«Cақтан» жеткен сыйлық

«Cақтан» жеткен сыйлық

 Өткен жұмада Алматыда «Мұңлық-Зарлық» дастанының желісі бойынша «Сақ» киностудиясы түсірген анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті.

“Мұңлық-Зарлық” эпостық жыры арқау болған мультфильм оқиғасы кейіпкерлер арасындағы күндестік пен пенделік қызғаныштан өрбиді. Күлмесханның 60 бедеу әйелі өзара уағдаласып, жас ханшайымның дүниеге мұрагер әкелгенін жасырады. Сөйтіп, мыстанның көмегіне жүгіне отырып, ағалы-қарындасты егіз нәрестені дарияға тастатқызады. «Сиқыр екен, масқара-ай, күшік туды!» деп жала жауып, ханшайымды айдаладағы қайтпас аралға қуғызады.

Аңызды бүгінгі заманның болмысына бейімдеп, драма етіп жазған Дулат Исабеков кейіпкерлер сипатын мейлінше шебер сомдаған. Жазушы пайымынша, мыстанның өзіне жаман ой салып, жауыздыққа итермелейтін – адамдардың өздері. Мысалы, жардың жағасынан дарияға қол созып жатып: «Қимаймын-ау, қимаймын. Қайтейін, амалым жоқ» деп күйзелетін мыстан, бейкүнә сәбилерге қиянат жасауға қиналады. Бірақ 60 әйелдің тегеуріні мен сыйақыға берілген бір дорба алтынның алдында еріксіз дәрменсіздік танытады. Дегенмен ғайыптан-тайып аман қалған нәрестелердің бағына орай, оркиік оларға ана да, пана да болады. Адамзаттың бойынан кездеспеген қайырым мен мейірімнің осылайша түз тағысының бойынан табылуы көрерменді терең ойға жетелеп, бауырмалдық пен адамгершілік, жанашырлық сияқты, бүгінде солғын тарта бастаған ізгі сезімдерді дәріптейді.

Тәрбиелік мәні зор мазмұнды дүниені небәрі 20 минутқа созылатын шағын мультфильмге сыйдыра білу – әрине, шығармашылық топ шеберлігінің дәлелі. «Ұзағырақ, бір сағаттық мультфильм жасауға да болар еді. Алайда қаржылық мүмкіндіктерге орай, уақытын қысқартып, ықшамдадық» дейді «Сақ» киностудиясының директоры Нұриддин Пәттеев. Осы ретте, мультфильм кейіпкерлері образының мейлінше күрделі екендігін айта отырып, сценарий авторы Дулат Исабеков «образдар толық ашылмай қалған» деген ойын да бүгіп қалмады. Яғни автордың пікірінше, мыстан кемпірдің ішкі қарама-қайшылығын немесе хан мен ханшайымның жан күйзелісін неғұрлым ашып көрсеткен жағдайда мультфильмнің салмағы да әлдеқайда арта түсер еді. Бұл реттегі мәселе, әрине, қаржылық мүмкіндіктерге байланысты. Жалпы алғанда, «Мультфильм деген көруге оңай болғанымен, түсірілуі өте қиын нәрсе екен. Бір көріністің өзіне жүздеген, мыңдаған сурет салынады. Кішкентай көрермендердің жас ерекшелігінен бастап, таным-түсінігін, қызығушылығын ескеру жағы тағы бар» деп ағынан жарылған Дулат Исабеков, шығармашылық топ еңбегіне ризашылығын білдірді.

Екі ай шамасында түсірілген бұл мультфильмге 20 миллион теңге жұмсалыпты. «Мұңлық-Зарлықтың» режиссері Батырхан Дәуренбековтің айтуынша, «Сақ» студиясының бұдан өзге де оншақты анимациялық фильмдері бар. Және көпшілігі қалың көрерменге әлі жеткен жоқ. Себебі айтпаса да түсінікті: аталмыш студия Алматыдан да, Астанадан да шалғай, Шымкентте жатыр. Мүйізі қарағайдай «Қазақфильмнің» өзі атышулы өнімдерін телеарналарға «өткізе алмай» жүргенде, қиыр шеттегі беймәлім «Сақтың» мультфильмін сатып алуға, қалың қазаққа таратуға кім құлықты болсын?!

P.S. Ең қуаныштысы, біз шымкенттіктердің оған бола мойып, салы суға кеткенін тағы көрмедік. Мұндай дүниелердің ұлт ұрпағына ауадай қажет екендігіне сенімді Батырхан Дәуренбеков, қазақтың інжу-маржандай бағалы аңыз-әңгімелерін, есті ертегілерін экрандауға қатысты ой-арман, іс-жоспарларының жеткілікті екендігін жасырған жоқ. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста