Дастан Оразбеков 25 жылда алғаш рет әйелін елге көрсетті
"Орда" тобы арқылы танымал болған әнші Дастан Оразбеков алғаш рет Алматыда жеке кешін берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Әнші Республика сарайында сахнада жүрген 25 жылдығын елмен бірге атап өтті. Кеш барысында Дастан жұбайын алып шығып, сезімін білдірді.
Мына гүл шоғы өзіңе, жаным. Сізді вальске шақыруға рұқсат етіңіз. Әрдайым осылай жанымда болшы! Қолдап жүрші! Мен сені сүйемін, -деді Дастан Оразбеков.
Осыдан соң әнші әйелімен сахнада вальс биледі. Бұған көрермен де, желіде оқырмандар да риза болды.
"Қанша жыл сахнада жүрсе де, артынан бір жаман сөз ерген жоқ", "Махаббатына адал осы ғана секілді", "Нағыз үлгі алатын жұп", "Әйелі ешқашан күйеуімен жағаласып, эфирге ұмытылмады", "Керемет, сүйкімді, сұлу келіншек", "Сөз жоқ, махаббатына адал жан", -деген пікірлер бар.