Димекең дәм татқан дастархан әлі сақтаулы тұр

Димекең дәм татқан дастархан  әлі сақтаулы тұр

Бірде Ермек деген ұлым үйге белгілі жазушы-публицист Ораз Қауғабайдың «Таңғажайып Қонаев» атты кітабын алып келді. Автордың өзі қолтаңбасын қойып, тау тұлғалы азамат жайында біліп жүрсін деп беріпті.
Кітап қолыма тие салып, оқуды бас­та­дым. Есіме 1982 жылдың 15 шілдесінде Ди­ме­кеңнің Алматы облысы Кеген ау­да­нындағы (қазіргі Райымбек ауданы) Қаз­КСР 50 жылдығы атындағы тәжірибе ша­руашылығына іссапармен келгені түс­ті. Бұл тәжірибе шаруашылығы 1970 жы­лы Димекеңнің ұсынысымен Қазақ КСР Министрлер кеңесінің арнайы қау­лысы негізінде бұрынғы Қызылту сов­хозы мен Қарқара совхозының бір бөлік жерінің базасында ірі қара галловей асыл­тұ­қымды малын өсірумен айналысатын ша­­руашылық болып құрыл­ған еді. Ол кез­де аудандык партия комитетінің бі­рін­ші хатшысы Сәдуақас Серкебаев, ша­­руа­шылық директоры Жұмахан Соку­ров, ал мен партия комитетінің секретарі едім.
Межелі күні Димекеңді Шөладыр тауының күншығыс жағы етегіне ақ боз үй тігіп қарсы алдық. Димекең КПСС Орталық Комитетінің Бас секретарі Брежнев сый­лаған Зил-117 жеңіл автокөлігімен кел­ді. Қасында сол кездегі Қазақ КСР Ми­нистрлер кеңесінің төрағасы Бәйкен Әші­­мов, Алматы облыстық партия ко­ми­тетінің бірінші хатшысы Аухадиев Ке­ңес Мұстаханұлы бар. Алдында күн бұлт­танып, қатты жел тұрып, жаңбыр жауып тұр еді. Димекең келгенде күн шайдай бо­лып ашылып, айнала адам қы­зығатындай күйге еніп кетті. Мұны Ди­мекеңнің қасиеті деп білдік.
Шаруашылық жайын көріп болғаннан кейін, Димекең дастарқан басына жай­ғас­ты да, көңілді отырып әңгімесін бас­тады... «Маған Қарқара жайлауы бала кезімнен таныс. 1924-1925 жылдары 13-14 жастағы баламын. Әкеме Қарқара жәр­мең­кесіне келіп көмектесетінмін. Әкем үш қа­зақ үйді қоржын үй қылып тігетін де, ор­таңғы үйден сауда жасайтын, мен әкеме та­уарды тасып беретінмін», – деп жастық кезін есіне түсірді.
Отырыс көңілді болды. Далаға шық­тық. Аспанда бір шөкім бұлт жоқ. Күн жар­қырап шығып тұр. Бәйкен Әшімов: «Па, мына жердің кілемнің түсіндей жақ­сысын-ай!» – деп ауаны көңілдене жұтып де­малды. Димекең: «Бұл – қасиетті Қарқа­ра жазығы, анау дүрбімен көріп тұрған жер – жаңа мен айтқан Қарқара жайлауы, бұ­рын атақты Қарқара жәрмеңкесі болған жер. Бұл – қазақтың ұлы жазушысы Мұх­тар Әуезов, Ілияс Жансүгіров тағы да басқа мәдениет, қоғам қайраткерлері ке­ліп, өлең-жырларын төккен киелі жер. Пат­ша үкіметінің «июнь жарлығына» қар­сы көтерілісі болған жер. Сол оқиғаға бай­­ланысты ескерткіші – анау үлкен төбе, оны халық «Ереуіл төбе» деп атап кеткен. Осы оқиғалар туралы Мұхтар Әуезовтің «Қи­лы заман» романында жан-жақты жа­зылған», – деп сөзін аяқтады.
Жұбайым Тұнық әлі күнге дейін Ди­ме­ке­ңе жайылған сол дастарханды ырым етіп үйі­­мізде сақтап келеді. Ша­ңырағымызға құт­ты қонақтар келгенде, сол дастарқанды жайып, Димекеңді еске түсіріп отырамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста