...Өткенде жаңа жобаға «Үш арыс» деп айқайлатып ат қойып, өзімізше жалымызды күдірейтiп барғанымызда қазақшасы хал сұрасуға жарамайтын бір басшысымақ «Что за «Үш орыс»?» деп шалқамыздан түсіріп еді.
«Арыс» пен «орысты» ажырата алмайтындар әр жерде отыр ғой. Оған бойымыз үйренген. Ал көзі ашық, қазақ тілінің қадірін түсінеді деген журналистерге не жорық? «Астана» арнасындағы «Бірегей» бағдарламасын алғаш көре бастағанда атына заты сай деп ойлағаным рас. Тұңғышбай ағамызды, шынымен де, сахна әлеміндегі бірегей тұлға деп есептеймін өз басым. Одан кейін Айқын шыққанда қателескен болар деп ойладым. Енді Ерболат Құдайбергеновке кезек келіпті. Айналайындар-ау, бұлар қайдан бірегей бола қалды? Ең болмағанда «бірегей» деп кімді айтатынын біліп алсаңдаршы. Бірегей – өз саласындағы жалғыз, қайталанбас тұлға! Орысшасы – Уникальный! Жаңағы екі жас баланың қай жері қайталанбас, дарабоз екен? Қазақтың әдемі сөзін қорламаңыздар, «астаналық» әріптестер! Өткенде осында бір бауырымыз «Бірегей» емес, «Шүрегей» болсын деп ұсыныс жасап еді. Бәлкім, кейінгі кейіпкерлерге арнап, шынымен де, «Шүрегей» бағдарламасын ашарсыздар...
Арман Сқабылұлы
(Фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды)
"Бірегей" деген кім?
Последние статьи автора