Бурак Өзчивит пен әйелі Фахрийе Эвджен зілзаладан зардап шеккендерге 32 мың доллар аударды

Бурак Өзчивит пен әйелі Фахрийе Эвджен зілзаладан зардап шеккендерге 32 мың доллар аударды

Бұдан бөлек ерлі-зайыптылар бір жүк көлігі толы киім-кешек пен азық-түлік жібергенін Түркиялық БАҚ жарыса жазған болатын.

Түркияның танымал жұлдыздары осынау қайғылы күндерде халықпен бірге екенін көрсетуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының Анкарадағы тілшісі.

Жер сілкінісі болған аймаққа қаржылай да, материалдық тұрғыда да көмек қолын созуды тоқтатқан жоқ.  

Қазақстандық көрермендерге "Өшпес махаббат", "Үзілген жапырақтар" сериалдары арқылы танымал актерлар Бурак Өзчивит пен жары Фахрийе Эвджен зілзала болған аймаққа 32 мың доллар бөлген. Бұдан бөлек ерлі-зайыптылар бір жүк көлігі толы киім-кешек пен азық-түлік жібергенін Түркиялық БАҚ жарыса жазған болатын.

Сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тікелей эфирге шығып Түрік халқын бір болуға, бұл қайғыны бірлесіп жеңуге шақырған.

Бурак пен Фахрийе 2013 жылы танысып, "Бозторғай" сериалында басты рөлде бірге ойнайды. Осыдан кейін араларында сезім оты тұтанып, 2017 жылы отбасын құрады. Жақында жұлдызды жұптың екінші ұлдары дүниеге келді. Оларды көрермендер Түркияның ең танымал әрі жарасымды жұбы деп атайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста