«Бойы қысқа»: Томирис рөлін сомдаған актриса күйеуінің бойынан ыңғайсызданатынын айтты
«Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Әлмира Тұрсын күйеуінің бойы кіші екенін айтты. Одан ыңғайсызданған актриса біз өкшелі туфлиден де бас тартыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Қыз күнімде өзімнен бойы кішкентай жігіттерге қарамайтынмын. Тіпті ондайға тұрмысқа шығу ойымда болмаған. Онымен алғаш кездескенде де ойымда ештеңе жоқ еді. Менің бойым – 175, ол –170 см. Біз өкшелі туфли кисем, одан ұзын болып кетемін. Маған ыңғайсыз. Сол үшін биік туфли кимейтін болдым. Бірақ бір күні ол маған әдемі биік өкшелі туфли сыйлай бастады. Биік өкше киген күні онымен вальс билегім келмейтін», – дейді Әлмира Тұрсын.
Бірақ күйеуі бойының әйелінен аласа болғаны үшін ыңғайсызданбайтынын айтқан. Содан бері Әлмира да туған күн кештеріне барғанда күйеуімен вальс билеуге ұялмайтын болыпты.