Димаш Құдайбергеннің інісі өнерімен елді сүйсіндірді (фото)

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Алматыда өткен ауқымды концертінде өнер көрсеткен туған інісі өнерімен елді сүйсіндірді,  деп жазады Alashainasy.kz  Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Димаштың інісінің есімі — Әбілмансұр. Ол — 15 жаста. Әбілмансұр Құдайбергенов Астанадағы музыкалық мектепті тәмамдап, қазір Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде бірінші курс оқиды.

 

Бозбала Димаш Құдайбергеннің 23 қыркүйекте Алматыда өткен ауқымды концертінде өнер көрсетті. Атап айтсақ, Димаш інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған туындыны алғаш рет орындады. Әйгілі француз музыканты FKJ шығармашылығымен рухтанған ән көрермен назарын бірден аударды. Одан бөлек, Әбілмансұрдың өзі маэстро Ренат Гайсин жазған авторлық аспаптық композицияны орындады.

 

Ал ағасының Алматыдағы кешінде композиторлық қырымен таныла түсті. Желі қолданушылары Әбілмансұр мен Димаштың ұқсастықтарын алға тартты. «Мен өнерлі әрі сымбатты ағайынды жігіттерге қызығып қарадым», «Екеуі егіздей», «Талантты отбасы, талантты жігіттер» деп жазды Димаштың фанаттары. Естеріңізге сала кетейік, Димаштың Алматыдағы ауқымды концертіне әлемнің 68 елінен жанкүйерлер келген болатын. Танымал әншінің Алматы орталық стадионында өткен концертіне 30 мың адам жиналды.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста