- Жалпы Мұхамеджанға баға бермейміз. Бағасын алып қойды ғой халықтың алдында. Үлкен ғалымдар, академиктер өз бағасын беріп қойды. Айтысқа үлкен жаңалық болып келіп, айтысты жаңа арнаға бұрып келгенін.
Реформатор болып келді Мұхамеджан. Бізден бір, екі курс жоғары оқыды. Студенттік күнімізден дос боп арласамыз. Ағалы, інілік, достық қарым-қатынастамыз.
Бірақ, ешқашан маған Мұхамеджан діни уағыз айтып, Мына топқа кір, былай жүр деп айтқан емес. Мұхаңдар мейлінше мемлекетшіл болуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға, сосын қазақтың ақыны болғаннан кейін сахнада елге керекті сөз айтуымызға, айтыстардың алдында келіп әңгіме-дүкен құрып кетеді.
Мен Мұхамеджанды діни уағызшы деп қабылдамаймын. Өйткені, оның діни білімі жоқ. Ол филологияны бітірген, телевидениенің мықты маманы шығар. Арнаны құрды, қолымен жасады. "Асыл арнадағы" еңбегін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, осыны тыңдайық деп пәтуа қылатын адам емес.
Мен сұрасам Мұхамеджаннан емес имамдардан сұраймын. Себебі, білімді адамдардан сұрау керек. Мұхамеджан біз сияқты ақын ғой - деді айтыскер.