Бекзат өнер мерекесінде ұлттық операға орын жоқ па?

Бекзат өнер мерекесінде ұлттық операға орын жоқ па?

 Алматыда екінші маусымнан бері опера және балет өнерінің халықаралық фестивалі өтуде. Осы аптаның аяғына дейін созылатын классикалық өнер мерекесінің Қазақстанда өтуінің өзі опера, балет сынды бекзат өнердің бізде де дамып, өз деңгейінде қалыптаса бастағанын айқын аңғартады. 75 жылдан астам тарихы бар Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтіп жатқан фестивальға қазақстандық опера жұлдыздарымен қатар, Италия, Германия, Ресей, Украина әртістері арнайы шақырылған.

Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры бұл үлкен мәдени шараны еліміздің Мәдениет министрлігінің қолдауымен және JTI Kazakhstan компаниясынң қаржылай демеушілігінің арқасында ұйымдастырып отыр. Ал шеттен келген «жұлдызды қонақтар» осы өнер мерекесінде сахналанатын шығармалардың негізгі орындаушысы болмақ. Осымен XV рет өткізіліп отырған халық- аралық фестиваль қалың жұртшылықтың назарын өздеріне аударған әрі ұлттық опера-балет өнерінің өсуіне үлесін қосып жүрген әлемдік опера мен балеттің жарық жұлдыздарын ұсынуда.

Классикалық музыканың, ырғақтарға ғана құралған заманауи музыкаға қарағанда, өмірі ұзағырақ болатынын ескерсек, ол ешқашан тыңдармандарын жоғалтпайды деп сенуге болады. Осыдан-ақ «жақсы музыка жан сергітеді» деген сөздің тегін айтылмайтындығына көз жеткізу қиын емес. Медициналық психологияда көптеген ауытқуларды емдеу үшін классикалық музыка терапиясын қолданылатыны белгілі. Сондықтан да бүгінгі қоғамның талғамы өткен дүниелерге қайта орала бастауы тегін емес. Айталық, театр өнерінің еуропалық қауымдастығының мәліметі бойынша, еуропалықтардың 50 пайыздан астамы опера және балет өнерін құрметтейді әрі белсенді тұтынушы болып табылады. Есімдері әйгілі Карузо, Паваротти, Доминго сынды дарындар негізінен Италиядан шыққан. Дамушы елдерде жоғары өнерді бағалаушылар саны едәуір азырақ. Тіпті әлемдік опера және балет театрына айтарлықтай үлес қосқан Ресейдің өзінде белсенді әуесқойлар саны 20 пайыздан аспайды.

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көшіріп әкелінген театрлардың арқасында біздегі опера және балет өнері дами бастады. Соңғы 50 жыл ішінде Қазақстанның классикалық балеті және операсы әлемге танымал әртістердің біразын тәрбиелеп шығарды. Театр өнерінің еуропалық қауымдастығының мәліметі бойынша, экономикалық өрлеудің негізі болып табылатын өнерді құрметтеушілер саны ТМД елдерінде 10 пайыздан аспайды. Көптеген елдерде опера және балеттің даму хронографы экономикалық факторларға байланысты. Мысалы, Америкада классикалық өнерге жаппай қызығушылық ұлы тоқыраудан соң бірден басталды. Ұлы Отан соғысы жылдары жойылып кеткен әйгілі Вена және Берлин опералары өте қысқа мерзімде қалпына келтіру мақсатындағы алғашқы бағыттардың бірі болды. 1980 жылдары, жаңа технологиялардың өрлеуінің алдында, инновацияның әлемдік көшбасшысы Жапонияда опера және балеттің дамуы еуропалық деңгейге дейін жетті, ол үшін тіпті ірі театрлардан басқа, елдегі көптеген микротеатрлар мен балет студияларын дамыта отырып, жергілікті би өнеріне деген қызығушылықты төмендетуге тура келді. Сингапур өзі туралы классикалық симфония, балет, операдан бастап джаз, рок концерт және бродвей мюзикліне дейін әркім өзінің жанына жақын нәрсені таба алатын жаңа театр мәдениетінің елі деп айту үшін аз күш жұмсамады. Театр өнерінің түпнегізінде 1000 жылдан бері опера жатқан Қытай бүгінде бұл бірегей өнер түрінің жаңа ғаламдық дамуын бастады. Қазірдің өзінде Қытайдың әрбір ауданында алып мемлекеттің бас сахнасы – Пекин операсының мәнін ашып көрсететін музыкалық театрлар жұмыс істейді. Қазақстан да бұл бекзат өнерден тыс қалып отырған жоқ. Бізде ұлттық опера-балеттің өз мектебі қалыптасты. Тек оны өзгелердің алдында лайықты деңгейде таныстыра алмай келеміз.

Қуаныш ОРАЗҒАЛИЕВ, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры:
– Жалпы, жоғары өнердің дамуы мен танымал болуы әлемнің барлық табысты елдерінің зияткерлік әлеуеті мен экономикалық прогресінің негізінде жатыр. Осы орайда Қазақстандағы опера мен балет өнерінің дамуын еліміздің экономикалық әл-ауқатының артып келе жатқанымен байланыстыруға болады. Қазір бізге мемлекеттік көмекпен қоса мықты демеушілер қолдау көрсете бастады. Сөзімнің дәлелі ретінде беделді JTI компаниясының өзінің әлемдік классикалық мәдениетті дамыту және тарату, сондай-ақ жергілікті әртістердің орындау шеберлігін көтеру миссиясы аясында осы фестивальға демеуші болып отырғандығын атап өтсек те жеткілікті. JTI компанясы – Париждегі «Лувр», Мадридтегі «Прадо» мұражайларының, Мәскеудегі Үлкен Театрдың, Санкт-Петербордағы Мариинский театрының және Валерий Гергиев оркестрінің ресми демеушісі.
Біздің театр қазірдің өзінде өз репертуарындағы ұлттық туындылардың үлес салмағының артуына күш салуда. Сонымен қатар қазақ операсының озық үлгілерін шетелдерде кеңінен насихаттауды қолға алмақпыз. Алдағы уақытта «Абай» операсын Түркияда қоямыз деп жоспарлап отырмыз
.

Юрий АРАВИН, музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Опера-балет өнері өзінің әсемдік қуатымен баурап алады. Сол себепті қимыл үндестігі, дауыс симфониясы мен аспаптарды басқаратын опера-балет дирижерлерінің жұмысы едәуір күрделі болады. Дирижер оркестрді басқарып қана қоймай, артисті сүйемелдеп отырады. Мұнда да спорттағыдай, команда болып, жеңіске жеткізер үйлесім табу әрқашан күрделі болады. Қазіргі таңда опера және балетті телевизия, интернет, тіпті ұялы телефон арқылы да көруге болады, алайда «жанды орындау» әсер ету құдіретіне ие.
Қазақстанға осы фестивальдағыдай деңгейдегі опера-балет жұлдыздары келгенде, еліміз үшін үш мәселені шешуге болады. Біріншіден, бұл – жергілікті әртістер үшін үлкен мастер-класс, екіншіден, бұл – толық көрермен залы мен олардың сахналық қарым-қатынасы. Өйткені сахна – әртіс үшін білімі дағдыға айналып, үлкен шебер, жұлдыз болатын бірден-бір мектеп. Үшіншіден, осындай халықаралық фестивальдар арқылы өзгелер бізде үлкен потенциалды әрі бағалауға тұрарлық биік өнердің бар екеніне тағы бір мәрте көз жеткізе алады.

P.S.
Өкінішке қарай, біз опера және балет өнерінің халықаралық фестивалінің репертуарынан ұлттық қойылымдарды көре алмадық. Әлем көз тігіп отырған осынау үлкен өнер тойында әр елден келген майталман өнерпаздардың алдында «Абай», «Біржан сал» сынды операларымызды сахна төрінен паш ететін мүмкіндікті жіберіп алғанымыз қалай? Театр басшылығы «біз шетелдіктердің алдында қазақ операсын қойсақ, ешкім түсінбейді, оның үстіне сырттан арнайы шақырылған әйгілі опера әншілері ұлттық шығармаларымызды орындай алмайды» деген уәж айтуда. Бірақ біздің көрермен, орысша операларды есептемегенде, тілін түсінбесе де, француз, итальян, ағылшын тіліндегі қойылымдарды тыңдап жүр емес пе? Бұл жерде «өнердің тілі» басты рөл ойнаса керек. Ал енді фестивальдың репертуарына көз жүгіртіп көрелік:
2 маусымда – П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті;
Кеше П.Чайковскийдің «Пиковая дама» операсы болды.
Бүгін кешке – А.Аданның «Жизель» балеті;
Ертең – Дж. Пуччинидің «Богема» операсы;
Жексенбі күні «Гала-концерт» өтеді.
Осылайша, Еуропаға тән өнерді дәріптеген халықаралық фестиваль сахнасынан қазақ операсына орын тие қоймады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста