«Бауыржантанудың» бастамасы

«Бауыржантанудың» бастамасы

Биыл еліміздің әр өңірінде ұлтымыздың қаһарман ұлы, батыр Бауыржан Момышұлының 100 жылдығын атап өтуге байланысты түрлі танымдық мәдени шаралар ұйымдастырылып келеді. Батыр рухына арналған осынау шаралардың заңды жалғасы бүгін таңертеңгі сағат 10.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде өтпек.

Еліміздің Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Ел-шежіре» қоғамдық қо­ры мен Жазушылар одағы бірлесіп ұйым­дастырып отырған бұл шара «Ұлтын сүйген – ұлы адам» деп аталатын ғылыми-практикалық конференция түрінде өт­кізілмек. Аталған конференцияның мақ­саты – түркі халықтарының әскери әде­биетінің негізін салушы, ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының шығар­ма­шылығына тың көзқарас қалыптастыру, «бауыр­жантану» ілімін жандандырып, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, ал­дағы атқарылар ғылыми ісшаралардың барысын бағдарлау, батырдың өмірдегі тағылымды жолын кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету және осы бағыттағы өзекті мәселелерді кең көлемде талқылау. Сон­дай-ақ конференция тақырыбының өзе­гінде ғылыми тұжырым жасап, қоғам­дық көзқарастың іргетасын қалау да бар. Бауыржан Момышұлы мұрасына ден қойған жиынға елімізге белгілі ғалымдар мен зия­лы қауым өкілдері қатысады деп күтілу­де. Конференция материалда­ры алдағы уақытта баспасөз беттерінде жарияланып, кейін арнайы жинаққа топ­тастырылмақ.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста