Бізде неге балаларға арналған тәрбиелік сайттар жоқ?

Бізде неге балаларға арналған тәрбиелік сайттар жоқ?

...Осыдан он жыл бұрын қазақ даласындағы кез келген мегаполисте тұратын әлдебір танысыңды кез келген сәтте іздеп табу қиямет-қайым болатын. Дәл сол кездері енді бір бес-он жылда іздегеніңді ұялы телефон арқылы қапысыз тауып, интернет арқылы қиналмай сөйлесе береміз деп ойладық па? Жоқ!
Электронды байланыс құралдары мен ұялы байланыс Ыбырай атамыз жырлаған «айшылық алыс жерлерден айтқызбай хабар алдырған» кереметіңіз, міне – осы! Қалтафоннан таппаған танысыңыз, майл.рудың агентінде отырады немесе интернет иірімінің бір түкпірінде ол туралы нақты ақпарат кездестіре аласыз. Қош делік. Енді алдағы бес-он жылда виртуал-интернет әлемінде қазір біз ойлап, қиялдай ал­май­тын керемет жаңалықтар болып жатпасына кім кепіл? Ал біз – таңнан кешке дейін Ре­сей­дің www.mail.ru әлеуметтік пошта желісі ұсын­ған тегін тілдескіші арқылы, ұялы те­ле­фон арқылы жұмысыңды да, бизнесіңді де шешуге дағдылана бастаған қазақ  келер онжылдықтағы өзгерістерге әзірміз бе?
Мәселен, қазір балабақшалар мен бастауыш сыныпта оқитын балдырғанда­ры­мыз ертең есейе келе, бүгінгі кітап оқы­майтын ұрпақтың анық ізбасары болары сөзсіз. Қазір кез келген мектеп оқушысы таңнан кешке дейін әлгі атышулы агентте отырады! Ертең «агентщик» балалардың жеке-жеке блогы, сайты болары анық…
Осы жайттарды салмақтап қарап отыр­сақ, Қазақстанда балаларға арналған ар­найы сайт жоқтығы туралы мәселе көл­де­нең шыға келеді. Неге бүкіл дүниежүзі ал­ты жас пен он екі жас аралығындағы ба­ла-шағасын тәрбиелеу үшін ашып қойған сайт­тар бізде жоқ?! Әлде электронды тәр­бие құралдары, насихат, ақпарат қазаққа жат па? Интернеттің іздеу қызметі арқылы «қа­зақ тілінде балаларға арналған сайт» деп іздестіріп көрсеңіз, ештеңе таппайсыз. Ал орыс тілінде жазып, іздеп көріңіз. «Дети сети.ру», «Мурзилка.ру», «Теремок.ру» деп басталып, жиырма шақты сайт айқара ашылады. Ішіне бас сұқсаңыз, кірсе шық­қысыз. Көршілеріміз бала тәрбиесін бас­қадан артық игерген. Ал ағылшын, неміс, қытай тіліндегі балаларға арналған сайттар тіпті біздің ел болып жабыла жасаған керемет сайттарымызды он орап алады!
«Баланы – жастан…» деп, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп мақалдауға әуес бола тұрып, неге балаларға арналған бір сайтымыз жоқ?! Тәрбиенің жаңаша үр­дістері классикалық кітап арқылы, ба­ла­бақша арқылы тәрбиелеуден басып озып бара жатқанда, біз неге сол жа­ңа­лық­тарды игеруге талпынбаймыз?! Қазір мек­теп қабырғасында оқып жүрген балалардың барлығы дерлік ұялы те­ле­фон­дағы «агент» арқылы әңгіме-дүкен құрып, уақыт өлтіретінін жоғарыда айттық. Бала түгіл бойжеткендер мен бозбалалар, ересектер де осы тегін тілдескіштің тетігін еркін игер­ген қазір. Пайдасы да бар, ал зия­ны шаш-етектен! Бұл туралы, әрине, әңгіме бөлек. Оның үстіне, интернеттің әлеу­меттік-психологиялық зияны мен ден­саулыққа, ойлау жүйесіне тигізетін кері әсері туралы қазақ тілінде ақпарат та тапшы. Ал жазу мен әңгімелесуді агент ар­қы­лы үйренген бала күні ертең кім болып шы­ғады? Өзге елдің өнегелі, өрелі дү­ние­ге және біздің танымға жат дүниеге ба­ла жастан бой алдырған балдырғанды буы­ны қатқан соң үйіріне қайта қоса ал­масымыз анық…
Қамбар АХМЕТОВ, «БАҚ.КЗ» ақпараттық порталының бас редакторы:
– Қазіргі балалардың барлығы дер­­лік интернетте отырады. Қыз­меттегі үл­кен­дердің дені интер­нет­ті пай­да­ланады. Компьютер­лендіру күн санап дамып барады. Келер жылдары кеңжолақты интернет ауылдық жер­лер­ді қамтымақ деп жоспарлануда. Қала ба­ласы интернеттің иіріміне түсіп кет­кен, енді ауыл баласы осыған да­йын­да­лып отыр. Үкімет тарапынан қолға алып, бақылау жасамаса, жас ұрпаққа тәр­бие ісін беруде орны тол­мас олқы­лық­тар кетіп қалуы әбден мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста