағатын Амудария өзенінің ескі аты Окс болғандығынан, Өксүсү дегеніміз -- Окстік, немесе, Өксү-сулық деген сөз емес пе деп ойлануға мәжбүр етеді. Ортағасырлардағы хорезмдік авторлар өзен атын Окуз деп жазды. Орта ғасырлар деп, әр дәуірде әртүрлі пікір болғанымен, ғалымдар кейінгі кезде VII-XVI ғасырлар аралығын айтып жүр. Яғни, бұл да сақалардың VII ғасырдан бұрын ол жерден кетіп қалғанын, сондықтан бұрынғы атауды айтып тұрғанын көрсетеді. Ал, одан әлдеқайда бұрын, зороастрийліктердің қасиетті кітабы саналатын Авестада ол Вахш, Раха, Ранха немесе Аранха деп аталды. Александр Македонский жорығы кезінде, гректер оның аты (грек сөйлеу мәнерімен) Оксос (Oxos) деп айтылатынын білді, яғни бұл гректер емес, жергілікті ел қойған ат еді. Өзен аты латынша Оxus, арабша Джейхун, тәжікше Амудария деп аталыпты. Өйткені, өзен жағалауындағы әр халық өздері тұратын тұстарында өздерінше ат қоятыны белгілі. Сол уақыттарда табылған кушан ақшаларында да су құдайының құдырет тәңірі бейнеленіп, жанына Окшо, кейде Охшо деп жазылған екен.

М. Қашқари да «Түрік сөздігі» (Диуани лұғат ат-түрік) кітабында Оғуз, Өкүз бен Өгүз сөздерін бір-бірінен айырып жазады: OҒUZ: ОҒУЗ [15, 85-87] – түрік тайпаларының бірі, оғыз – түркімендер, олар 22 ұрықтан тұрады;
OKUZ : ӨКҮЗ [15, 87б.] -- Жайхұн мен Фират (Ефрат) сияқты үлкен дарияларға берілген ат. Бұл сөз жеке қолданылғанда оғыздарша «Benegit: Бенегіт – Бенегит» дариясы деген ұғымды білдіреді. Олардың шахарлары сол өзеннің жағалауларына орналасқан; олардың көшпенділері де сол дария жағалауларында тіршілік етеді. Түрік өлкелерінің басқа бірталай өзендері мен өлкелері де ӨKYZ : ӨКҮЗ деп сол атты алған, солай аталады;
ӨGYZ : ӨГҮЗ [15, 88б.] -- өгіз; Іле мен Иафынш арасында орналасқан бір қала да Jki ogyz : Ики өгүз -- Екі өгіз деп аталады».
ОҚ [15, 76 б.] – енші, үлес. Мирасқа тиетін үлес. ӨG : ӨГ[15, 76 б.]—ақыл, ес, зерде, пайым; орта жастан асқан хайуанның барлығына ӨГ—ӨК деп айтылады. Арқа жұрты сиыр малын айдағанда «өк» дейді.
М.Қашқарида UZ : ҰЗ [15, 75 б.] – қолы епті, іс-өнерге бейім кісі. Ұз кіші – ұста кісі. Ал, Э.Пекарскийде де аңызға айналған тұлғаларды ұса дейтінін жазған едік. Мысалы, Сонда, ОҚ+ҰЗ =ОҒҰЗ – еншісі ұсталық, мысты, жезді меңгерген ұста ел дегенді білдіреді.
Ал, мұндағы Бенегіт деген тайпа аты Оғыз халқына жатпайды, өйткені ол М.Қашқари келтіретін оғыздың 22 руының [15, 85-87б.] арасынан кездеспейді. Бенегіт аты, шахарлары дәл сол Окүз өзенінің жағалауларына орналасқан Бегендік (Сақа) тайпасының атына ұйқас келеді. Бегендіктердің бір бөлігі қазір де тура сол жерде, сол Өкүз (Амудария ) өзенінің бас жағындағы жағалаулардағы елді мекендерде, Лақайлардың құрамында, арғынның басқа да қуандық, сүйіндік, төртуыл, мейрам, чегене руларымен бірге өмір сүруде. Қазақтағы Арғын-Мейрамсопы-Бегендіктен қалған жалғыз Қозған, ал Шегендіктен (Чегене) қалған жалғыз Қақсал руы.
Олардың бір бөлігі Ақмола облысындағы Атбасар және Астрахан аудандарында тұрады, өздері бұл олардың көне замандағы жайлауы екенін, ал қыстауға сонау Жиделібайсынға, Самарқан, Бұқардан асып көшкендерін біледі. Олар Арғын – Мейрамсопы – Бегендік, Шегендік болып таратылады.
Бегендік пен Шегендіктің үшінші бір бөлігі сақалардың Якутияға кетер жолында шашылып қалып қойған сияқты, тура жолда, Павлодар облысында бірге тұрады. Асын, тойын бірге өткізіп, сол облыстағы Сүйіндіктерге қосыла қоймайды және олармен жақындықтары бірдей болса да, Бегендік пен Шегендік екеуі бір туғандай болып, бөлініп тұрады. Бұл олардың сонау сақ заманынан еншісі бір болып, бірге тұрғанынан, бірге дәулескер мемлекет құрып, Иран, Грек, үндімен бірге алысқанынан, дәурені қайтқан кезінде, түрік қағанатына бірге бодан болып, төрт бөлініп шашылып қалғанда да бірге болғандығынан. Олар содан да қай жерде жүрсе де бірге жайлайды, бірге өмір сүреді, оның үстіне, неге бұлай, қалған еліміз қайда деп үнемі ойлайды. Негізі, Қуандық пен Сүйіндік ылғи бірыңғай болып, Қытаймен тайталасқан Құндардың басты рулары ретінде үнемі жаугерлікте болып, ал, Бегендік иен Шегендік Иран, одан бұрын Парфия, Греко-Бактрия бетіндегі тай-таластарға қатысты. Олардың мемлекеттілігінің негізі Арқадағы кеніштер мен егін өнімдері, Бетпақ арқылы мыңғырып көшкен, Арқаның кең шүйгін шалғындарында жайылған мал болды. Ал, оңтүстіктегі Арғу қалалары Қытай мен Грек, Рим, Парсы арасындағы сауда жолдарын ұстады.
Қалған төртінші бөлік Саха жерінде. Бэкэнэ [1, c.425] де, Чэкэнэі [3, c.3598] де осында. Олар бәрібір тағы да бірге әйгілі сақтардың мемлекетін құрды. Оны Арқадағы ел біліп отырды, өйткені, бұрын ептеген қатысы болса, кейін бәрі бірге Алтын Орда құрамында болды. Жәй білген жоқ, сол VI ғасырдан бастап хабардар болып, сақ деп осыны айт, бұл Қас сақ деп сүйсініп отырды. Өйткені онсыз да сақалардың өнеріне, сүйсінетін басқа арғындар оған шейін де мықты адамды «сақадай сай», көсем болар жігітті «ақылы асса сақа ғой» деп мадақтайтын, елден артық атаулыны сөйтіп сақаға теңейтін. Кейін ол сөз, сақаның бодандыққа қарсы табанды күресін көргеннен, тіпті еркіндік көрсеткішіне айналып, тәуелсіз жүруді аңсаған арғыннан бөлінген Қуан, Құбан сияқты талай елге «Касахия», «касоги», қазақ, казак деген ат болды және бертін келе жаңа құрылған хандықтың атауына да негіз болды.
Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған Арғын мен Керей руларының Алтын Ордадан бөлініп кетуіне Арғын Ақжол бидің өлтірілуі себеп болатыны, қазақ хандығын құрушы тайпалар арғын мен керей рулары болғандығынан, ал, оның ішінде басты тайпа Арғын руы екендігінен. Әйтпесе, Ақжол бидің құнын кім даулайды, жаңа хандықты қассақ деп кім атайды? Ал, қалған ру-тайпалар екі ғасыр бойы Ноғай, Моғолстан хандықтарынан олар әлсіреген кездерде бөлініп кеп, қосылып отырды.
Мысалы, патша заманында 1897 жылғы санақта керей руы арғынның бестен біріндей екен. Бұхар жырау бабамыздың ағайын аралық сөз таласында «Сен бұзау терісі шөншіксің, Мен өгіз терісі талыспын. Мен Арғын деген арыспын, Ауызы кере қарыспын!» дейтіні де саны әлдеқайда көптігінен, әрі жолы үлкендігінен. Сол себепті де олардың хандықты Қазақ деп атауының себебі, кезінде бодан болып, қырғынға ұшыраса да, тағдыр айдап сонау Мұзды мұхиттан бергі өлкеге шығып кетсе де, өз арғындарының (сақтардың) бәрібір елдігін сақтап, тәуелсіз болып, мемлекетқұрушылық қасиетін жоғалтпай отырғандығынан, сол бауырларымыздай, Қассақтай тәуелсіз болайық деген ойдан шығып еді. Оның тағы бір себебі, сол сақалардың үлгісінен, қазақ хандығы құрылардан көп бұрында да қассақ болып кету дәстүрі -- еркіндікті сақтап қалу үрдісі болып, тәуелсіздікті аңсаған елдің ұлттық идеологиясына айналып, бүкіл алаш жұртына тарап кетіп еді. Тәуелділікті мойындағысы келмей, хандығынан бөлініп көшіп кетіп, жеке тұрып, еркін ел боп сезінген жұрт өзін қассақ болдық дейтін. Бұл Бенегіт тайпасы дегенге түсінік беру мақсатындағы әңгіме.

Ал енді, Амудария өзенінің атауларына қайтып келсек, бұл жерде айтайық дегеніміз, Оксос, Оксус, Өксүсү сөздері Өгіз мағынасын білдірмеуі де мүмкін. Өйткені, сақалар өгізді оғус [2, с.1787] дейді, ал өзенді айтқанда, «ғ», «г» дыбысының орнына қатаң «к» дыбысын қолданады. Оны біз М.Қашқари сөздігінен де көріп отырмыз. Оксус өзені эфталиттер (қазіргі Лақайлар) тұрағы Жиделібайсынның Ауғанстандағы бөлігіндегі Гиндукуш тауынан бастау алып, Арал теңізіне құяды. Сақалар Жетісудан ығысып Жиделібайсынға келгенде өзеннің ағысына қарсы жүріп, басталатын жеріне дейін барды. Осыған байланысты, сөздікте «өксөi» (өкше) деген сөз де бар.
Өксөі, өксө [2,с.1923] – 1) ехатъ или плыть на какомъ-либо судне, противъ течения, вверхъ по реке; бу білірі өксөйүөғұм – я подымусь по этому притоку или разделу реки; 2) возставать на кого, итти напротивъ; 3)парить (об орле). Осыдан шығатын да тағы бір сөз бар: «Өксөкү [отъ өксөi+кү] [2,с.1924] – сказочно-шаманская птица, представляемая обыкновенно с двумя или тремя головами; двухглавый орел, царь птицъ». Қазақ жолаушыға құмалақ салып, «өкшесі көтеріліп, жолға шығайын тұр» деп болжайды, жол басталатынын айтады. Арғынның басқа рулары «өкше» десе, сақалар «өксе» деп айтады. Олардың «ш», «ж» дыбыстарын «с» деп айтатындарын мен «Алтын сақа» атты мақаламда жазған едім. Жылқыны сылғы, шайқасты сайқас, желіні сэлі деген сияқты. Содан да, «с» -ға тым әуес адамды ел мынау сақа-ау, (сақа ғой) деп атап, содан сақау сөзі шықты. Сонда, гректер келген кезде Амударияның Самарқандқа өтер тұсын Сақалар мекендеген, Оксос деп гректер солардан естіген-ді, бұл шынында да өзеннің бас кезі еді. Осы жерден судың өкшесі көтеріліп, Аралға қарай тартады.
Яғни, «өксө», «өксөсу» өзеннің басталар тұсын көрсетеді, ал, гректер де Амударияның Аралға құяр маңынан емес, бас жағынан, Самарқандтан төмендеу, сақтар тұрған Оксос деп аталатын тұсынан келгені тарихта белгілі, картасы сызылып көрсетілген. Олай болса, сақалардың тегі Оксостық (Өксүсулық) Мейрам сопы болып шығады. Негізі, әр рудың өзінің бұрынғы жақсы тұрған жері өз жерұйығы болады, содан да «Ақтабан шұбырынды», «кәмпеске», 1916 жылғы солдатқа алу, 1932-33-тің аштығы сияқты қысылтаяң кезеңдерде үйсін, керей мен найман рулары Қытайға, ал арғын рулары Бұхара, Самарқанд маңына көшті. 16-шы жылдардағы «қара жұмысқа алу» кезінде арғында, Арал маңындағы толқыған елде Жиделібайсынға кетеміз деген қозғалыстар да болды. Сонау қилы да қиын замандарда Жерұйық – Жиделібайсын туралы Асан қайғы абыз, одан кейін көмекей әулие Бұхар жырау да толғанған. Ал, түбі қазақтың басқа руларынан, яғни ол жерде тұрмаған елдерден шыққан ақын, жырау, билер Жиделібайсын туралы сондай толғанбаған. Ал, Мейрам сопы дегендегі сопы сөзін кейін талдаймыз.

Енді осы сөздікте кездесетін басқа да қызықты деректерге келейік:
«Алыс луо хан – имя кузнеца в сказках». [1,с.89]. Бұл Алаша хан есіміне келеді, ең қызығы соңына хан сөзі қосылып тұрса да темір ұстасы дейді. Өйткені, алғаш металл өңдеуді игергендер, ұсталар әлемдегі сиқырлы күшке, ерекше тылсым өнерге ие болған әулие, құдырет деп саналды. Мысалы, Шыңғысханның да есімі Темірші. Сол сияқты, Темір-Құтлық, Темір, Темірлан аттары да әлемге әйгілі адамдарға қойылды. Ал, хан сөзі қосылуы металды игерген елдің патшасы, темірдің иесі дегенді білдіреді.
«Алыс» [1,c.88] – өлшемсіз, шексіз, төтенше, таңғаларлық, шектен тыс, ерекше дегенді білдіреді. «Луо» [2,с.1480] деген кісі атына қосымша жалғау -- үлкен, ұлы. Мысалы, Ыңыранар луо-хан-тойон [2, с.1480] – глава одного изъ семи племенъ подземныхъ духовъ. Сақалар «ш», «ж» дыбыстарын «с» деп айта береді, содан Алашты Алас деп, оның өте көне замандық ат екендігінен алас пен алысты ауыстырып түсінуі әбден мүмкін. Оның үстіне, моңғол тектес сібір түркілерінің тілдерінің қосылғандығы себепті, сақалар «а» мен «ы» дыбыстарының орындарын ауыстырып та қолдана береді. Сондықтан, Алас, Алаша хан сөздері олай да, былай да ертедегі, өлшеусіз алыс уақыттағы есім болып қалыптасқан.

Сонда, ертегілік Алыс луо-хан деген кісі аты Шексіз ұлы хан (Ерекше ұлы хан, Ғажайып ұлы хан) атты темір ұстасы, Алас Ұлы Хан, немесе, өте көне заманғы, ертедегі (алыстағы) ұлы хан, әрі темірші, темір иесі болып шығады. Бұл шынында да Алаша хан есімі болуы ғажап емес. Ең кереметі, сақалар ұса сөзін кейінгі заманда өмір сүрген шеберлердің аттарына да қосып айтады, олар бертіндегі белгілі ісмер адамдар екені көрініп тұрады, ал, аты аңызға айналған ертегінің батырына, не шаманға қосып айтса, ол адамның сонау неолит заманының адамы екенін түсінесіз. Мысалы, б.з. IV ғасырындағы Хабыдал батыр (Hephtal), VI-XI ғасырлардың кейіпкерлері Дабы Соххор, Эр Эллэй, Хан Харахан түгіл, б.з.б. VI ғасырдың ортасында өмір сүрген әйгілі Тұмар патша атына да ұста дегенді қоспайды. Өйткені, олар металды меңгерген неолит заманынан мүлдем бергі адамдар, металл, ұсталық таңсық емес, жеке бұлардыкі ғана емес, барлық ел үйреніп алған замандағы ерлер. Негізі, олар «ұса» деп жалпы қолы шебер кісіні айтады, ал, теміршіні «тімір ұса» - «кузнец» деп бөліп, нақтылап айтады. Ал, мына жерде қаншама батыр, хан, патша есімдерінің ешқайсысына қоспай, тек Алаша ханды ғана «имя кузнеца в сказках» - деп анықтап айтып, Алаша ханның бір кездерде металл өндіруді жеке меншіктенген, өздері ғана меңгерген елдің ханы екенін көрсетіп тұр. Яғни мұны Алаша ханның көне Арғу мемлекетінің Нұра, Атасу, Бегазы-Дәндібай мәдениеті кезінде, яғни Орталық Қазақстан жерінде неолит төңкерісін жасап, жылқыны үйреткен, металды меңгерген уағындағы ханы, өте алыстағы, көне замандағы, осыдан 4-6 мың жылдар бұрынғы Алғашқы Ұлы ханы екенінен хабар беретін дерек деуге болады. Сонда бұл металға ие, металл өндірісіне ие, яғни металл өндірісімен аты шыққан елдің билеушісі -- Алаша хан деуге болады.

Тумар [3, c.2808] – часть имени: Ар Тумар ырахтағы – царь по имени Ар Тумар. Ырахтағы [3,c.3814] – вдали (далеко) находящийся, далеко живущий, дальний, далекий государь, царь, императоръ, король, князь, царствующий. Бұл енді «өте ерте замандағы патша» деген сөз.
Ар [1,c.126] – лучший въ своемъ роде; почтенный; важный; громадный; чистый, священный, божественный. Бұл М.Қашқаридың түрік тілі сөздігімен де дәл келеді екен. Ол «АР [15, 62 б.] – қуаттап күшейткіш қосымшасы, бір нәрсені мақтап, аса жақсы екенін білдірмек болса;» және АР [15, 109 б.] – сырттан; Ар бөрі – көкжал бөрі» - деп жазады. Мағынасы тіпті бірдей екен. Мыслы, Арсақ – Қасиетті Сақ, Асыл Сақ, Қассақ болады.
Сонда бұл «Өте ертедегі қасиетті Тұмар патша», яғни, бұл кісіміздің кәдімгі сақтардың б.д.б. әйгілі көсемі Тұмар патша екені көрініп тұр. Негізі сөздікте «а» әрпінің үстіне қос нүкте қойса, «э» дыбысын береді. Бұл жерде «А» әрпінің үстіне сызықша қойып, екпін берген, сондықтан Ар деп екпінмен айтылыпты. Оның үстіне бұл ер кісінің аты. Әйел болса хотун сөзін қосып көрсетер еді. Мысалы, Хан хара-хан Хатын, [3,c.3294]. Ал, бізде қалыптасқан Тұмар патшайым (Томирис) атына келсек, парсының атақты Кир патшасына қарсы күресте қапыда күйеуі Ар Тұмар патша өліп, жалғыз ұлы қолға түсіп, қаны қарайып, ашынған ана -- патшайымның ел тізгінін қолға алып жіберіп, халқын қорғанысқа бастап шыққанынан елі басын иіп, Тұмар патшайым, (Тұмар патшаның әйелі) деп мойындағаны, әрі парсылардың да солай қабылдағаны сөзсіз. Немесе, өте көне заманғы (жырақтағы) есім болған соң, жынысы ұмытылған болар. Ал, Ар сөзі жынысын емес, қасиетін ұлықтап тұр.

Осыған байланысты тағы бір мысал Эллэйге қатысты:
Эллэй, Эр Эллэй, Эр Соготох Эллэй [1, c.249] (слово Эллэй означало в старину: большой, громадный) – имя одного из предковъ якутовъ... деп берілгенде Эр және Эллэй сөздеріндегі Э әрпі А болып жазылып, үстіне қос нүкте қойылған, бұл «Э» болып оқылады. Ол, әрине, бәрімізге белгілі, сондай әліппе қолданылған. Мұндағы айтпағым, Э.Пекарский мен сөздікке түсіндірмелер жазған ғалымдар «Эр» мен «Ар» сөзінің қалай жазылу керектігін де, мағынасын да толық білгендіктерін атап өту еді. Негізі, «а» дауысты дыбысын көп халықтар «э» дыбысы сияқты айта беретіні, әрі солай естілетіні де белгілі ғой. Соны біліп, Ер жігіт Эллэй, Ер Эллэй, ал патшаны Ар Тұмар деп жазып, мағыналарын айырып көрсету үшін анықтап тұр.

«Дабы соххор [1, c.660], (Добун соххор [1, c.725]) – далеко хватающий кривой—одинъ из девяти (семи) братьев лесныхъ духовъ. Добун [1,c.725] –сильный, жестокий, сухой, возвышенный». Бұл кәдімгі Ә.Марғұланның «Ежелгі жыр-аңыздарындағы» Добун-Баянның (Домбауыл) қасында болатын, өзенмен ағып келе жатқан сандықты «Ұстасақ сандық менікі, іші сенікі, тіке атпа, қия ат!» дейтін Дауа соқыр.
«Хан Харахан [3,c.3296], Харахан хан [3,c.3347], Ала Қарахан, Харахан тойон» – сөздікте жиі кездесетін ертегінің батырының аты. Ала Қарахан дегені де ойланарлық. Қарахан Аланың (Алаша) тұқымы екенін көрсетпей ме екен деген ойды тудырады. Рашид-ад дин Алашаханның немересі Қара хан, ол Оғыз ханның әкесі [11, с.80-83] деп жазады.
Махмуд Қашқари [15,3,301,б.]: – Қара: Хақанның хандары қара аталды. Бура қара хан. Қазақта Қарақожа, Қарабатыр, Қарабура, қара дәу, алып қара күш, қара орман сияқты аттар мен теңеулер көп кездеседі.
Э.Пекарский [3,с.3329]: -- хара: черный, темный; кісі-хара буол – быть человеком, выйти в люди; кісі-хара төрде буол – быть родоначальником; Бара хара тойон – имя абасы первой категории; Бэрт хара (славный черный) – атақты ру басы: Барлық мысалдардан Хара-ның күшейткіш сөз екені көрініп тұр. Жалпы, Хорохой, Алып Қара бухатыр [1,c.88], Қарақожа батыр, Қарахан хан (Қараханид), Қаралуқ, Қаракесек аттарының бәрінің де тегі бір екендігін олардың арғынға қатыстылығынан да, жайлаған жерлерінің бір төңіректе екендігінен де байқауға болады.

«Модун» [2, c.1578] – большой, толстый, необузданный, своенравный, отважный, сильный; Модун бухатыр [2,c.1578] – могучий богатырь. Мөддүкән – старинное имя. Модун мойун – толстая шея, модун тас – крепкий камень. Сонда Модун қаған дегеніміз – Қуатты қаған (Мықты, Ер қаған) болып шығады. Модэ деп Якинф қате жазған, дұрысы Модун.
Сақалар Қытайға бармай, Иранмен алысып жүрсе де, хунну көсемі Модэ (Модун) батырды есте сақтағаны сақа мен ғұндардың бір ел екенінен хабар береді.
«Луоғай» [2, c.1481] – ауыр қозғалу, Лақа [2, c.1470] – 1) ершъ; 2) бык, рогатка; «Луоғайар-луо хан-тойон [2, c.1481] – сказочное имя». Бұл сөздер Жиделібайсындағы Лақай елінің атының өгіз атынан шыққанын білдіретін сияқты. Өгіздің ауыр қозғалатыны да келіп тұр. Өгіздей үлкен, ауыр салмақты көсемнің аты екені көрініп тұр.
«Абды» [1, c.8] – ер кісінің және рудың аты, «Абыдал» [1, c.11] -- ер кісінің және шаманның аты.

«Хабыдал-хара-бухатыр» [3,c.3216] – имя абасы богатыря. Сақа тіліндегі абасы (злой дух) богатырь сөзімен қос сөз болып айтылса, мифтік сипаттағы патша, батыр дегенді білдіреді. Мысалы, «Байақал абасыыта» [1, c.6] деген сөз «морское чудовище, морской царь, богатырь» деп аударылған. Сонау әлемге әйгілі эфталит империясын құрған Хабыдал-хара-бухатыр (Hephtal, Эфталан) есімі содан бергі мың жарым жылдан кейін ғана емес, сол уақыттың өзінде аңызға ұқсап, әлемді тітіреткен қорқынышты атқа, мифтік кейіпкер бейнесіне айналған шығар. Жәй адамның қолынан келмейтін іс жасаған батырды ел солай түсінбеуші ме еді.
Осы есімдердің сонау эфталит (Ақғұндар) заманынан хабар беріп тұрғаны көрініп-ақ тұр. Мысалы, Лақайларда әлі күнге дейін Төртуыл, Абдал, Күйіндік, Сүйіндік, Бұрындық, Байрам, Чегене (Шегендік) сияқты арғын рулары бар. Осыны 1950-1960 жылдары жақсы зерттеген және Лақайларды арғын деп дәлелдеген Б.Х. Кармышева мен қазіргі лақайлық профессор Н.Назаров Байрамды Мейрамға, Бұрындықты Бегендікке теңейді.
Мұндай теңеу М.Қашқарида да бар: BAJRAM [15, 3, 239] – байрам, мейрам. (Оғызша). Мен бұл сөзді адамның шат-шадыман, қуанышты күні мағынасындағы «Beзram: бедзрам» ұғымынан шыққан ба деп ойлаймын. Байрам шаттық күні. Өйткені, исламнан бұрын мұндай мейрам күні болмаған, сондықтан мұндай атау да болмаған. Болған болса, оны түріктердің бәрі бірдей білер еді ғой. Тек қана «дз» әрпін «и» әрпіне айналдырып айтушылар ғана біледі. Жалпы «б» және «м» дыбыстарының, әсіресе сөздің бас кезінде орын ауыстыра беретіндігін мына мысалдан да көреміз: BURUNDUҚ [15,1т. 560б.] : Бұрұндұқ -Мұрұндұқ – тізгін, бұйда.
Бұл жерде байрамның мейрам екені анық көрсетілген. Тек, бұл сөздің исламнан кейін арабтан кірді дегеніне күманмен қарауға тура келеді. Өйткені, исламды білмейтін, Тұран жерінен VI ғасырда кетуге мәжбүр болған Сақалар бабамыз Мейрам сопы деп тұр. Ал, енді, тіптен бұл біздің сөз емес, себебі, бүкіл түрік оны неге білмейді десек те, бәрібір, оның исламға дейін кіргені анық. Бұл сөзді арабтар мен парсылар б.з.б. дәуірлердегі Ишкуздар заманында өздерін жаулап алған сақтардан алуы мүмкін. Немесе, басқыншылардың жаулап алған елінің сөздерін қабылдап алуы күмәнділеу болса да, керісінше солардан сақтардың алуы мүмкін. Бұл да сақтардың, яғни Арғулардың парсы, арабтармен араласқанын, ал, түріктердің олармен ондай қатыспағанын көрсетеді. Өйткені, олар елдің Шын (қытай), Машын (ұйғыр), сяньби бетін жайлады, солармен араласты.

Енді жаңағы жоғарыда айтылған Жиделібайсын елінің ру аттарына келетін болсақ, олардың көбінің осы сөздікте кездесетіндігі сақалардың кезінде лақайлармен бір ел болып тұрғанын, ал, лақайлардың сол сақаларды Түрік қағанатының Иранмен бірігіп тоз-тоз қылған қырғынынан қалған жұрағаты екенін көрсетеді. Мүмкін, иран-түрік шапқанда ауған асып кетіп құтылды ма, әйтеуір азғана елдің ата жұртында аман қалғаны анық.
Ал, Лақайдың 1960 жылдары 4500-дей адам болған Қуырдақ руының шамалы өкілдері қазақта тек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Қуандық Алтай, оның ішінде қазақ хандарының аталықтарының руы Сайдалының арасына сіңген және Бараба, Тобыл татарларының ішінде кездеседі, әрі кірме боп саналады. Ал, түркітанушы ғалым А.Овчинников сақалар бір кездерде Бараба даласында (Омск, Томск арасы) да болып, содан Енисейдің бас жағына барып, одан соң Шыңғысхан заманы басталарда Байкалдан әрі, Лена өзені бойымен тіпті әрі кетті деп пайымдайды. Барабада Қуырдақтар сол уақта қалуы мүмкін. Лақайлар арасында да курдак руы кірме аталады.
Бұл деректер Жаңаарқа Қуандықтарының Жиделібайсынмен қатысы бар екенін анық көрсетеді. Осы бір ру құрамдары да, Алтай батыр мен Эллэй батыр туралы аңыздары да сақалармен және лақайлармен бірдей дерлік бұл елдің сонау Атасу-Нұра мәдениеті жасалған, әлемде алғаш мыс, жез, қалайы өндірілген, Алаша хан жайлаған Қазақстандағы бүкіл қорған, оба атаулының жартысы орналасқан Ортау, Қызылтаудың, бүкіл Бетпақтан өтетін керуен жолдарының түйісетін жердің иелері екендігі де, 1929 жылға дейін елді мекендері Асан қайғы болысы, Асан қайғы ауданы атанып келгені де, қазақтың ең белді хандары, Қасым, Хақназар, Тәуке, Әбілмәмбеттей хандарының Аталықтарының шығуы да, осының бәрінің бір-бірімен байланысты екендігі де бөлек әңгімеге тұрады. Бұл жер тәрізі, ғұндар қай жерді барып жауласа да, негізгі ел ие болып, кенін өндіртіп, керуенін жөнелтіп, жайлау мен күзекке көшер елді және 5-6 керуен жолын бір жерден қадағалап отыратын бүкіл ғұн жұртының мемлекеттілігінің өндірістік негізі болып бертінге дейін сақталды.
Болаттаудан бұрылып кететін Қарқаралы жолынан басқа керуен жолдарының Ақтау маңында түйісіп бір жолмен келіп өтетін Сарысудың Тасөткелінің жанында орналасқан Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кенті тұрған жер сол қола дәуірінің үлкен тұрағы, қаланың орны болып табылады. Бұл жөнінде Ә.Марғұлан былай деп жазып еді:
«При земляных работах жители пос. Жана-Арка нередко выявляют обломки керамики и костей домашних животных. Создается впечатление, что пос. Жана-Арка расположен на месте стоянки эпохы бронзы. Аналогичные находки сделаны II. В. Валукинским на ст. Жарык и нами в пунктах Дерпсалы, Тортаул и Кара-Мурун. Возможно, в древности они также были стоянками [18, c.56]».
Тәрізі, Арғынның бір бөлігі Төртуыл атымен үнемі Жиделібайсын жерінде тұрған сияқты. Сақалар шыққан Төртуылдар қазіргі заманда сол Лақайлар құрамында (негізінен Жиделібайсынның Тәжікстандағы бөлігінде) және Ақмола облысы мен Ұлытау маңындағы Арғын ішінде. Олар Павлодар облысын жайлаған Сүйіндіктермен бір ел, ішіндегі аталары бірдей болғанымен және Сүйіндікке туыс екендерін жақсы білгендерімен, әлі де сонау Эфталиттер заманындағы, іргелі империя уағындағы аттарын сақтап отыр. Ал, олардың негізгі екі руы Малай мен Жәдігер қазіргі Лақай елінің құрамында да бар.
Бұл біздің дәуірдің басында Жетісудан Үйсіндер ығыстырғаннан соң сақалардың (Бегендіктердің) Жиделібайсын жерінде Қытай, Үйсін, Сяньби одағынан соққы жеп келген туысқан Қуандық, Сүйіндік, Шегендік руларымен бірігіп, Төртуыл атанып, басқа түркі руларының басын қосып, әйгілі Ақғұндар мемлекетін құрған кезі еді. Олар IV-VI ғасырлар бойы Ираннан салық алып, Согдиана, Бактрия, Ауған, солтүстік Үнді елдерін өздеріне қаратып, дүрілдеп тұрды.
Ал, оларды көрші елдердің эфталит деп атауы патшасының есіміне байланысты болуы да әбден мүмкін, әрине. Тарихшы ғалымдар тарапынан бұндай болжамдар бұрын да айтылған еді. Сақаның ерекше күшті елесті бейне ретінде аңызға айналған «Хабыдал-хара-бухатырының» есімі де оның ақғұндардың патшасы болғандығын көрсетуі мүмкін. Онда гректердің Ақғұндарды Эфталонос (Hepthal) патшасының атымен эфталит деп аталды деп жазғаны түсінікті болар еді. Кереметі, лақайда да, сақада да Абдал деген ру аты, әрі Хабыдал деген құдыретті қиял-ғажайып батырдың есімі сақталған. Мүмкін бұл абдалдар сол Хабыдал батырдың ұрпақтары болар.
Кейін, VI ғасырда эфталиттерді Түрік қағанаты Иранмен бірігіп талқандап, Ақғұндар мемлекетін жойып, елді бөліп алды. Түріктер Бегендіктің бір бөлігі -- Сақаларды, Шегендіктің бір бөлігін және Арғу-Талас, Шығыл қалаларында тұратын қалалықтарды Алтайға көшіріп әкетті. Ал, Мейрам сопының Қарлұқ атанып бөлек қалған бесінші руы Болат (Қаракесек), кейін осы Арғынның Момын тайпасы құрған Түрік қағанаты Эфталиттерді жойғаннан соң, Мейрамның қалған төрт руымен, Төртуылмен бірігіп, Бесмейрам атанып, Қарлұқ, Ұйғыр елдерімен біріге қағанатқа қарсы күреске шықты және тура сол уақыттарда қытай жазба деректерінде тіл ерекшелігіне тәуелділіктен бұза айтылған Басими аты да пайда болды.
Өте ірі ағылшын түркітанушысы Дж. Клосон (1891-1974) Түріктер мен Иранның Эфталит елін бірігіп шауып, бөліп алғаны туралы, Бумыннан кейін болған Мұқан қағанды айта келіп, ол былай жазады:
«...Контроль над западной частью осуществлял его дядя — младший брат его отца, Истеми, который имел титул ябгу. Но эта субординация была лишь номинальной. Византийский историк Феофилакт Симокатта назвал его Стемби-каган (Истеми—каган), что показывает, что он вскоре сам принял титул и статус независимого кагана. Вскоре он стал правителем международного масштаба и завязал дипломатические отношения с сасанидским императором Хосровом Ануширваном, которому отдал в жены одну из своих дочерей. Оба правителя тогда по взаимному соглашению с двух сторон атаковали эфталитов, свергли их власть и поделили их владения примерно в 565 г.» [12, с.138].
Осылай Истеми ябғу, сауда жолдары мен кеніштерді тартып алып, болашақта жеке қағанат құрып, қаған атағын алу үшін, эфталиттерге салық төлеп отырған Иранмен бірігіп, патшасына қызын беріп, туысқан Ақғұн империясын жойып жіберді. Ақыры, сол қағанат соңынан күшейіп кеткен Ираннан таяқ жеді. Бұл жағдай сегіз ғасырдан кейін тағы қайталанды. Бүкіл Европаны қарауында ұстап отырған империялар, Осман түріктері мен Алтын Орданы, олардан кем емес Ақорданы, Маңғыстаудағы Әмет-Сәмет елдерін де, өз түркісі Әмір Темірдің шауып, қалжыратуы Европаның, әсіресе, Орыс князьдықтарының түркі елдерінің уысынан шығып кетуіне әкелді. Жалпы, мұндай қаны бір түркінің бір-бірін әлсіретуі тарихта бірнеше рет болды. Мысалы, б.з. I ғасырында Үйсін және Сяньби түркілері Қытаймен бірігіп, кезінде қытайды тәуелді қылып тұрған Құн елін бас көтермейтіндей қылып талқандап жібергенін, Л.Гумилев жазғандай, ғұндардың төртке бөлініп, бір бөлігі 100 мыңдай үйдің Сяньби қарамағында қалып қойғанын білеміз.
Ал, енді, эфталиттер тақырыбына қайтып келсек, сол VI ғасырдың орта кезінде қағанатта, белгілі тарихшы ғалым У. Шәлекеновтің «әлі күнге сыры ашылған жоқ, ол Түрік рунасынан әлдеқайда көне» деп жазып жүрген Арғу-Талас жазуына ұқсастығы бар Түрік руна жазуы пайда болды. Осы мәселеге байланысты, Дж. Клосон [12,с.135] көне түрік руналарының шығуы туралы бірнеше болжамды қоса өте сәтті талқылай келіп, түріктерде бұрын жазу болмағанын, ол руналардың ұзақ ізденістен емес, бірден, бір нақты шараның, не бұйрықтың әсерінен басқа соғды, не грек-кушан сияқты жазулардан көшіріліп алынғанын дәлелдеді. оның ерте Түрік қағанатына руна жазуын эфталиттер апарды деген пікір айтты. Бұл дегеніміз Истеми қағанның бұйрығымен басқа ел оқи алмайтындай алфавитті Сақалар жасады деген сөз болып шығады. Өйткені, ол әйгілі сақтарды түріктер мемлекет құру ісіне пайдалану үшін әкеткен жоқ па еді. Қашанда басқыншылар жаулаған елінің шеберлерін, ғалымдары мен білімділерін іріктеп алып кететіні тарихта ежелден белгілі. Ал, сақалар, рунадан кейін араб, латын, кирилл алфавиттерін меңгеруге мәжбүр болып, арасында парсы, шағатай әдеби тілдерімен де әуре болған қазақтар сияқты емес, патшалық Россияға қосылған 1632 жылға дейін сол жазудан басқаны қолданбағандықтан, руна жазуын кейінге дейін ұмытпады. Олардың ұлыс басшылары тіптен XVIII-XIX ғасырларға дейін патша өкіметі мен шіркеудің тыйымына қарамастан өз есептерін жүргізгенде руна жазуын қолданып жүрді. Бұл олардың кезінде руна жазуын қолданғандықтарын және олардан басқа ешкімнің Түрік рунасын шығаруы мүмкін еместігін көрсетеді.
Сонымен бірге, бұрынғы ру таңбаларына ұқсас Арғу-Талас жазуындағы әріптердің біразын, басқа ел оқи алмауы үшін, төңкерілген грек және парсы әріптерімен алмастырылғаны, мұны парсы және грек тілдері мен жазуын білген адамдар ғана жасай алғанын көрсетеді. Ондай адамдар тек эфталиттер, яғни сақалар болатын, олар Иран, Византия елдерімен қаншама ғасырлар араласып, бірге өмір сүрген еді, әрі мемлекет басқару ісінде де тәжірибелері теңдессіз болатын. Ол жас Түрік қағанаты үшін өте маңызды болатын. Сол үшін де олар сақаларды бөлісте Иран қарамағына көшкен Жиделібайсын жерінде қалдырмай ырқынан айырып көшіріп әкетті. Бұл сақа халқының Алтай өлкесіне біржола кетуі болатын. Ал, қазіргі тұрған өлкесі, топан судан бұрын тұрғындары Америка құрлығына өтіп кетіп, бос тұрғандықтан, сақалардың, құн тайпаларының жаз жайлауға көшіп барып жүрген жерлері еді. Ал, тұрақты қоныстанушылардың алғашқы басы б.д. I ғасырында Хұннулардың қытай, Сяньби және Үйсін одағының қысымынан төртке бөлініп кеткен заманда барды.
Ал, М.Жүсіп атамыз Қазақ шежіресінде Оразгелді негізі Бегендіктің баласы, Бегендік ерте өліп, Оразгелдіні Сүйіндік асырап алған, бірақ Оразгелдіден тұқым қалмаған деп жазады, яғни бұл да Оразгелді тұқымының қазақта қалмай, басқа жаққа кеткенін көрсетеді.
Сонымен бірге, Н.Аристовта да [14, с.211,213] кездесетін жері бар: «VII-VIII ғасырларда қазіргі моңғол жерінде найман мен керей хандықтарынан әлдеқайда күшті де үлкен мемлекет «бикин», немесе «бегули» тайпасы болды, бірақ оның маңызы Шыңғысханнан көп бұрын жойылып кетті, олардың қалдықтарын Шыңғысхан оңғыттарға қосып, оларға ортақ көші-қон берді».
Ақыры, VII-VIII ғасырларда Монголия жерін жайлаған елдердің ішіндегі ең күштісі болған Бикин, немесе Бегули тайпасының тарих сахнасынан жоғалуы, жартысының саха болып (қазір 450 мыңдай), жалғыз Қозған руы ғана қазақта қалғаны, екінші жартысы қайда кетті деген сұрақты туғызады және сол ғасырларда Европада пайда болған викингтерді еске түсіреді. Бірақ, бұл туралы біз ғұндар тарауында арнайы тоқталамыз.

Деректер көздері:
1.Э.К.Пекарский. Словарь якутского языка. АН СССР. 1958 г. т.1.
2. Э.К.Пекарский. Словарь якутского языка. АН СССР. 1958 г. т.2.
3. Э.К.Пекарский. Словарь якутского языка. АН СССР. 1958 г. т.3.
4. Жаркешов С. И. Алтын сақа. //Алаш айнасы. 19.05.2014.
5. Артықбаев Ж.О. Казахское сказание о джигите Алтай: общие мотивы в этногенеалогических сюжетах казахов и саха//Всадники Северной Азии и рождение этноса: Этногенез и этническая история Саха. Новосибирск, 2014. 6. Г.В.Ксенофонтов. Эллэйада. Материалы по мифологии и легендарной истории якутов. Издательство Наука. Москва. 1977.
7. А. Х. Марғұлан. Труды по культуре письменности казахского народа. Древние караванные пути через пустыню Бетпак-Дала. // Библиотека казахской этнографии. Астана. «Алтын кітап». 2007. Т.8. Стр. 20-42.
8. Ю.Шмидт. Очерк казахской степи. //Библиотека казахской этнографии. Астана. «Алтын кітап». 2007. т.50.
9. Кармышева Б. Узбеки-локайцы Южного Таджикистана. Душанбе. 1954.
10. Н. Назаров. Некоторые этнические особенности Лакайской народности. г. Ташкент, Узбекистан https://www.enu.kz
11. Рашид ад-дин. Сборник летописей. Том 1. Научно-издательский центр «Ладомир». Москва. 2000 г.
12. Дж.Клосон. Происхождение тюркского «рунического» письма. Зарубежная тюркология. Выпуск I. Древние тюркские языки и литературы. Издательство «Наука». Главная редакция восточной литературы. Москва. 1986.
13. Артықбаев Ж. О. «Лақай – түркінің бір бұтағы». //Ана тілі газеті. №4(1262) 29 қаңтар-3 ақпан 2015 жыл.
14. Н. Аристов. Этногенез и этническая история казахского народа. //Библиотека казахской этнографии. Астана. «Алтын кітап». 2007. Том 2.
15. М. Қашқари. Түрік тілі сөздігі. (Диуани лұғат ат-түрік). Алматы. «Хант» баспасы. 1977. 1,2,3 томдар.
16. Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Научное издание: ТОО “Жалын баспасы”, 1998-LLХIV + 390 стр. т. I.
17. Жаркешов С.И. Сарыарқа -- неолит төңкерісінің отаны. ҚР Ұлттық музейі. Мәдени мұра//Культурное наследие журналы. №4(55). 07-08. 2015.
18. А.Х.Маргулан. К.А.Акишев. М.К.Кадырбаев. К.М.Оразбаев. Древняя культура Центрального Казахстана. Издательство «Наука» Казахской ССР. Алма Ата. 1966.
19. Хасен Қожа-Ахмет. Ұлы қағанның есімі қандай мағына береді? Ана тілі газеті. № 5 (1263) 5-11.02. 2015.
20. Заур Хасанов. Царские скифы. Этноязыковая идентификация «царских скифов» и древних огузов. Liberty Publishing House. New York. 2002.

 

Жаркешов Серікбай Исатайұлы
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста