«Дина. Күй құдірет» тарихи телехикаясы эфирге шығады

22 қазан күні «Qazaqstan» телеарнасы түсірген Дина Нұрпейісованың өмірі туралы «Дина. Күй құдірет» телехикаясы эфирге шығады. Республика күні қарсаңында көрерменге жол тартатын тарихи туынды екі бөлімнен тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
Телехикаяның сюжет желісіне күйшінің кішкентай кезінен домбыраға құштарлығы, дала сарынынан әуен іздеуі, күй атасы Құрманғазыдан тәлім алуы арқау болды. Сонымен қоса телехикаяда сол кезеңдегі әйел тағдырының қыр-сыры, қоғамдағы жауапкершілігі тереңінен бейнеленеді. 

Сериал продюсері - Нұриддин Паттеев, режиссері -  Батырхан Дәуренбеков. Сценарий авторлары - жазушы-драматург Сая Қасымбек және Батырхан Дәуренбеков. Бала Дина рөлін Айша Жайсанбек, бойжеткен Динаны жас күйші Ақниет Ералиева, Динаның әкесінің рөлін кино және театр актері Талғат Келімбетов, ал ұстазы Құрманғазының рөлін домбырашы,  «HasSak» этно-фольклорлық тобының жетекшісі Ержан Жәмеңкеев сомдайды. 

Продюсер Нұриддин Паттеевтің айтуынша, телехикая Дина Нұрпейісованың өмір жолы арқылы күй өнерін тануға жол ашады. 

«Динаның тағдыр жолында кездескен адамдарының бәрі оның шығармашылығына әрқилы әсер, шабыт беріп отырған. Телехикаядағы оқиғалар драмалық, салмақты оқиғалармен үйлесім табады. Фильм көрерменді Динадай ұлы тұлғамызды ардақтап, тарихымызға құрметпен қарауға үндейді», - дейді продюсер.
 «Qaqaqstan» телеарнасы тарихи туындыны 22 қазан 20:30-да екі бөлімін қатар жарнамасыз көрсетеді. 

Биыл «Қазақстан» телерадиокорпорациясы тарихи бағытта 5 сериал түсірді. Олар Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Әлкей Марғұлан, Дина Нұрпейісова және Қорқыт тұлғасына арналған туындылар. «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» телехикаясы эфирге 24-25 қазан күндері 21:00-де шығады. 

BAQ.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста