Бильярдтан Мұрат Шаймаран атындағы республикалық турнир өтті
Спорттағы ең бекзат өнердің бірі – бильярдтан белгілі ақын Мұрат Шаймаран атындағы республикалық турнир өтті. Турнирде ақынның қаламдас достары, алдыңғы буын ағалары мен сөз өнерінде Шаймаранұлының жырын жаттап өскен ақын, жырсүйер інілері бас қосты.
Шараға ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жәркен Бөдешұлы, ақын, «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры Жанарбек Әшімжан, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Беделхан, ақын Адалбек Ахмади, айтыскер ақын Әбдіғани Бәзілхан сынды өнердегі ағалары мен достары қатысты. Ырысбек Дәбей, Ерғали Бақаш, Қанат Әбілқайыр, Бейбіт Сарыбай, Талапбек Тынысбекұлы, Бағашар Тұрсынбайұлы, Жақсылық Қазымұратұлы, Мейіржан Әуелханұлы сынды жастар кеш көркін асырды.
21 желтоқсан күні Алматы қаласында өткен басқосу финалына шыққан екі қарсылас Бақыт Беделхан мен Шаймаранұлының інісі Оразбек Базарбайұлы болды. Бас жүлдені өлеңсүйер О.Базарбайұлы жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Мұрат Шаймаранұлы 45 жасқа толды. Атаулы шара ақынның осы белесіне арналып отыр.
Мейіржан Әуелхан
“Қамшы” сілтейді