Өзге өнер жұлдыздары отау құра алмай жүргенде, бір емес екі рет үйленген Даурен Айдарқұловтың басынан дау әлі де арылар емес. Актердың экс-жұбайы әлеуметтік желіде ел күтпеген мәлімдеме жасады.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Ағынан жарылған Баян Әкімжанова өз жазбасында бұрынғы күйеуін ешқашан да кешірмейтіндігін, алайда соған қарамастан ата-енесін әлі де қатты сыйлайтынын айтқан.
Айдарқұлов бұл күндері еш алаңсыз, екінші отбасымен бірге Мысыр елінде демалуда. Кеше ғана қарым-қатынасымызды үздік деген Ақбота жұбайы және ұлымен бірге камера көзіне ілігіп қалған.