Бір тудың астында

Бір тудың астында

Бүгін – Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні. Осыған байланысты кеше Алматыдағы Энергетикалық және электронды құрылғылар құрастыру колледжінде Мемлекеттік Тудың авторы, атақты суретші әрі көркемдеуші, белгілі өнер қайраткері Шәкен Ниязбековпен кездесу өтті.
1992 жылы елімізде тұңғыш рет жаңа Тәуелсіз мемлекеттің рәміздері бекітілді. Қазақ тарихында алтын әріптермен жазылуға тиіс осы күннің маңызы жайлы және Тудың туу тарихы туралы кездесу барысында кеңінен әңгіме қозғаған Шәкен Ниязбеков: «Тудың түсін аспанмен астастырып көгілдір етіп алдым. Оған Жер шарына нұрын төгетін Күн мен қалықтаған қыранды бейнеледім. Қыран құс еркін­дік пен Тәуелсіздіктің нышаны болса, шаңырақ – 120 ұлт өкілдеріне ортақ үйдің белгісі. Ұлттық ерекшелігімізді ою-өрнектер арқылы білдіргім келді», – деді.
Ұлттық рәміздеріміздің тағы бірі  – Елтаңбамыз Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов сынды белгілі сәулетші­ле­ріміздің шығармашылық ізденістері мен ерен еңбектерінің нәтижесі екені естеріңізде болар. Елтаңбадағы да негізгі идеяның жүгін шаңырақтың көтеріп тұрғаны, рәміздердің арасындағы үндес­тікті көрсетеді.
Алғаш қабылданғалы бергі уақытта ұлттық рәміздеріміздің ішінде өзгеріске түскені – еліміздің Әнұраны. 2005 жылы жаңадан қабылданған «Менің Қазақ­станым» жұртшылық жүрегіне жол тапты.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста