…депті
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырмандары! Біздің сайттағы «... ДЕПТІ» айдарында бұдан былай сіздердің назарларыңызға халық арасында айтылған әзіл-шыны аралас әңгімелер мен кей қалжыңқойлардың оқыстан, дер кезінде дөп басып айтқан сөздерін кезең-кезеңімен ұсынатын боламыз..
«Самтрест» пен ақын
Қарағандылық ақын Мақсұт Байсейітов арақты қойып, денсаулығына байланысты бірыңғай жеміс шарабына көшеді. Бұрынғыдай кеуде қағып өлең оқымай, қызу мінез көрсетпей, біртоға, сабырлы күйге түседі. Өлеңінде тентектеу мінезін қойып, ойлы-ұстамды сарынға ауысқандай болады.
Бірде Жазушылар одағында поэзия кеші болып, Мақсұт та өлең оқиды. Өлеңі тыңдаушыларға онша әсер ете қоймайды.
Сонда өлең сөз десе арқасы қозып отыратын,өлеңді де, ақынды да жан-тәнімен шырылдап қорғап жүретін Сырбай Мәуленов:
«Самтрестпен» сан тіркескен ер еді,
Енді міне шырын-шалап қорегі.
Шырын-шалап секілді тым жылымшы,
«Самтрестей» ақырмайды өлеңі!–
деген екен.
Хизметтің жауабы
Ғабит Мүсірепов бір жылы қаламгер Хизмет Абдуллинді Москваға, М. Горький атындағы әдебиет институтының жанындағы екі жылдық әдеби курсқа оқуға жібереді. Көп кешікпей, екі ай өтер-өтпестен Хизмет Алматыға қайтып оралады. Ғабит:
– Хизмет, мен саған сеніп жіберсем, мұның қалай енді?... Оқысаң нетті?! – деп қатты кейіпті. Сонда Хизмет:
– О, Ғабе, ұрыспаңыз. Басқалар екі жыл оқыған оқуды мен екі айда бітіріп келдім,– деген екен.
Қақтығыс
Бұл оқиға 1951 жылы болыпты. Ақын Сырбай Мәуленов Нұрхан Ахметбеков ақынмен сыйластығы күшті, қадірлес екен. Сондықтан да ол Торғай төңірегіне келсе Нұрханның үйіне ат басын тіремей кетпейді екен. Сол әдетпен келсе Нұрхан үйде жоқ. Ол кез Нұркеңнің қызулы мінезі басылмаған, дүбірлі ортадан қалмаған, арақ- шарапты да тартынбай ішетін мінезді шағы. Сырбай осының бәріне көңіл зерделетіп, бір шумақ өлеңді қағазға жазады да, Нұрхан келгенде сәлем орнына оқып бермекші болып отырады. Көп кешікпей Нұрекең де келеді. Сырбай сәлем орнына.
Қостанай болса – асқар тау, Торғай – төбе.
Болғанда сіздер – қайың, біздер – кеме,
Үйіңде шайып ішер шалабың жоқ,
Әр үйден арақ іздеп жүрген неме,–
деп қапелімде соқтыға өлең тастайды. Сонда Нұрекең іле дауылдатып, былай деген екен:
Айтпайсың ақын болсаң жатқа неге?
Мінбейсің жігіт болсаң атқа неге?
Торғайға тойынуға келіп жүрсің,
Қалада көксу ішкен қатпа неме.
Аяқ астынан қайтарылған бір ауыз өлең ішінде әрі қисынды жауап, әрі орынды кінәлау, әрі бетпақтығы жоқ ақталу және тиісушінің өз ұйқасын өзіне түре келтірген шымшуыр шумақ кездескеніне Сырбай балаша мәз болып, орнынан түрегеле келіп Нұрекеңе құшағын жайған екен.
Ақын сүйсе несі айып?
Сан сапаға жеткізеді
Жетеу мен екеу
«Бір нөлін алып тастай сал»
Қасым неге сыналды?
Садықбектің өлеңі
Мұз еріп, тұман түсті
Өлеңнің «Төлеуі»
Жүйрік машина
Маралтай ақынның «...дегендері»
Ашу қысса
Менің басым қайда кеткен?...
Дарқан мінез
Аптаның әр сейсенбiсiнде өтiп тұратын
Зекеңнің ашуы
Қайталанған қате
Май мен су
Рақымжанның ренжіші
Шетен қалпақ
Тапқыр жауап
Жаман Хама
Өкше басар іні
… депті жинағының сілтемесіне басыңыз