Бұл Блогқұрылтай бұрынғыдан өзгеше

23-24 наурыз күндері Шым­кент қаласында III Блогқұ­рыл­­тай өткізілмекші. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары – Баспасөз қызме­тінің басшысы Берік Уәли, «blogcamp 2013» үйлестірушісі Данияр Алан, «Айтабер» танымдық блог тұғырының админы Са­дық Шерімбек, жергілікті БАҚ өкіл­дері «Оңтүстік» пресс клубында бас­пасөз мәслихатын өткізді.
Мақсат – жүктелген міндетті абы­рой­мен өткеру, қазақтілді блогерлердің ашық қауымдастығын құру. Осы арқылы әркім шама-шарқына қарай өз сала­сында ұлттық мүддеге қызмет ету.
Берік УӘЛИ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының орынбасары, Баспасөз қызметінің басшысы:
–  Алматыда өткен бірінші құрылтайға қа­тысқан едік. Сонда Үндістаннан, Жа­по­ния­дан блогерлер кел­ген болатын. Са­лихалы, салмақты ойлар ортаға са­лы­нып, жа­ңа жобаларға қолдау көрсетілген еді. Одан кейін елордасы Астанада блогерлер тағы бас қосты. Ендігі таңдау Шымкент қаласына түскендігіне қуаныштымыз. Әрине блогқұрылтайының өтуіне облыстық әкімдік қаржылай қолдау көрсетті.

Данияр АЛАН, «blogcamp – 2013» үйлестірушісі:
– Шым шаһарда өтетін Блогқұрылтайға 250 адам қа­тысады деп жоспарлануда. Ша­раға шетелдегі қа­зақ блогшылары да ша­қыртылып отыр. Шара ба­рысында жа­ңадан ашылған сайттар мен старт-ап жо­­ба­ларға арнайы сыйлықтар дайындалуда. Со­ны­мен қатар жиын қоры­тындысында жаңа жобаларды қол­дау­шы­лар табылып, қазақ тілінде блогтағы жазбалардың саны ар­тады.

Айтпақшы, «Блогқұрылтай – 2013» ша­расының бі­рін­ші күні Оңтүстік Қазақстан мем­лекеттік уни­верситетінің ғимаратында, екін­ші күні Біркөлік шатқалындағы «Бәйшешек» лагерінде жалғасады. «Билайн» компаниясы ұсынған арнайы сыйлықтар да үздік жазба иегерлерімен белсенді қатысушыларды күтуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста