«Достарда» ақындар достарымен кездесті

«Достарда» ақындар достарымен кездесті

Арқа төсінде есімі елге танымал ақындармен кездесу ұйымдастырылды. Көкшетаудың «Достар» мәдениет сарайында қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі ұйымдастырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен арқалы ақындар жиналды.
Атап айтқанда, айтыскер ақын Дәулет­ке­рей Кәпұлы, поэзия көгінде есімдері қалып­тасқан Алмас Темірбай, Ақберен Елгезек пен Ұларбек Дәлейұлы көкше­тау­лық оқыр­ман­дарымен кездесті. Көкше өңі­рі­нің әдебиет сүйер қауымының өкілдері мен журналистер қауымы, сондай-ақ сту­дент­тер қатысқан шарада белгілі ақын­дар­дың шығармалары жөнінде кеңінен әңгімеленді.
Алмас Темірбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын:
– Бүгінгі шарада Алаш ақындары Көк­шетау төрінде бас қосып отыр. Мұн­дағы мақсатымыз оқырман қауы­мын поэзия мен проза әлеміне ден қойып, ұрпақты кітап оқуға ынталандыруды көз­деп отырмыз. Ақынын сыйлаған елдің болашағы азбайды. Сондықтан әдебиет пен ана тілінің дамуы заман талабы екені бүгінгі шарадан-ақ анық көрінеді.

Арқалы ақындарды көкшелік жұрт құшақ жая қарсы алды. Емін-еркін түрде өткен пікірталаста ақындардың жаңа шы­ғар­­машылығы еліміздің рухани құн­ды­лық­тары мен қоғамдағы жағдайлар туралы ой-пікірлер кеңінен сөз болды. Сондай-ақ оқырмандар сүйікті ақындарынан көкейін­де жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста