Дене шынықтыру пәні ерекше әдіспен өткізілуде

Дене шынықтыру пәні ерекше әдіспен өткізілуде

Семейдегі мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағы ерек­ше әдіспен өтіп жатыр. Мұндай біре­гей тәсіл ұлттық ойындарды жан­дандыру және оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген қы­зы­ғушылықтарын арттыру мақсатында қолға алыныпты. Бұл үшін педагог арнайы аттың бейнесіндегі костюм тіктірткен. Енді орыс мектебінде білім алып жатқан оқушылар қыз қуу, теңге алу, аударыспақ сынды ат үстіндегі ойын түрлерін тәжірибе жүзінде үйреніп білуде.
Идея авторы – №6 мектеп-гимна­зия­сының дене шынықтыру пәнінің ұстазы Асқар Оспанов. Ал конструкцияны технология пәнінің ұстазы Берік Өскембаев дайындап шыққан. Дайын конструкцияны педагог арнайы ательеге апарып, сыртқы пішінін тіктірткен. Осылайша кәдімгі аттың бейнесі жасалды. Енді ұлттық ойындарға арнап бөлінген сабақ уақытында ұстаздар ойын түрлерін оқушыларға түсіндіріп әуре болмайды. Соның дәлелі ретінде оқушылар жасанды ат арқылы қыз қуу ойынын ойнап көрді. Ойын шарты бойынша жігіт қызды қуады. Жетіп алса, қыздың бетінен сүюі керек. Бірақ Асқар Оспанов ойын шартына біраз өзгеріс енгізді. Беттен сүюдің орнына, арқасынан қағуы керек. Ал егер жігіт жете алмаса, қыз оны қуып жүріп қамшының астына алады.
№6 мектеп-гимназиясының оқушысы Әзиза Төке­но­ваның айтуынша, дене шы­нық­тыру сабағы бұ­рын­ғыға қарағанда өте қызықты өтетін болыпты. «Жасанды ат болғанымен, мен кәдімгі шын атқа отыр­ған сияқты болдым. Ең қызықтысы, жігіттің артынан қуып жүріп, оны қамшымен ұра­сың», – дейді.
Осылайша, мектеп оқушылары оларға берілген уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей де қалды. Тәжірибе жүзінде қолға алған бірегей әдіс осы­лайша қазір өз жемісін бере бастады. Әсіресе дене шынықтыру сабағын ұната бермейтін оқу­шылар үшін бұл әдіс таптырмас тәсіл болды. Ал идея авторы алда­ғы күндері жасанды атты тағы да әсемдемек ниетте. Ол кезде аттың әбзелдері қазақи ою-өрнекпен көмкеріліп, ерекше көрікке ие болмақ.
Асқар Оспанов, Семейдегі №6 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің ұстазы:
– Бұл ойын оқушыларға үл­кен әсер қалдыруда. Басты мақ­сат – балалардың дене шы­нық­тыру пәніне деген қызығу­шы­лығын арттыру. Бұл орыс мектебі бол­ға­нымен, оқушылардың 70 пайызы – қазақ балалары. Көбі ұлттық ойындарды біле бермейді. Кейбірі атқа мүлде жақындап көрмеген. Бұл оқушылар өскен­нен кейін атқа емес, бірден қым­бат көліктерге мініп жатады. Дегенмен ұлттық құндылықтары­мыз­ды біліп жүргені абзал. Сон­дықтан да осындай идеяны қол­ға алуды жөн көрдім. Басында осындай аттар болса сатып ала­йын деп ойлағанмын. Бірақ қа­ла­дан таппадым. Содан ойымды технология пәнінің мұғаліміне айттым. Ол кісі маған конструкциясын жасап берді. Ательеге барып сыртқы пішінін жасаттым. Қазір балалар осы жасанды ат арқылы ұлттық ойындарды ойнап көріп жатыр. Дегенмен осы ұлттық ойын түрлеріне сағат аз бөлінген. Осылай болғанымен, оқушылар біраз дүниені меңгер­сін деген оймен тәжірибе жүзінде жүзеге асырып жатырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста