«Бір өкініш, бір үміт» түрік тіліне аударылды

 Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Анкара қаласында орналасқан Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде қазақтың көрнекті қаламгері Бексұлтан Нұржекеұлының түрік тілінде жарық көрген «Бір өкініш, бір үміт» атты романының тұсауы кесілді.

Талай қазақты тамсандырған, түрік оқырмандарға жол тартқан атақты роман Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшілігінің қолдауымен Еуразия Жазушылар одағына қарасты «Бенгу» баспасынан басылып шықты. Кітапты аударған Эльмира Қалжанова, баспаға дайындап ұсынған Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Мәлік Отарбаев.
Аталмыш жиынға Түркияның зиялы қауымы, түркітілдес елдердің елшіліктері мен дипломатиялық өкілдіктері, Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ, Еуразия Жазушылар одағы, Әлем жазушылары мен зиялылар қауымдастығы сынды республикалық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, ақын-жазушылар мен журналистер қатысты.
Тұсаукесер жиналысын ашқан Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев мәдениет және өнер саласы бойынша екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастың дамып отырғанын атап өтіп, соның ішінде әдебиеттің танымдық үлесінің орасан зор екендігін айтты.


– Мәдениет пен өнердің түп негізі әдебиет екені белгілі. Халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, сана-сезімін жеткізетін де әдебиет. Сондықтан мәдениет дипломатиясының ең маңызды құралы ретінде әдебиет саласына мән беріп отырмыз. Былтыр І.Есенберлин, Т.Медетбек, С.Елубай, М.Байғұт сынды қазақтың белгілі қаламгерлерінің кітаптарын түрік оқырмандарына тарту еттік. Міне, биылғы жылы түркі жұртына қадірлі жазушымыз Бексұлтан Нұржекеұлының кітабын шығарып, қазақтың өмірін, салтын, сана-сезімін басқа бір қырынан таныстырып отырмыз. Қызметтер өзгереді, ал әдебиет мен мәдениет мәңгі-бақи қалады. Сондықтан түрік тілінде тұсауы кесіліп отырған кітаптың оқырманы көбейсін деп тілейміз, – деді Елші.
Айтулы шарада сөз сөйлеген Еуразия Жазушылар одағының төрағасы, «Бенгу» баспасының директоры Якуб Омароғлы:
– Бексұлтан Нұржекеұлының романы – бірінші сөйлемінен-ақ жан-дүниеңді баурап алатын биік шығарма. Бұл шығарманы оқып, кейде кейіпкерге ренжитіндей боласың, кейде іштей қолдап отырасың. Кей жерде шегің қатып күлесің, кей тұстарда еріксіз жылайсың. Бастысы бұл – тұп-тұнық дүние екен. Жазушы махаббатты көркем сөзбен жырлайды. Қазақ махаббатының үлгісін паш етеді. Міне, сонысымен бұл шығарма түрік оқырманы үшін құнды, – деді.
Қазақ әдебиетін зерттеп жүрген бірден-бір ғалымдардың бірі филология ғылымдарының докторы, Гази университетінің оқытушысы Жәмиля Кынаджы «Бір өкініш, бір үміт» атты романға шолу жасап:
– Бексұлтан Нұржекеұлының туындысында орын алған әйел кейіпкерлері – тағдырдың не бір қиын кезеңді бастан кешіп, ештемеге қарамастан мөлдір махаббатқа ғашық болған кіршіксіз таза көңіл иелері. Осы себептен түрік оқырманы тұсауы кесілген романның арқасында қазақ әйелінің табиғатымен етене жақын танысатын болады. Табиғатымен қоса, еркіндікті, егемендікті аңсауды, әйелдің жан-дүниесі мен сырлы сезімі көз алдында көрініс табады. Сөзсіз, романда қазақтың тұрмыс-жағдайы шебер суреттелген. Үйде ұстанатын салт-дәстүр, отбасылық-туыстық қарым-қатынастар, қазақтың қонақжайлығы сынды оқырманды қызықтыратын тақырыптар рет-ретімен, жүйелі түрде көтерілген. Әсіресе, адамдар арасындағы дәстүрлі байланыстар, яғни ене мен келін, ата мен немере арасындағы қарым-қатынастар түрік халқының назарын аудартатынына сенімім мол. Сондай-ақ, екі бауырлас елдің бір-біріне ұқсас тұрмыс-тіршілігін де бұл шығармада көруге болады. Автор қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін де паш етеді. Әрине, жазушының өз басынан кешкен өмірлік оқиғасы екенін аңғару қиын емес. Сондықтан бұл шығарма кез келген оқырманды баурап алады, – дей келе, осындай құнды дүниелердің Түркияда насихатталуына үлес қосып, қолдау көрсеткен Елші Ж.Түймебаевқа алғысын білдірді.
Ал түрік қаламгері Осман Баш ақын Мағжан Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» атты өлеңін оқып, Б.Нұржекеұлының кітабына сәт сапар тіледі. Жиын соңында жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқаны үшін «Қазақстан-Түркия Достығы» медалімен марапатталды. Жиынды Мәлік Отарбаев жүргізді.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста