Дәстүрлі ән байқауы тума таланттарды танытты

Қарағандыға қазақ өнерінің майталмандары жиі ат басын бұрып жүр. Арқаның көгінде қазақтың әсем әні жұма сайын қалықтауда. Күнде көзбен көріп, қолға түсе бермейтін қазақ өнерінің дүлдүлдерін көрген Қарағанды жұрты арқа-жарқа. Бұл жолы қасиетті мекенді Жүсіпбек Елебеков атындағы дәстүрлі әндер байқауы әнмен әлдиледі. Республикалық дәрежедегі бай­қау биыл бесінші мәрте өт­кізіліп отыр.
Бұл байқау жұртты ән құша­ғына бөлеп қана қойған жоқ. Онда тарихи мәні зор тағы бір оқиға өтті. Ол – «Хабибаның Жү­сіп­бегі» атты деректі фильмнің көрермен назарына ұсынылуы. Сол арада кинотуын­ды­ның тұсауы кесілді. «Қазақфильм» киносту­диясы ұсынған жаңа туындының авторлары – Дидар Амантай мен Ерлан Төлеутай.
Ән байқауында әр өңірден келген 37 әнші бағы мен бабын сынады. Үш күн бойы дарындар мен таланттардың өнеріне Жүсіпбек Еле­бековтің шәкірттері, Қа­зақс­танның халық әртісі, Мем­лекеттік сыйлық­тың лауре­аты, профессор Қайрат Бай­бо­сынов, Қазақ­станның еңбек сі­ңір­ген әртісі Тұрсынғазы Рахымов, Қа­зақстанның еңбек сіңірген әртісі Ға­лым Мұхамедин, Қазақ­станның ең­бек сіңірген қайраткерлері Мейір­хан Адам­беков пен Жақсыгелді Кема­лов сын­ды әншілер қазылық етті.
Қай­рат БАЙБОСЫНОВ, қазылар алқасының төрағасы:
– Байқаудың басты мақсаты, ұлт байлығы – дәстүрлі ән­дердің бір нота­сына қылау түсірмей орын­дайтын та­лант­ты әншілерді анықтау. Ондай әнші­лер, Құдайға шүкір, бар екен. Биылғы қатысушылардың да­йындығы өте жо­ғары. Бірінен-бірі өтеді. Көзге түс­­пей, бәйгесіз, босағада қалған­дары қанша­ма? Алда талай бай­қаудың бас жүлде­сін алады әлі олар. Бәйгеге енді ғана қосылып тұрғандар да бар. Олардың да бетін бірден қағуға бол­майды. Біраз танылып қалғандары тағы бар. Оны да ескеру керек. Біз осының бәрін елеп, ескере отырып, қорытынды жасадық.

Сөйтіп, биылғы байқаудың дүлдүлі мен бұлбұлдары анықталды. Үшінші орынды үш әнші бөлісті. Олар – Еркебұлан Ах­метов (Шет ауданы), Айзат Қарабаева (Астана), Ғазым Қабденов (Алматы). Екінші орынды екі әншіге – Данияр Түс­жанов (Қарағанды) пен Айзада Иман­бердиеваға (Астана) табыстады. Бірінші орынды Шет ауданы, Нілді ау­ылының тумасы, бүгінде Астана қала­сын­да музы­калық білімін шыңдап жүр­ген жас әнші Қайыргелді Омарбек ие­лен­ді. Байқаудың бас жүлдесін тағы да осы Нілді ауылының тумасы, кешегі айтыскер ақын Маясар Жапақовтың жұрағаты Жақ­сыгелді Маяса­ров жеңіп алды. Сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасының арна­йы сыйлы­ғымен Әсел Ботаева, Қасиет Қа­миев, Оразалы Жаңабаев марапатталды.
Мейір­хан АДАМБЕКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, қазылар алқасының мүшесі:
– Өздеріңіз көріп отыр­сыздар, Қай­рат Байбосынов, Тұр­сынғазы Рахымов сияқты қазақ ән өне­рінің жілігін шағып, майын ішкен әншілер қазылық етті. Олардың қателесуі мүмкін емес. Олар ағаттық жіберсе, кейінгі ән­шілердің бәрі адасады. Бүгін біз қателессек, ер­тең оларды жаңылыстырамыз. Себебі бүгінгі жеңімпаз – ертеңгі байқауға қа­зы­лық етер әнші. Сондықтан бұл кісі­лерге, бізге қателесуге жол жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста