Әнші Дильназ Ахмадиева Instagram парақшасында сүйіктісінің суретін жариялады. Ол "Туған күніңмен",- деп жүрек белгісін қалдырды өз жазбасында.
Ахмадиеваның жүрегін селт еткізген сері Азильдо Сейтебаев есімді павлодарлық азамат. Әншілік қыры да жоқ емес. «Pop», «Soul», «R'n'B» жанрларында ән айтатын оның «Ты пойми", "Любовь уходит", "Отпусти", "Дыхание ночи" секілді әндері де бар.
Айта кетейік, әнші Дильназ Ахмадиева 2011 жылы Ахмед есімді бизнесменге тұрмысқа шықты. Алайда 2015 жылы әнші ажырасқаны жайлы мәлімдеген болатын.