Желіде өлең шумақтарын мәнерлеп оқып танылған Әсел Асқар тағы да қалыңдық атанды. Екінші мәрте тұрмысқа шыққалы жатқан әнші Бүркіттің атышулы қарындасына сырға салынды. Бұл жаңалықпен танымал арудың өзі әлеуметтік желіде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әсел Асқар сырға салу рәсімі сәтті өткені туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлап, ғашығымен түскен суретін жариялаған.
Оған қоса, атышулы ару алдағы уақытқа белгіленген жоспарларымен бөлісті. Ол күйеуінің тегін алуға ниетті екенін білдірді.
"Үлкен кісілердің алдындағы өз парызымызды орындадық. "Сырға салу" рәсімін жасадық. Көйлегіме қатысты мәліметтерді ертең жариялайтын боламын. Мейрамхана мен ыстық тамақ таңдау жөнінде алдағы күндері білетін боласыздар.
Енді қалғаны - некемізді қидырып, күйеуімнің тегін алу. Сонымен қатар, жағалауда бір-бірімізге серт беруіміз керек" , - деп жазды Әсел Асқар.
Айта кетейік, Әсел Асқар үшін бұл екінші неке болмақ. Оның бірінші некесінен ұлы бар.
Танымал арудың бұл жолғы таңдауы өзінің құда баласына түскен. Желі жұлдызы інісінің қайын ағасына тұрмысқа шықпақ.