Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай қазақ ғалымдары ұлттық тарих пен салт-санамызға жаңаша көзқарас қалыптастыратын көптеген еңбектер жазуда. Таяуда белгілі үш ғалымның авторлығымен «Қазақ ұлтынан – қазақ еліне» атты жаңа кітап жарық көрді. Үш бөлімнен тұратын жинақтың мазмұны терең, айтары мол. Кітапты құрастырушылар елдігімізді әйгілеп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізетін бұл ғылыми тұжырымдамаларға толы еңбектердің алдағы уақыттарда заңды жалғасы табылатындығын айтады.
Кітаптың бірінші бөлімінде Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Ғарифолла Есімнің, екінші бөлімінде философия ғылымының докторы, профессор Ақтолқын Құлсариеваның, ал үшінші бөлімінде ғалым Гүлмира Сұлтанбаеваның «Қазақ елі» тақырыбына арналған ғылыми мақалалары топтастырылған. Оқырман қауым аталған жинақтан Ғарифолла Есімнің «Елдік сана философиясы», «Этнос мәдениеті – елдік мәйегі», «Астана – жаңаша ойлау символы», «Акме – қоғам болмысы», «Астана – акме-қоғам символы», «Бесінші жол» – елдік рух философиясы», «Қазақ елі және 2030 стратегиясы», «Тұлға философиясы»; Ақтолқын Құлсариеваның «Тәуелсіз Қазақстан идеясы – жерұйық Қазақстан», «Қазақ мәдениетіндегі еңбек құндылығы», «Қазіргінің білім қаласы»; Гүлмира Сұлтанбаеваның «Қазақ ұлтынан Қазақ еліне: қазақ баспасөзі – рухани мәселелер үндесетін алаң», «Қазақ баспасөзі және Қазақ елі – қоғамдық сана ұйытар кеңістікте», «Қазақ қоғамы және қазақ елі мәселелері: ұлттық баспасөзге факторлық талдау» атты дүниелерін оқи алады. Бұл ғылыми-танымдық топтама алдағы уақыттарда республика кітапханалары мен жоғары оқу орындарына таратылады.
Бір кітаптағы үш ғалымның еңбегі
Последние статьи автора