Болат ӘБДІАХМЕТОВ, әнші: Халықтың сүйіспеншілігінен артық ештеңе жоқ

Болат ӘБДІАХМЕТОВ, әнші: Халықтың сүйіспеншілігінен артық ештеңе жоқ

 – Сізді көпшілік көрінбей кет­ті деп ой­лайды...
– Жасыратын несі бар, қазір бұ­­рын­ғы­дай емес, шоу-бағ­дар­ламаларға кө­бі­не жастар шақы­ры­лады. Оқта-текте бол­­маса, эфирге жиі шықпайтыным рас. Бірақ өз елі­мізде көзге түспег­е­нім­мен, үне­мі шетелге барып тұрамын. Он жыл болды, Ресей, Чехия, Авс­т­рия, Гер­ма­ния, Қытай, Тайланд сияқ­ты мем­ле­кет­терде өнер көр­сетіп жүрмін. Он бес тілде ән ай­тамын. Туристік ком­па­ния­лардың ұсы­нысымен концертімді өт­кізіп әрі ел аралап, жер көріп қай­та­мын.
– Соңғы кезде Бауыржан Тұр­ға­­раев­пен шығармашылық бай­ла­ныс орнатқан тә­різдісіз...
– Бауыржанмен 1989 жылы «Та­­­ма­ша» ойын-сауық отауында та­н­ыс­қан­мын. Ол – музыкалық бі­­лімі өте жо­ға­ры ком­позитор. Ән­­дері маған қатты ұнай­ды. Бір-бі­рімізбен араласа келе, аға­йын адам­дардай болып кеттік. Бірақ қа­­сында қаншама жыл жүрсем де осы уа­қытқа дейін «бір әніңді орын­­дайын­шы» деп өтініш жасап көр­меппін. Тек іш­тей қатты ар­ман­­дайтынмын. Екі жыл бұ­рын өзі телефон соғып, кездесіп, әң­гі­ме­лестік. Қайтыс болған ағасы тү­сіне кі­ріп, «сен неге Болатқа кө­мектеспей жүр­сің?» деп сұ­рап­ты. Бауыржан сол жо­лы әр­түр­лі та­қырыптағы 20 әнін ала ке­ліпті. Тың­дап көріп едім, барлығы бір­дей ұнады. Бір концерттік бағ­дар­ла­­маны түгел қамтып тұр. Сөйтіп, жиыр­ма әнді екі жарым жыл ішін­де үш сту­дия­да жаздырып шық­тым.
– Неге ұзаққа созылды?
– Өйткені сол кездері шетел­ге ба­рып-келуден қолым тиген жоқ. Гаст­роль­дердің арасында үл­геруге тырыс­тым. Оның үстіне, кей студиялардың жұмысы көңі­ліме қонбады. Ақшам да, уақытым да текке кеткен сәттер болды.
– Дегенмен, нәтижесі жаман бол­маған сияқ­ты...
– Иә, барлық ән интернет же­лі­­ле­рін­дегі түрлі хит-парадтарда ал­дыңғы қатардан көрінді. Тіпті бас­тапқыда ел­дер хабарласып, сүйін­ші сұрағанда өз құ­лағыма өзім сенбедім.
– Соның ішінде «Ризамын» де­ген ән ең жоғары дауыс жина­ға­нын байқадық...
– Бұл әннің өлеңін жазған – Иб­­­ра­гим Исаев ағамыз. Ол кісі бірде «мен өмір бойы елді, жерді, Отан­ды, ма­хаб­бат­ты жырлап ке­ліп­пін. Жасым болса жер орта­сы­нан ауды. Бірақ әке-шешеме ри­зашылығымды білдіріп, бірде-бір дү­­ние жазбаппын. Сондықтан бір өле­ңім арқылы перзенттік ал­ғы­сым­ды біл­­дірсем деген ойым бар» деді. Кейі­ні­рек «Ризамын» деп ата­латын жаңа туын­дысын Бауыр­жанға беріп, «Болат орын­даса» деп тапсырыпты. Өкінішке қа­рай, өзі тыңдап үлгерген жоқ. Ән дайын болғаннан кейін, бір ап­та­ның ішін­де дүние салды. «Риза­мын» деген ат­пен әнжинақ шы­ға­рып, былтыр Хай­нань аралында өт­кен концерттік бағ­дар­ламамды да осылай атадым. Хай­на­нь­дықтар жүр­гізген сауалнама нә­ти­­жесінде жыл қорытындысы бойынша, әлем­нің ең үздік спортшылары мен эст­рада жұл­дыздарының ті­зі­міне ілі­ніп­пін. Бас­тапқыда бір ап­таға барған едім, табиғаты мен халқының ұнағаны соншалық, қиып кете алмай екі айға қалып қалдым.
– Мәскеудегі қазіргі ағайынды Гне­­синдер атындағы Музыка ака­­де­миясын бітірген алғашқы қа­зақ азаматысыз. Бі­лі­міңіз де, бі­лігіңіз де жетеді. Бірақ өз қа­тар­ларыңыздың ішінде Алма­ты­да жеке кон­церт қоймаған жал­ғыз сіз қалдыңыз-ау деймін...
– Мен біреудің алдына барып, ақ­ша сұ­рап, өзіме ешқашан де­меу­ші ізде­мейтін адаммын. Сон­дықтан мен үшін Республика са­райында есеп беру түске кірмейтін жағдаймен тең. Былтырғы жылы Қапшағай, Қаскелең сияқты ша­ғын шаһарларда тұратын мүмкін­дігі шектеулі азаматтарға арнап, ал­ты қайы­рымдылық кеш өткіз­дім. Биыл қала әкімдігі маған мүм­кіндік жасап, Сту­дент­тер сарайы­ның шығындарын кө­теріп берсе, Алматыда да қайырым­ды­лық кон­церт беруден қашпаймын. Қа­зір осы бағытта сөйлесіп, өз ұсы­ныс­­тарым­ды жасап жатырмын. Сондай-ақ Аме­ри­кадағы, Қы­тай­дағы қандастары­мызды қуантып қайтсам деген жос­па­рым бар. Аспанасты еліндегі бауыр­ла­ры­мыз «Жалаң аяқ қыз» әнін мін­дет­ті түрде орындасаңыз» деген та­лап қойып отыр.
– ­«Жалаң аяқ қыз» әнін Ай­қын Тө­леп­бергенге орындауға рұқ­­сат етке­ніңіз­де, әннің осын­ша­­лықты өзгеріске ұшы­райты­нын білдіңіз бе?
– Шынымды айтсам, ол бауы­ры­мыз әдептілік сақтап менің алдым­нан өтіп, ең болмаса алдын ала бір ауыз ескерткен емес. Әнге клип түсіріп, эфирге шық­қан­нан кейін бір-ақ білдім. Жан-жақ­тан қоңыраулар түскен соң, интернет ар­қылы қарап шықтым. Әннің но­та­лары, мәтіні қатты бұрмаланған. Түп­нұсқада жоқ сөздер, француз тілінде қайырма қосылыпты. Ма­ғынасы мүлде өзгеріп кеткен. Бей­небаянның сюжеті де біздің бо­лмысымызға, ұлттық мен­тали­тетіміз­ге сай келмейді. Мұзбалақ ақын Мұқа­ғали Мақатаев орта­мыз­да жоқ, ал ком­позитор Төле­ген Мұхамед­жанов аға­мыздың қалай қабылдағанын білмей­мін. Өз басым қатты ұялдым.
– «Жалаң аяқ қызды» Айқын та­­­нымал етті дейтіндер де бар...
– Өзім де ««Жалаң аяқ қыз» 1989 жы­лы орындалғаннан кейін, көп тарал­ған жоқ» деген пікірдегі бір мақаланы оқыдым. Осы әнді ал­ғаш орындағанда 28 жаста екен­мін. Биыл 55-ке толамын. Әлі күнге Қы­тайға, Моңғолияға, тіпті ауыл­ға бар­сам да ел-жұрт «Жалаң аяқ қыз» келді» деп қарсы алады. Қа­зақ те­ле-радиосының «Алтын қо­рын­да» да сақ­таулы.
Өнер адамдары шығарма­шы­лық жо­лында жүздеген ән орын­дауы мүмкін. Бірақ бір әні оны ел­дің есінде қалды­рады. «Жалаң аяқ қыз» менің де атымды халықтың жүрегінен өшірмейтініне сенемін.
– 55 жылдығыңызды қалай атап өт­пек ниеттесіз?
– 1 қазанға жоспарлап отыр­ған Ал­ма­тыдағы концерттен бө­лек, еліміз­дің түк­пір-түкпірін ара­­­лап, ауылдарға кон­церт қой­ғым келеді. Ешқашан ақшаның соңы­на түсіп, билет бағасын асы­ра кө­терген емеспін. Әрдайым ха­лықтың жағ­дайына қарайлай­мын. Соңынан тың­дармандарым ақ батасын беріп, рақ­метін ай­та­ды. Ризашылығын біл­діріп, сүйіс­пеншілігiне бөлейді. Маған бұ­дан артық ештеңе керек емес!

Әңгімелескен Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста