Болашақ баспагерлер шетелде де шыңдала алады

Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәуелсіз Қазақ­станның кадрлер дайындай­тын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады.
Университетімізде болған ірі құрылым­дық өзгерістердің нәтижесінде кафедралар ірілендіріліп, білім мен ғылымды, иннова­ция­ны дамытуға нақты бағыт алды. Бұл бағыт­тар факультеттің, кафедраның және әрбір оқытушының индикативті жоспарын­да оқу жылының басынан бастап белгі­лен­ді. Индикативті жоспарға сәйкес қызмет атқарған оқытушылардың жыл соңындағы сандық көрсеткіштері де нәтижелі болмақ. Нақты нәтижеге бағытталған осындай ме­недж­мент жүйесін таңдаған оқу орнында шын мәнісіндегі жаңару, жандану құбылы­сы орын алған.
 Баспа ісі мамандығы – университетте 1998 жылдан бастап ашылып, еліміздің баспагер-редактор кадрлерін даярлауға елеулі үлесін қосып келе жатқан, өзіндік ерекшеліктері бар мамандықтардың бірі. Ол 1976 жылы құрылған  журналистік ше­бер­лік және әдеби редакциялау кафедрасы негізінде тұсауын кесті. Қазіргі кезде кафе­д­ра баспа ісі және дизайн кафедрасы деп аталады. Заман талабына сай, кітап редак­торы тек қана мәтінді редакциялаумен шектелмей, кітаптың немесе баспа өнімінің  техникалық және көркемдік безендірілу шеберлігін де үйренуге тиіс. Осы мақсатта кафедра 2011 жылы екінші дизайн ма­ман­дығын ашты. Ең бастысы – осы маман­дық­қа оқуға келетін жастардың редактор­лықтың, баспагерліктің, дизайнерліктің қыр-сырларын үйренуге деген құлшынысы­ның болуы аса маңызды болып табыла­ды.
2010 жылдан бастап кафедра респу­б­ли­калық дәрежеде «Болашақ баспагер-редактор» байқауын өткізуді дәстүрге айналдырды. Байқаудың мақсаты – мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың баспа ісі жөніндегі түсінік-танымын кеңей­ту, кітап дайындау, шығару, тарату кәсібіне баулу, баспа ісі және редакциялау, дизайн мамандықтарына қызығушылығын ояту. Бұл байқауды өткізудің нәтижесінде осы мамандыққа шын мәнінде қызығушылық білдірген жастар пайда болуда.
Биылғы оқу жылында кафедра өзінің жұмысын жастарды ғылыми-зерттеуге баулуға және баспагер-редактор әрі ди­зайн мамандығының қыр-сырларын үйретуге  бағытталған үйірмелерді ашумен бастады. Бұл үйірмелерді ашудағы мақсат – кафедраның әрбір студентін осы үйірме­лер­дің жұмысына тарту, бос уақыттарында да олардың өнер-білімге қызығушылығын арттыру.
Кафедраның үйірмелері болашақ бас­па­герлердің көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың өмірі мен шығармашылығын зерттеуіне үлкен мән береді. Мысалы, биыл кафедрамыздың негізін қалаған ғалым, ұстаз, профессор Т.С. Амандосовтың туғанына 90 жыл то­луы­­на орай студенттер арасында ғалымның өмірі мен еңбектері жөнінде ғылыми-зерттеу жұмысын жазу, жас ақындар ара­сын­да жыр мүшәйрасын өткізуден бастап жазған оқулықтарын, мақалаларын қайта жаңғыртып шығару жұмыстарына дейін қолға алынды.
Жыл сайын кафедра студенттері «Серік Әбдірайымұлы оқулары» атты апталықты да асыға күтеді. Серік Әбдірайымұлы – осы кафедраның студенттеріне бірнеше жыл бойы дәріс берген, елге танымал публицист, «Санат» баспасының негізін қалап, республикадағы кітап басу ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі баспагер, көрнекті журналист және қоғам қайраткері.
Белгілі ғалым, тарихшы Мәмбет Қой­гел­дімен студенттердің кездесу, сұхбаттасу кеші де  өте мазмұнды және әсерлі өтті. Ка­фед­ра сонымен бірге Қазақстандағы же­тек­ші баспалардың ұжымымен кездесіп отыруды дәстүрге айналдырған. Белгілі редакторлардың, баспагерлердің  арнайы келіп өткізетін шеберлік сыныптарын да студенттер жоғары бағалайды.
Жазу шеберлігін шыңдауға арналған арнаулы пәндер де жыл сайын оқу бағдар­ламасына енгізіледі. Мысалы, жазу машы­ғы, редакциялаудың логикалық негіздері атты практикалық сабақтар – болашақ бас­па­герлер үшін нағыз шеберлікті шыңдау мектебі.
Студенттердің шығармашылық жағы­нан шыңдалуына ықпал ету мақсатында кафедрада «Менің ертегім» атты жоба дүниеге келіп, студенттер өз шығармаларын өздері кітап етіп шығарып, оның суретін де өздері салып, жыл сайын өнімдерін уни­вер­ситетте өтетін кітап көрмелеріне қойып жүр. Биылғы оқу жылында орыс бөліміне түскен студенттер де «Менің ертегім» жо­ба­сын орыс тілінде жазып дайындады.
Сонымен қатар студенттердің жыл сайын өткізілетін ғылыми-зерттеу конфе­рен­цияларында да кафедра студенттері Қазақстандағы кітап ісінің өзекті мәселелері туралы, шетелдік  жазушылардың кітаптары бо­йын­ша өз ойларын ортаға салып, талқы­лайды.
Мемлекетіміздің басшысы ұлттық уни­верситеттердің алдына аса ауқымды мін­дет­тер қойып отыр. Осы тұрғыда универси­тетіміздің негізгі үш даму бағыттары ре­­тін­де: басқару жүйесі, білім беру үдерісі және заманауи талаптарға сай ғылым жүйесі  анықталды.  Зерттеу университеті  қазіргі қоғамның жаңаша білім алған мамандарға сұранысын қанағаттандыруға, ғылыми жетістіктерді экономиканың нақты бағыттарында жүзеге асыруға және еліміз­дің адамзаттық құндылықтарын қалып­тастыруға қызмет етуі тиіс. Ғылым мен бі­лім­ді және инновацияны шоғырландыру негізінде алдымызға қойылып отырған ең басты міндет – университет түлектерінің дүниежүзінің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы.
Жастардың мұндай сұранысқа ие бо­луы үшін қазір университетімізде шетел­дердің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен халықаралық қатынастар жүзеге асырылу­да. Соның бір жарқын көрінісі – баспа ісі мамандығы бойынша оқитын студенттер шетелдік баспагерлермен онлайн жүйесі арқылы сұхбаттасты. Онлайн конференция ағылшын және қазақ тілідерінде жүргізілді. Американың Флорида штатында тұратын баспагер әрі белгілі ғалымдар Джейн Вуд пен Фрэнсис Кейсер студенттердің сұрақта­рына аса үлкен ыждағаттылықпен жауап берді. Америкалық жастардың қандай кітаптарды көбірек оқитындығы, ондағы кітаптың бағасы мен таратылу жүйесі тура­лы сұрақтарға біздің студенттер толыққан­ды жауаптар алып, бұл кездесуден үлкен әсер алды. Америкалық баспагерлердің айтуы бойынша, қазір Американың білім беру жүйесі электронды кітаптарды пай­далануға көшуде. Осындай шаралар сту­дент­тердің өз алдына нақты мақсат қоя білуіне,  қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуіне ықпал етеді.
Ұлы ақын Абай Құнанбаев та өзінің отыз екінші қарасөзінде: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Ша­ла мейір шала байқайды. Екінші –  ғы­лым­ды үйренгенде, ақиқат мақсатпен біл­мек үшін үйренбек керек» деп, білім-ғы­лым­­ды үйренуге адам баласы адал ние­­ті­мен кірісуі қажеттігін айтады.
Жаңадан қабылданған «Ғылым туралы» Заңда да ұлы ақын айтқандай, білім мен ғылымға шын көңілмен мақсат қойып, содан  дұрыс нәтиже шығару үшін еңбекте­ну қажеттігі айтылады.
Баспагер-редактор мамандығы,  ең ал­ды­мен, тіл сауаттылығын, жан-жақты білім­­­дарлықты қалайды. Шетел  баспагер­лерімен өткен кездесуде бір студентіміз: «Америкадағы сіздің баспаңыздан тәжіри­беден өтуге бола ма?» деп сұрақ қойды. Иә, студенттер­дің тарапынан мұндай ұмты­лыс болса, өте қуанарлық жағдай. Өйткені бүгінгі күннің талабы да сол: жастар білім мен ғылыммен шұғылдануға бейім болса, ұлы Абай баба­мыз айтқандай, ғылымға «шын мейірлен­се», сонда ғана еліміз дү­ние­жүзінің  алдың­ғы қатарлы мемлекет­терінің қатарына қо­сы­лады.

Б.ӘСЕМБАЕВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспа ісі және дизайн кафедрасы меңгерушісінің  орынбасары

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста