Дана Нұржігіт: Баламның әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған

Дана Нұржігіт: Баламның әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған

Дана Нұржігіт өткен өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Сатқындық деген не?

Тұтқиылдан келген жау болса,мейлі,ал жан тәніңмен берілген жарың сатқындық жасаса ше? Осының уын ішкендер аз емес,білемін!

Ана болу жолында жанкештілікке даяр мен ешбір кедергіні көзге ілмейтін едім. Әмбе-әулиелерді аралап, ем іздеп, дәрігерден дәрігер тауып, аяғында ЭКО тәсіліне жүгіндім. Медицинаның бұл саласын керек етпейтіндер ең бақытты жандар шығар! Ал,бөбектің иісін аңсаған жұптар үшін бұл соңғы мүмкіндік.

Сондай-ақ, медицинаның заманауи жетістіктері расында да үлкен үміт сыйлайды. Сол орталықтарды жағалап жүріп,мен небір оқиғаларға куә болдым. Бұл өмірде бәрі де мүмкін! Бәрін түсінуге болады, кешіруге болады! Егер ол ізгілікке, жаңа өмірге, қуанышқа жеткізер жол болса ғана... 

Мен, кезінде қызын қорып, "оқуды ғана біл!" деп өсіріп,аяғында "немерелі болғымыз келеді"деп,отырып қалған кәрі қызын дәрігерге жетектеп,"ішіне бірдеңе салып бер" деп келген шал-кемпірді көрдім, баласымен жасты ұлмен қолтықтасып анализ тапсырып жүрген келіншектерді көрдім, жап-жас қыздың қасынан мосқал тартқан шалды көрдім... Ешкімді айыптамаймын... Бұл-өмір.

Журналист болған соң бәрін көресің. Көресің де,ой түйесін.

ЭКО-ер мен әйел клеткаларын табыстырып,жатырға қондыратын миссияны орындайтын тәсіл ғана! Ал,қалғаны бір Алланың қолында. Оны дәрігерлер де мойындайды. Табиғаттағыдай бала бірден бойыға қона салмайды. Бір емес, бірнеше рет жасалуы мүмкін. Жасалу деп айтуға ғана оңай, ал ол қанша уақыт, денсаулық, қала берді, қаржы! Болмай қалса,психологиялық соққы. Содан соң жиналып алып, қайта тұрып,бәрін басынан бастау! Ол "адам басына бермесін" дейтін тар жол тайғақ кешу.

Мен Әлімді бауырыма алғанша сол жолды 11 рет шыр айналдым! Қазір ойлансам,ақылға қонбайтын жанкештілік! Көзсіздік!

Соның бәрін бірге өткен баланың әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған?!", деп жазды желідегі парақшасында.

Тележүргізушінің оқырмандары Дана ханымның алдығы өміріне тек сәттілік тіледі.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста